Білім - мәдениет қуралы Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, оқу және жазу дағдыларымен қатар, балалар басым мәдениеттің ықпалымен сол көзқарасқа негізделген тарихты және мәдениетті оқиды (Spring, 2004). Мысалы, АҚШ тарихында «Үнді соғысы» сипатталады, бірақ байырғы америкалықтардың соғыстары жайлы аз айтылады. Сол сияқты XIX ғасырдың аяғында АҚШ-та қытайларға қарсы зорлық көрсетілгені және II Дүниежүзілік соғыс кезінде америкалықтардың жапондықтарды лагерьге айдағаны туралы еш жерде жазылмайды. Тіпті өнер мен музыка сабақтарында Латын Америкасы мен Азия мәдениеті еленбейді және афроамерикалықтардың мәдениетті дамыту үшін қосқан үлесі туралы айтылмайды. Білім - адам ны ңм әртебесін айқы ндауш ы Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі - адамдардың габысты болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілетінің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі - қай оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері біліктілікті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз баржоғын сұрайды (Sacks, 2007). (Егер кедей отбасыдан шығып, кедейлерге арналған жоғарғы мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай бағалау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver, 2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің отбасылық оргаша табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» студенттерден сақтану үшін қажет. Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, білім туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нэсілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байланысты дискриминациядан қорғай алмайды (Brown, 2001). Нәсілге негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолданылса, әлеуметтануда куәліктерге байланысты теріс түсінікті айқындау үшін «креденциализм» термині қолданылады. Креденциализм - айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.