Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар



бет28/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Жаңғыру және урбанизация.

  2. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары.

  3. Халық туралы заманауи зерттеулер.

  4. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір.

  5. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.

  6. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Агломерация (латын сөзінен aggqlomero – қосамын) – қала халқының топтық формаларын білдіру үшін қолданылатын термин. Ірі қала базасында пайда болатын аумақтық-экономикалық құрылым және қаламен араласқан елді мекендердіқамтып, үлкен урбандалу зонасын құрайды. Өндірі с концентрациясының, инфрақұрылымның және халықтың жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді. Қала агломерцияларының негізгі шекарасы халықтың маятникті көші-қонның ақырғы пунктерімен анықталады.
Демография – халық дамуының жалпы заңдары туралы ғылым, ол халықтың сандық және сапалық сипаттамаларын, оның қозғалысы мен өзара байланысы дамуының үдерістерін, сондай-ақ халықты зерттеу әдістерін зерттейді.
Келушілер саны – есепті кезеңде белгілі аумаққа одан тыс аумақтан келуші адамдар саны.
Қала - өндірістік, ұйымдастырушы -шаруашылық, басқарушы, мәдени, көліктік және басқа функцияларды орындайтын ірі елді мекен. Қала «ірілігі» тұрғындар санымен өлшенеді.
Мегалополис – бірнеше қала агломерцияларының бірігуінен пайда болған жоғарғы урбандалған зона. Біріккен агломерациялар – бір транспорттық желімен байланысқан, толық қалалық құрылысты ауданы мен экономикалық потенциалы жөнінен ірі зона.
Мигрант –көші – қон процессіне қатысушы адам.Әрбір мигрант кеткен аумаққа қарай аумақтан кетуші, келген аумаққа келуші болып табылады.
Табиғи өсім коэфициенті – туу менөлімнің жалпы коэффициенттерінің айырмасы.
Урбандалу – қалалардың, қала халқының өсуінің, олардың қоғам дамуындағы рөлінің артуы және ірі қалаларға, басқа да халыққа тән белгілердің, ерекшеліктердің, өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. «Урбандалу» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді- мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет