Халықтың көші – қоны туралы мәліметтер халықтың тұрғылықты жерлері бойынша ішкі істер органдарының келіп түскен құжаттарды талдау нәтижесіндегі статистикалық есептеу жолымен алынады.
Халықтың табиғи қозғалысы – табиғи жолмен халық санын өзгертетін туу мен өлімнің жиынтығын қортып, талдау. Табиғи қозғалысқа, сондай – ақ некелесумен ажырасу да жатады: олар әрине халықтың санын өзгертпейді, соған орай туу және өлімді есепке ал у тәртібімен есепке алынады. Негізгі демографияқлы үдерістерге халықтың табиғи өсімі, туымпаздылық, өлім-жітім, некелер мен ажырасулар жатады.
Халықтың жалпы өсімі табиғи өсім мен көші-қон өсімінің алгебралық қосындысын көрсетеді.
Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің «demos» - халық, «grafo» - жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан. Халық кең мағынасында (немесе ел - жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, сөйтіп жалпы халықтың әр түрлі қозғалыс, өзгерістерін (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды. Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп - өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның метериалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен, демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын еске ала отырып, оның сандық заңдылықтарын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, адам белгілі бір мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей - дәрежеде білімі бар; екінші жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі – нақтылы адам. Оның өмір – тіршілігінде физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білуі, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың кейбір сипаттамаларының өзгеруі жалпы халықтың сиапттамасын зерттейді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың санын кемітеді. Жеке адамдардың меке – тұрағын ауыстыруы – яғни миграция – халықтың құрамына, санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылымын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп есептеп, бір – бірімен шатастырады. Бірақ демографиялық ұғымның мазмұны анағұрлым кең; оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланысты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді. Ал, демографиялық старитстика (Халық статистикасы) – білгілі бір халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс – қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өндеуге, баяндауға 22 және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөнінде ең дәл және егжей – тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректер АХАЖ (ЗАГС) органдарында, ал, халықтың қоныс аударғандарын милиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын, талдайды, халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім – жетімнің, халық өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді. Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.
Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастарын, бір – біріне тигізетін әсерін ескерген жөн. Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар: 1) Оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық, құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, материалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адамзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерелеп отырады. Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш рет айқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды. Жалпы халық әрбір жеке адамдардың, топтардың, таптардың, ұлттардың, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, олар әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп – қонып жүреді, ол туады, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады. Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы, адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монғолойд, Негройд). Осы үш нәсіл табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалау халық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді. Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы аты – тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс – қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз.ұлт деп діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады. Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай – ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басынан өткізеді. Олар: Жоңғар шапқыншылығы, 1919 – шы жылғы ұлт - азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б. Иә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
Қазіргі кезеңде халықтың, ел – жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсендету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объективті факторларға байланысты. Ең бастысы өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет. Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттірмейтін әлеуметтік – экономикалық көкейтестік мәселелерді тез әрі тиімді шешу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.
Қала дамуының аумақтық ерекшеліктерін және елді мекендер желісі мен урбандалудың мүмкін болатын аймақтық ерекшеліктерін тану ғылым мен практикада маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Әлеуметтік қайта құрылу және ғылыми - техникалық үдеріс жағдайында қала қоғам өмірінде өсу әсерін тигізе отырып, табиғатпен өзара әрекеттеседі.
Бәрімізге белгілі, қала күрделі көпөлшемді ағза ретінде әлеуметтік, экономикалық және техникалық құбылыстары қабаттасқан кешен, экономикалық аудандардың бірлескен және командалық орталығы ретінде әрекет етеді және қоғамдық еңбектің аумақтық бөлінісінде жетекші звено болып табылады.
Қазақстандағы қала дамуының ерекшелігі аумақтық орналасуы тарихи қалыптасқан жеке үлкен емес шағын қалалар халықты қоныстандырудың бірыңғай жүйесінде өзіне сәйкес атқаратын қызметті орындай алмауымен түсіндіріледі. Бұл бірінші кезекте, Қазақстандағы үлкен, орта және шағын қалаларды халықтың әлеуметтік-демографиялық мәселелерімен байланысты.
Бұл міндетті шешу қазіргі қала елдімекендерін даму мәселесін облыс кескінінде республикадағы олардың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, терең зерттеуді қажет етеді. Бұл мәселенің маңыздылығы урбандалу үдерісінің жалғасуымен шиеленісе түсуде.
|
1
|
№15 дәріс
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |