Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет17/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Капитализм
Капитализм - көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жекеменшікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе. Капитализм нарықтағы бәсекеге негізделеді. Капиталистік экономикалық жүйеде әрбір адам қажырлы еңбек етіп, тауар өндірісінің тиімді әдістерін енгізе отырып, өз табысын арттыруды көздейді. Бұл жүйе адамдарды табанды еңбек етуге, техникалық инновацияларды және тұтынушының сұранысын тудыру мен қанағаттандыру тәсілдерін терең түсінуге ынталандырады. Өйткені жеке бастың мүддесін ойлаған адамның талпынысы да мықты болады; ал бүл жағдай экономикаға жаңа серпін береді.
Алайда капиталистік экономиканың да кемшіліктері бар. Бұл кемшіліктер ресурстарды бөлісуге байланысты туындайды. Бірін шіден, капиталистік жүйе бәсекелестікке негізделгенімен, жұмыс шы және капиталист (салалардың иелері) арасындағы сәйкестік тең емес. Жұмысшыларға қарағанда капиталистердің мүмкіндігі бірдей емес. Осының салдарынан жұмысшылар кедей өмір сүруі мүмкін, ал капиталистердің жағдайы патшадан кем түспейді. Екіншіден, жұмысшылар да, ешқандай жүмыс істемейтіндер (балалар, кәрілер, жұмыссыздар) өмірде жиі ұтылып қалады. Олар басқалардан көмек күтуге мәжбүр болады. Үшіншіден, көшелер мен саябақтарды абат- тандыру және сумей жабдықтаудың санитарлық жүйесі сияқты қоғамдық қызмет түрлері мардымды пайда әкелмейтін болғандық- тан, мұндай салаларға капиталистер қызыға бермеуі мүмкін. Алайда олар болмаса, қоғам да қызмет ете алмайды. Демек, капиталистік жүйенің өзінде қажетті тауарлар мен қызметтерді бөлісудің бірқа- тар амалдары болуы тиіс.
Социализм
Капитализмде өндіріс бөлістен жоғары болса, социализмде бөліс өндірістен жоғары болады. Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе. Күнделікті өмірде социализм мен коммунизмді жиі шатастырады: коммунизм - өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет меншігінде болатын және әрбір адам еңбек етіп, өз қабілеті мен сұранысына қарай жалақы алатын экономикалық жүйе. Карл Маркстің есептеуінше, коммунизм социализмнен дамып шығады, бірақ заманауи әлемде коммунизм қоғамы ешқашан болтан емес.
Теориялық тұрғыдан социализмнің капитализма қарағанда бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, әлеуметтік ресурстар бай адамдар үшін ғана емес, бүтіндей қоғамның игілігіне қолданылуы мүмкін. Мысалы, социалистік жүйе корпорациялардың бас пайдасы үшін қоршаған ортаны ластауына жол бермей, табиғатты қорғай алады. Дәл осылай, социалистік экономика ресурстарды телевизия өнімі сияқты табысты салалардан, білім беру, ауыл шаруашылығы немесе болат өндірісі сияқты келешекте жалпы халыққа пайда әкелуі мүмкін ұзақ мерзімді бағыттарға бұра алады. Бастысы, социализмде әрбір адам өмір сүруі үшіы өзіне керегін алуы тиіс. Сонымен бірге әр адам ортақ мақсатқа жету жолында мүмкіндігінше жұмыс істеуі керек. Бірақ қасындагы жалқау әріптесі көп балалы болғандығы үшін, яғни қажегтілігі артық болғандықтан ғана көбірек жалақы алып отырған кезде баласы жоқ, бірақ еңбекқор әйелдің барын салып жұмыс істеуі екіталай емес пе? Сондықтан да социалистік экономика, капиталистік экономикаға қарағанда әділетті, бірақ тиімсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет