Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет18/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Аралас экономика
Қазіргі кезде батыс қоғамында капиталистік және социалистік экономикалық қүрылымдар қатар жүреді. Көптеген елдерде пошта, темір жол және негізгі энергетика салалары сияқты қызметтер әлеуметтендіріліп жагыр. Бүл - соцализмнің таза идеализмнен туындауы емес. Мемлекеттік меншік көп жағдайда өмір сүруге қажетті, бірақ тиімділігі төмен қызметтердің жалғасуын қамтамасыз етудің үздік тәсілі ретінде қарастырылады. Мысалы, денсаулық сақтау мен білім беру сияқты өзге қызметтер ішінара әлеуметтендірілген. Өйткені қоғам бұл қызметтердің кедейлер үшін қол жетімді болмауы этикаға сай келмейді және оларды ашық нарықта қамтамасыз ету тиімсіз деп санайды.
Норвегия және Швеция сияқты бірқатар елдерде әлеуметтік қызмет көрсету «әркімнен қабілеті жеткенше, әркімге сұранысына қарай» деген қағидадан ілгері жылжыды. Әлі күнге дейін денсаулық сақтау мен білім беру саласында теңсіздік бар, бірақ бұл салалардағы ақылы қызметтерге қарағанда, бұл теңсіздік елеусіз болып көрінеді.
Басқа Батыс елдерімен салыстырғанда, АҚШ капиталистік экономика жүйесіне жақын. Республикалық партия әлеуметтік қызметтердің үкімет тарапынан көрсетілуін қысқартуды талап етті. Ал Демократиялық партия, керісінше, көбейту керек деді. Болашақта социалистік және капиталистік қағидалардың үйлесуі тек экономикалық жағдайды ғана емес, сонымен қатар саяси жағдайды да көрсетеді.


Саяси экономика
Саяси экономика елдегі саяси және экономикалық нысандардың өзара әрекеттесуін білдіреді. Капитализм де, социализм де авторитарлық немесе демократиялық саяси жүйелерден көрініс табуы мүмкін. Батыс Еуропаның Біріккен Корольдіктер, Швеция сияқты көптеген мемлекетінде социализм мен демократия біріктірілген.
Қытай мен Куба сияқты басқа мемлекеттер социализмді авторитарлық саяси жүйемен қиыстырып отыр. Социалистік экономикасын саяси элита басқарып, әскери элита мәжбүрлеп отырған қоғамдарға сілтеме жасағанда, біз «коммунист» терминін жиі (тіпті шектен тыс) қолданамыз. Мұндай елдерде социализмнің мақсаттары (теңдік және тиімділік) әлі де бар, бірақ саяси басқару түрі демократиялық емес, авторитарлық.
Кейбір капиталистік елдер демократиялық, кейбірі авторитарлық болып келеді. Мәселен, АҚШ пен Жапонияның экономикасы - капиталистік, саяси жүйесі - демократиялық. Сингапур мен Сауд Арабиясында - капиталистік экономика, бірақ авторитарлық саяси жүйе. Оларда сайлау не мүлде өтпейді, өтсе де, мәнсіз-мағынасыз болады. Бұл мысалдар бізге капитализм де, социализм де авторитарлық немесе демократиялық жүйеде жүре алатынын көрсетеді.
Жекешелендіру - мемлекеттік қызметтердің корпорациялар ретінде «төселу» процесі, осы қызметтердің корпоративтік үлгіде қайта қаралуы немесе оларды үкіметтің жауапкершілігі емес, қайта жеке таңдау ретінде анықтау.
Неге заңгерлердің табысы мектеп үстаздарынан артық? Неге өндірістің кейбір салаларында бірыңғай иммигранттар жүмыс істейді? Неге фермерлердің балалары арасында шаруашылықты жалғастыратындары сирек? Университетті бітірген соң табысыңыз қанша болады деп ойлайсыз? Осы сұраңтарға жауап беру үшін бізге жалпы экономикалық жағдайды түсіну керек. Бұл үшін біз үш тақырыпты қарастырамыз: постиндустриалдық экономика, корпоративтік экономика және Wal-Mart экономикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет