Экономика, жаһандану және еңбек
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау.
Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары.
Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі.
Қазақстан жаһандық әлеуметтік- экономикалық жүйеде.
Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан, әр қоғамда бірдей типтегі институттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын отбасы институты.
• Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика институты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыратын үкімет институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқаратын дін институты.
Адамдар өмір сүру үшін қалай ақша табады? Неге кейбір жүмыс түрлерінің еңбекақысы жоғары және кейбір елдерде еңбекақы басқа елдермен салыстырғанда неге жоғарырақ? Елдің табысы ұлттық мүддеге қалай жұмсалады? Жаһанданудың жұмыссыздыққа әсері қандай? Осы сынды сүрақтарға жауап табу үшін экономика түсінігінің мәнін ашуымыз керек. Бұл дәрісте экономика, еңбек және жаһандану процесі әлеуметтану түрғысынан зерделенеді.
Экономика тауарлар мен қызметтерді өндіруге және таратуға байланысты барлық әлеуметтік құрылымдарды қамтиды. Өндіріс саласында алға тартылатын бірнеше сауал бар. Айталық, құрылысты қаншалықты көп немесе қаншалықты аз жүргізу керек? Қаражатты қару жасауды арттыруға салған дұрыс па әлде азық-түлік өндірісін көбейту керек пе? Ірі кәсіпорындарды ынталандырған тиімді ме немесе шағын түрлерін ынталандыру керек пе? Табысты бөлу барысында да туындайтын сұрақтар бар. Мәселен, жобаның иесі мен жұмысшылар арасында қаражат қалай бөлінеді? Міндетін атқара алмағандарға кім қолдау көрсетуі тиіс? Адамдардың табысы сүранысқа, күші мен қабілетіне байланысты болуы керек пе? Экономиканың үлестіру қызметі отбасына, стратификациялық жүйелерге, білім беруге, үкіметке тікелей эсер етеді.
Қазіргі уақытта екі негізгі экономикалық жүйе бар: капитализм және социализм. Алайда экономикалық жүйелер түрлі саяси және табиғи жағдайларға бейімделуі керек болғандықтан, таза капитализм немесе таза социализм сирек кездеседі. Заманауи экономикалық жү йелердің көбі осы екеуінің біраз өзгертілген немесе көбіне құрамдас тырылған нұсқасы ретінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |