Білім берудегі теңсіздік Білім беруді мәртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр (Kozol, 2005; Sacks, 2007). Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлмелерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стандарт™ тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағдыларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР (біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұрыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, білім алу қиындай түседі. Керісінше, бақуатты адамдардың балалары заманауи сыныптарда және ғылыми лабораторияларда білім алып, көптеген тілдерді, зерттеу тақырыптарын және АР сыныптарын таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледждеріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызына иелік ететін отбасылардан келеді (Leonhardt, 2004). Сол сияқты аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей балаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына қол жеткізе алады (Bettie, 2003). Білім алу мүмкіншілігінің этникалық ерекшелікке байланысты әртүрлі болуы, әлеуметтік тап арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мемлекеттік мектептегі сегрегация 1954 жылы Жоғарғы соттың шешімімен заңсыз деп табылған болатын, кейінгі 30 жылда сегрегация төмендеді. Алайда 80-жылдардың ортасынан бастап десегрегация бағдарламасын қолдау азайды. Соның салдарынан латынамерикалық, афроамерикалық оқушыларға қатысты мектеп ішіндегі сегрегация күшейді (Frankenberg & Lee, 2002). Бостоннан Бирмингемге дейінгі аралықта мемлекеттік мектептерде ақ нәсілді студенттер 15 пайызға жуықтайды. Мектепте аз үлт өкілдері көп болған сайын оқушыларға кейін жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін жағдайлар төмендейді. Мүндай мектептерде аз ұлт өкілдерінің «ақ» оқушыларға қарағанда мүмкіндіктері шектеулі