Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Ақпарат ақпараттық қоғам дамуының маңызды бөлшегі ретінде келесі қасиеттермен ерекшеленеді



бет15/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Ақпарат ақпараттық қоғам дамуының маңызды бөлшегі ретінде келесі қасиеттермен ерекшеленеді:

  • ақпарат мақсатқа жету үшін таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттың құндылығы;

  • нақты жағдайда қаншалықты қажеттілігі айқындалатын ақпараттың пайдалылығы;

  • белгілі бір уақыт аралығында ақпараттың құнсыздануы.

Ақпарат адамзаттың негізгі ресурсына, басты құндылыққа айналып отыр. Қоғамдық салада ақпараттың рөлінің өсуі жəне ақпараттық қатынастардың алдыңғы қатарға шығуы ақпараттық қоғам дəуіріне енудің көрсеткіші болып отыр.
Ақпараттық қажеттіліктің мəнісі барлық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен кез келген іс-əрекетті жасау өз мүмкіндіктерінің жүзеге асыруымен дамытуға бағытталған мақсат пен оған жету жолдарын таңдауда ақпаратты өндіру, қабылдау жəне пайдаланудан көрінеді. Адамның рухани дамуы үшін жағымды эмоционалдық ақпараттар қажет. Ақпараттық қажеттілік тұлғаны ақпараттық жинақтаған білімі арқасында басқа қажеттіліктерін жүзеге асырып, өзін-өзі дамытуға бағыттайды.
Қазіргі уақытта жəне болашақта жастардың бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру – қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мəдениеті қалыптасқан, сауатты адам қажетті ақпаратты тауып алуға, бағалауға жəне тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған техникалық құралдарды дұрыс пайдалана білуі қажет.
Адам ақпараттық коммуникация процесінде тек ақпарат алып қана қоймай, алған ақпараттарды пайдалана отырып, өз мүмкіндіктерін арттырып, ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырады, ой өрісі дамып, тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан адамның ақпараттық мəдениеті оның ақпараттық мінез-құлқынан, ақпараттық өмір салтынан, нақты ақпараттық əрекетінен байқалады.
Ақпараттық мінез-құлық адамның ақпаратпен жұмыс жасау, өзінің ақпараттық өрісін жəне өз жүріс-тұрысын ретке келтіру мен талдауға қажетті қабілеттіліктері мен дағдыларын бейнелейді.
Адамзат өркениеті ақпараттық қоғам құру кезеңінде тұр. Ақпараттық қоғамға өту процесі адамзат қоғамының ерте кезеңінен басталған, бірақ қарқынды даму ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Ақпараттандыру – бұл қоғамның бүкіл мүшелеріне кез келген əлеуметтік маңызы бар ақпаратты алуға мүмкіндік беретін саяси, əлеуметтік-экономикалық, технологиялық факторлардың өзара байланысқан жиынтығы нəтижесінде жүзеге асады.
Қоғамның ақпараттық құрылымы адамның шығармашылығының дамуы үшін көптеген білімдер мен құндылықтардың қалыптасуына жол ашты. Бірақ бұл мүмкіндіктерді ақпараттық қабілеттіліктер мен біліктілігі бар адамдар ғана пайдалана алады. Сонымен, адамның тіршілік ету ортасының өзгеруі ақпараттық мəдениеттің даму үрдісінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық сауаттылықты қажет етеді. Адамзат ақпараттық үрдістердің қарқынды өсу жағдайында əлеуметтік өмірдің нормасы ретінде көрінетін екі жақты ситуацияда қалды.
Ақпараттандыру үрдісінде мəдениетке əсер ететін техника мен технологиялар кеңінен ендіріледі, ол мəдениет пен ақпараттың өзара байланысын айқындайтын ақпараттық мəдениет болып табылады.
Тұлғаның ақпараттық мəдениеті мəдени ортаны танып-білуде жəне өзгерту үрдісі жүзеге асатын ақпараттық əрекеттен көрінеді. Нəтижесінде адам əрекет субъектісі ретінде, ал игерілетін үрдістер, құбылыстар əрекет объектілері ретінде бөлінеді.
Қазіргі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар XXI ғасыр қоғамының дамуына əсер етіп отырған ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Олардың əсері тек адам өміріне ғана емес, сонымен катар адамзат қоғамының тұрақты жəне белсенді түрдегі дамуында да əсері орасан зор.
Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі болатын қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. Негізінен ақпарат, үгіт-насихат алып ағаш ретінде ортақ тамыр арқылы тарайды жəне дами түседі. Оның негізгі бастауы – бұқаралық коммуникация мен телекоммуникация.
Коммуникация (лат. communicatio «жалпы жасаймын, байланысытырамын»), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..
Әлеуметтік коммуникация – қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
БАҚ үш түрі бөліп көрсетіледі:

  • қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БАҚ,

  • қоғамның позитивті және негативті жағынан интеграцияның жоғарлататын БАҚ;

  • қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БАҚ.

БАҚ басты функциялары – қоғамды интеграциялау, ұйымдық, ақпараттық-әлеуметтендірушілік қызмет атқару. БАҚ қоғамда болып жатқан маңызды үрдіс-құбылыстармен, азаматтарды толғандырып жүрген проблемалармен билікті ақпараттандырып отыруы керек. Саясаттану теориясындағы саяси институттардың міндеті мен функциялары тұрғысынан қарасақ, БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде мынадай: ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеуметтендіру, танымдық, білім берушіліқ, қоғамдық мүддені қалыптастырушылық сияқты аса маңызды функцияларды атқарады. Ақпараттық жүйенің мемлекеттік шеңберден асып, трансұлттық сипат алып, өз мемлекетінің бақылауынан және оның заң жүйесінің ықпалынан шығып та кетіп жататыны болады. БАҚ-ты «биліктің төртінші тармағы» деп атау конституциялық нормаларға сай келмейді. Себебі – еліміздің Конституциясында билік тармақтары анық көрсетілген. БАҚ-ты ақпараттық, тәрбиелік, қоғамдық бақылау, инновациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт ретінде қарастыру керек. БАҚ-тың заңсыз жолмен сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметіне араласуына болмайды.
БАҚ – адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге жəне құрметтеуге тəрбиелейтін аса маңызды ақпараттың информациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дəуірінде орны зор. Əсіресе сөз, баспасөз бостандығы шын мəнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тəрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру арқылы олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіне ықпал етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ықпалы мемлекет пен оның институттарына жəне жүргізіп отырған саясатына қатысты адамдардың ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай алады.
БАҚ-тың маңызды рөлі – қоғамның өміршең даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақпарат кеңістігінде қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, əлеуметтік өзгерістерді түсіну, жаңаша қабылдап бағалау процестері көрінуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – биліктің беделінде емес, өз беделінің билігі мен күшінде. Дәл қазіргі жаһандану заманында ақпаратты ауыздықтап ұстау мүмкін емес. Ақпарат мемлекеттік биліктің шеңберінен шығып та кетіп жатады. Ақпараттар тасқынының күшеюі – Парламенттің әлі де айрықша көңіл бөліп, заңнаманы жетілдіруін қажет етеді. Бүгінде БАҚ-тың маңызының артқандығы сондай, оларды мемлекеттің толық бақылауына алу мүмкін емес. Және, сонымен қатар, оны жекеменшік капиталдың қолына беру де дұрыс емес.
Тәуелсіз Қазақстаның даму үдерісін бұқаралық ақпарат құралдары институтынсыз елестету мүмкін емес. БАҚ аса маңызды, көпсалалы, көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпараттық функцияларды атқаратын демократиялық, азаматтық, саяси және идеологиялық институт ретінде түзілуде. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үдерістерде БАҚ кең ауқымды функцияға ие болғандықтан, қоғамда БАҚ араласпайтын сала жоқ. Әр қырынан, әр саладан, әр деңгейден көрінеді. БАҚ-тар әлемдегі демократиялық институттардың әртүрлі, көпсалалы функцияларын дерлік толығымен атқаруда. БАҚ-тың рөлі туралы әртүрлі пікір, талдаулар бар. Ғылыми әдебиетте, жалпы, оның жиырмаға жуық функциясы көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еліміздегі қоғамдық-саяси жүйенің қалыпты қызмет жасауы мүмкін емес. Өйткені, БАҚ «қоғамның демократиялық дамуының аса маңызды құралы» болып табылады. Демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарына кең құқықтық өріс ашылып, заңмен тыйым салынбағанның бәрімен шұғылдануына ерік берілді. Ендеше, Қазақстанның жан-жақты жаңару кезеңіндегі саяси жүйедегі БАҚ-тың орны туралы қандай қорытындылар жасауға болады? БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде көпсалалы, көпқырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің орнын тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық институт. Билік БАҚ-ты қоғамдық пікірді білдіруші өзінің демократиялық-ақпараттық әріптесі ретінде қабылдаса, БАҚ әр деңгейдегі билік институттарын халық өкілеттік берген, ел мен ұлт мүддесін жүзеге асырушы, мемлекет мүддесін қуаттайтын әріптесі ретінде қабылдауы тиіс. Ол үшін БАҚ пен билік арасында «келісім архитектурасы» қалыптасуы керек. Бұл іске қойылар басты талаптар: шыншылдық, ашықтық, ақпараттық, жаңашылдық, әлеуметтік, жауапкершілік және қоғамдық пікірге деген құрмет.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, БАҚ қоғамда болып жатқан процестерге әлеуметтік бақылау жасап, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығара да алады екен. Халық БАҚ-қа сенеді. АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, жұрт президент пен конгреске қарағанда телевизия мен баспасөзді лайықты көреді. ҚР Конституциясына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына сәйкес, ақпарат құралдары меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардан заң жүзінде тыйым салынбаған барлық ақпаратын алуға және таратуға құқылы.
Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет өмірінде шешуші рөл атқарады. Қоғамдық-əлеуметтік құрылымда ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралы. Олар азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын білуіне, өз мұрат-мүдделерін қорғауына, күнделікті болып жатқан оқиғалар турасындағы ой-пікірлерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды институттардың бірі болып отыр.

1

№12 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет