Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет41/45
Дата11.02.2022
өлшемі115,23 Kb.
#25288
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
лекция

Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті.

2. Тәрбие үдерісі тиімділігін зерттеу бойынша сынып жетекшісі іс – әрекетінің қағидалары.

3. Тәрбие жұмысы диагностикасының әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.

Мектептегі әр мұғалім балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды тәрбиелейді. Яғни, мектептегі барлық педагогикалық қызметкерлер тәрбиелеу қызметін атқарады. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет: Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбие көптің ісі. Тәрбиеге табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсаты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасай отырып, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау.

Сынып жетекшісінен өз оқушыларын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн.

Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.

Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды.

Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) ‑бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.

Диагностикалық жұмыстар – бұл термин медицинада қолданылады. Ал сынып жетекшісі үшін алдын-ала бұрын болған нәрсемен, бүгінгі күнгі жағдайы жоспарлау үшін, сыныптың қазіргі деңгейін салыстыра отырып озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне арқа сүйеу.

Мұғалім диагностикалық әдістемелердің көмегімен педагогикалық процесс жағдайы, оқыту және тәрбиелеу жұмысының сапасы, оқушылардың алған білімі мен тәрбиелік деңгейі туралы мәліметтер алады, осы мәліметтерді өңдейді, талдайды, оларды бағалайды, педагогикалық процесс пен оқушылар дамуын түзетеді және болжайды.

Қазіргі ғылым зерттеудің мынандай міндеттерін көрсетеді: бақылаушы, түзетуші, болжаушы, тәрбиелеуші. Мұның алғашқысы-мәліметтер алу және тәрбие процесіне түзету енгізуден тұрады, екіншісі-болашақтағы оқушылар дамуындағы өзгерістерді болжау, күні бұрын көре білу, үшіншісі-мұғалім диагностикалау процесінің нәтижесіне сүйеніп, оқушыларға тәрбиелік ықпал жасайды.Сынып жетекшісі диагностика нәтижелерін өз сыныбындағы оқушылармен бірігіп талдайды, соның талдау нәтижесімен алдағы уақыттағы тәрбиелеу жұмысы құрылады. Сынып жетекшісі әр оқушыны, оның отбасын, оны қоршағандарды, ол оқитын сыныпты зерттеу қажет.

Диагностикалау жұмысының мазмұнына: оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметер, баланың дене дамуы және денсаулық жағдайы туралы мәліметтер, танымдық процестерінің деңгейі, оқу мотивтері, жеке бастың бағыттылығы (қызығуы, қатынасы, бағалауы, мен-концепциясы), оқушының тәртібі жатады.

Бұдан басқа сынып жетекшісі ұжымды зерттейді: сыныптың құрамы, сыныптағы бірлік, ұйымшылдық, қоғамдық пікір, жеке өзара қатынастар, педагогикалық ұжыммен байланыс т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет