Дәріс тезистері №1. Мәдениет пен өркениеттегі ғылым



бет7/7
Дата18.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#102101
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекциялар

1. Философияның әдістері. Олардың ішінде диалектикалық немесе метафизикалық әдістер ең көнелері болып табылады. Мәні жағынан алып қарағанда, әрбір философиялық тұжырымдама әдістемелік міндеттерге ие, ойшылдық қызмет түрінің өзіндік әдісі болып табылады. Сондықтан да, философиялық методтар аталған екі әдістермен ғана тиылып қоймайды. Олардың қатарына сондай – ақ, талдау (қазіргі заманғы талдау философиясына тең), интумтивті, феноменологиялық, герменевтикалық (ұғыну) т. б. жатады.
Философиялық әдістер зерттеудің ең жалпылама реттілігіне, оның басты тәртіпті тәсілдемесіне бейім, дегенмен де, арнайы әдістердің орын ауыстырмайды, танымның түпкілікті нәтижесін тіке және жанама белгілемейді.
2. Зерттеулердің жалпы ғылыми әдіс – тәсілдері.
ХХ ғасырдың ғылымында кең түрде дамып, кең түрде тараған қолданымға ие болды. Олар философиямен арнайы ғылымдардың негізін қалаушы теоретико - әдістемелік ережелерінің «аралық әдістемелері» ретінде көрінеді. Жалпы ғылыми ұғымдарға көбіне «ақпарат», «үлп», «құрылым», «міндеттік», «жүйе», «элемент», «барыншалық», «ықтималдылық», т. б. ұғымдарын жатқызамыз.
Жалпы ғылыми ұғымдарға тән сипаттарға біріншіден, олардың жекеше қасиеттеріндегі, сиаттарындағы, жеке ғылымдар қатарындағы ұғымдардың және философиялық санаттардың маңызындағы «балқымалалық» тән. Екіншіден, олардың формалдануының, математикалық теориялармен нақтылануы және зерделік логикасының рәмізділігінің мүмкіндігі (соңғыларына қарағанда) сипаттармен ерекшеленеді.
3. Жеке ғылыми әдістер - әдістердің, таным қағидаларының, зерттеу тәсілдері мен материя қозғалысының негізгі формасына сай келетін, қандай да бір ғылымда қолданылатын бағыттарының өзіндік жинағы. Бұл механика, физика, химия, биология, әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың әдістік түрлері.

15. Экономикалық танымдағы философияның әдістемелік ролі.


Барлық жеке ғылымдар әлемді тану процессін жүзеге асыратын болса да, олардың біреуі де заңдылықтарды, нысандарды және қағидаларды толығымен тануды оқудың тікелей пәні қылмайды. Онымен басқа ғылымдардың деректеріне сүйеніп, тану процессінің, жеке жақтарын анализдеп ( жантану, әлеуметтану, ғылымға кіріспе және т. б.), арнайы – философия айналысады ( нақты оның негізін бір бөлімі гносеология).
Философия ғылымға белгілі бір категориялар негізінде жеткізілетін айрықша ортақ қағидиларын береді. Бұл қағидалар ғылымда, таным субъектісінін өзінің зертеуінде ( методологиялық аспект) пайымдалуы тиіс, әмбебап нормалар, талаптардың жалпыға ортақ реттегіші ретінде қызмет етеді. Осындай әлемнің философиялық суреті (діни, мифологиялықтан басқасы және т. с. с.) универсалды, онтологиялық нұсқамасы ретінде физикалық, биологиялық және басқа да әлем суретші әзірлеуге алғы шартпен жағдай болып келеді. Басқаша айтқанда, философия шындықты философиялық ойлану – бүтіннің өте кең элементі ретінде әлемнің жалпы көрінісі негізінде жеке ғылыми тән көрінісі құрылатын әлемнің жалпы көрінісін береді.
Философия әлемнің жалпы көрінісін оның бұрын болған түрінде ғана емес және оның қазіргі кездегі түрінде береді. Философия өзінің танымдық жұмысын жүзеге асыра әрдайым адамзатқа оның өмір әлемнің кейбір нұсқасын ұсынады. Бұл мағынада ол болжамды қызметін иеленеді. Осымен келе, мәдениеттегі философияның маңызды белгілері – нақты адамзат әлемнің өзінің терең құрылымы және негізі қандай екені ғана емес, сонымен қоса оның қандай болуы керек және болуы мүмкін екендігін түсіну.
Бұл кезде философияның санаттық құрылымдары жаңа көріністі адам қызметінде қайта құрылатын объкт ретінде, және де сол қызмет субъектісінің, құндылықтарымен мақсаттарын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде, оның ішінде субъектінің орнын ескермей, әлемнің таза объективтік суреті турала айту мүмкін емес.
Ғылыми революция кезеңінде қағидалар мен түсініктердің «мықты сыну» кезеңінде айрықша белсенді болады.Көрсетілген әсер ету ғылымның қандай «жақсы» немесе «жаман» философияны жетекшілік етіп және қандай философиялық қағидаларды ол пайдаланып отырғанына байланысты – позитивті және де негативті болуы мүмкіндігі анық. Селекторлар ретінде философиялық қағидалар таңдау проблемасы туғанда және оны таңдауға мүмкіндік болғанда (сол немесе басқа көру болмыстық консртукицялар,гипотезалар, теориялар,есепті шешуге әртүрлі әдістер және т. б.) «жұмыс істейді».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет