Білім және әлеуметтік теңсіздік Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Жаһандық перспективадағы білім беру.
Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері.
Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар.
Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.
Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары. Білім беру мен білімді дәріптеу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс институттардың бірі. АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім саласына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар. Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер - барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады. Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Қүрылымдық-функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға екі түрлі жауап ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория: білім функциялары Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байланысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған. Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету. О қы ту ж әне білім беру Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптастыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіздік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр үрпақтың өкілдері қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне кепіл болады. Әлеуметтену Мектеп жастарды заман ағымына лайықты әлеумеггендіру арқылы қоғамның мейлінше қалыпгы қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар тәртіпке, тіл алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше мән береді. Сонымен қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай ойлауға, дәстүрді қүрметтеуге және ережелерді үстануға үйретеді. АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып, жазуды үйренеміз. «Азаматтық адалдық антын» жаттаймыз және мектептік кеңес дұрыс деп тапқан АҚШ тарихын оқимыз. Елдің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтан шыққан оқушылар жалпыға бірдей оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Соның арқасында ортақ мәдени негіз қалыптасады. Іріктеу Мектепті бағбанға балауға болады. Оның арам шөптерді жұлып, тазалап, жақсы өнім алуға тырысатыны сияқты қай оқушының озат оқитынын, қайсысы кенже қалатынын анықтап отырады. Бағалар мен тестілеу нәтижелері мектептен тыс немесе түрлі оқу бағдарламаларына қатысты қабілет деңгейін көрсетеді. Ең дұрысы, мектеп жүйесі әр оқушының айрықша қабілетін ашуы керек. Өзгерістерге ы қп ал ету Мектеп өзгерістер агенті ретінде де қызмег етеді. Біз мектепті аяқтағанмен, білім алуды гоқтатпаймыз. Алайда жаңа білім мен технологиялар ересектерге қарағанда, мектеп оқушыларына бағытталады. Сонымен қатар сыни және аналитикалық ойлауды дамыту арқылы мектеп өзгерістерге себепші болады. Колледждер мен университеттерден де жаңа білім алынады деп күтіледі. Конфликт теориясы: білім және теңсіздіктің таралуы Конфликтология теорияшылары құрылымдық-функцоналистердің білім саласы мәдениетті қалыптастырады, студенттерді сұрыптайды және жастарды әлеуметтендіреді деген пікірімен келіседі, бірақ бұл функцияларды жан-жақгы қарастырады. Конфликтология теорияшылары мектептің қалыптасқан жағдайды нығайтып, теңсіздікті сақтап қалатынына мән береді.
Білім - капитализм қуралы Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша мемлекеттік мектептердің негізгі көздегені - басқарушы таптың пайдасы. Бұл теорияшылар мектепте оқытылатын мәдени ойдың негізінде жатқан астыртын бағдарлама бар деп санайды. Мемлекеттік мектептердегі мұндай багдарламаға өз кезегін күтуді, ережелерді сақтауды, ұқыпты болуды, сыйластық көрсетуді және артық сұрақ қоймауды үйрету жатады. Бүл дағдылардың барлығы балаларды жұмысшы табының өкілі болуға даярлайды (Gatto, 2002). Ал таңдаулы жеке мектептегі оқу бағдарламасы балаларды шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артықшылыққа лайық екендігіне үйретеді. Конфликтология теорияшылары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік негізінде жастарды әртүрлі марапат күтуге, яғни осылайша - жастарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп есептейді (Kozol, 2005).