Дәріс тезистері №1. Мәдениет пен өркениеттегі ғылым



бет1/7
Дата18.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#102101
  1   2   3   4   5   6   7

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

1.Мәдениет пен өркениеттегі ғылым.


Мәдениет пен өркениеттегі ғылым. Ғылымның өз алдына зерттеу саласы ретінде философиялық және методикалық мәселелері.
Ғылыми, рационалдық танымның тұтастай ерекшеліктері және философияның ғылым дәрежесі мәселесі. Батыс Еуропаның философиялық ой тарихында ғылымның негізін «ғылымдардың ғылымы» деген көзқарас басым болды. Марксистік философияда осы жөнінде екі ұштылық байқалды. Бірінде философия ғылымнан бөлек, өз алдына қоғамдық сананың формасы деп танылса, басқа көп еңбектерде марксистер философияны, оның ішінде диалектиканы даусыз ғылымға жатқызады. ХХ ғасырда, бірақ, батыс ойшылдарының көпшілігі дерлік философияны ғылымнан бөлек, бөгде рухани сала деп түсінуге ойысты. Ең алдымен философияны ғылымға жақындастыратын жақтары қандай? Ғылым сияқты философияда өз қағидаларын фактілермен де, логикалық уәждермен, дәлелдермен негіздеуге ұмтылады. Өте сирек, кейбір ойшылдардың жүйесінде ғана айтылатын қорытындылар әлемге жар салғандай, өзінен - өзі тікелей айқын, дау туғызбайтын, ақиқаттардай жарияланады. Бұл философияда жалпы бар қасиет, бірақ философиялық түзеудің бірден – бір жолы емес. Сонымен қатар философияны айрықша айшықтайтын ерекшелік - өзінің біршама тарихында барлық философиялық системалар бірін – бірі толықтырып, жалғастыратын тұтас бір жүйеге айналған жоқ. Әрбір философиялық жүйе тұйықталған әрі анықталған, басқа жүйелермен толық бірге айналмайтын көзқарастардың жүйесі. Ғылым сияқты өмірдегі бар, болып отырған қатынастарды, болмысты, оның заңдарын игеріп, бейімдеуді негізге ала отырып, бірақ, түпкі мақсатын, ұсынатын бағытын, болуға қажетті, болуға лайықты, болуы мүмкін, тіпті болуы парыз нәрселерге арнайды. Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау. Ғылымда өмірде жоқ нәрселерді, өмірдің формаларын айнымас заңдылықтардың негізінде болжап, тіпті айқын бейнесін жасап бере алады. Бұл бірақ көбінесе табиғат пен қоғамның бар заңдылықтарына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет