Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбиелік жұмыстар



бет39/45
Дата11.02.2022
өлшемі115,23 Kb.
#25288
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
лекция

Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбиелік жұмыстар

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты.

2. Балалардың қоғамдық бірлестіктерінің әртүрлі формаларын құруда балалар мен жастардың ынтасын дамыту және қолдау.

3. «Субмәдениет», «балалардың субмәдениеті» ұғымдары.

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болғалы көптеген өзгерістер болды. Ол өзгерістер халыққа білім беру саласында да орын алды. Кеңес мектебіндегі бұрынғы балалар ұйымы: октябрят, пионер, комсомол ұйымдары бұл күнде жұмыстарын толық тоқтатты. Егемендікпен байланысты жасалған қазақ орта мектептерінің тұжырымдамасында мектепте қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін, өнерін, музыкасын, Қазақстан тарихын, салт – санасын, дәстүрлерін жан – жақты оқыту және оқушыларға ғылыми негізде терең білім беру көзделеді.

Оқушылар қазақ халқының шежіресімен, тарихымен ел билеген, ел қорғаған азаматтардың өнегелі өмірі мен танысу ісін мектептен бастауы күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатпен 1992 жылдан бастап мектептердің жанынан «Атамекен» отауы құрылып жұмыс істеді.

«Болашақ» балалар қоғамы 7 мен 15 жас аралығындағы балаларды қамтиды. Ұйымның негізгі міндеті: мәдениетті, жан – жақты дамыған, экологиялық ой – пікірі жеткілікті, жалпы адамгершілік қасиетті игерудегі шығармашылық іскерлігі мен әдептілігі, әр түрлі мамандықтарды меңгеруге ынталы, өмірдің барлық саласындағы ұлттық және әлемдік жетістіктерді дамытуға және түсінуге мүмкіндігі бар адамдар болып саналады.

«Болашақ» мектеп ұйымдарының жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі: Ұйымның құрылымы.

1 – топ «Балдырғандар» /7-10 жас/

2 – топ «Жас ұлан» /11-13 жас/

3 – топ «Өркен» /14-15 жас/

«Балдырғандар», «жас Ұлан», тобына кіру үшін уәде берсе, «Өркен» тобындағылар АНТ қабылдайды.

Балалар қоғамдық бірлестігі – бұл ең алдымен ұйымдастырушы, өзін – өзі басқарушы, адамдардың өз еріктерімен балалар мен үлкен адамдардың қалауы бойынша балалардың сұранысын, қажеттігін, мұқтаждықтарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатыстырушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық.



Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.

Субмәдениет дегеніміз-қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір сүру дағдысы бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған наразы жастардың белгілі бір тобы жасаған мәдениет. Бұндай топтар өздерінің сөйлеу әдебімен, киім киісімен және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. «Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда «алдыңғы қатарлы озық» мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған сөздер субмәдениеттің түрлері болып есептеледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет