Дәріс тезистері №1. Мәдениет пен өркениеттегі ғылым


Дәріс 13. III тарау.Қазіргі батыстық ғылым философиясы және методологиясы. Позитивизм философиясы мен методологиясының эволюциясы



бет6/7
Дата18.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#102101
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекциялар

Дәріс 13. III тарау.Қазіргі батыстық ғылым философиясы және методологиясы. Позитивизм философиясы мен методологиясының эволюциясы.
Тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Ғылым бірыңғай дамитын, бір сарынды құрылым емес, ол кеп қабаттан тұрады. Ғылыми жұмыстың басым көпшілігі бір қабаттың аумағында жүреді: бұл бағалы, тиімді жұмыс, бірақ, ол шын негізде, өңделген әдістермен жұмыс жасайтындықтан, жоспарлауға ыңғайлы болып, келеді: мұнда философия тек кейбір жалпы дамуға ғана қажет болатын болса, ал шығармашылық философиялық жұмысқа тіпті орын жоқ. Десе де, уақыт өткен сайын қарама – қайшылықтар жинақтала береді де, енді тығырыққа тіреліп, келесі қабатқа келтіру қажеттілігі туады. Тығырықтар қаншалықты көп болған сайын, келесі қабатқа шығу соншалықты ауыр, әдеттегі ұғымдарды жоққа шығару соншалықты радикалды және терең сипатқа ие болады. Алдыңғы қатарлы ой иелері осыған дейінгі мәңгі, шексіз ақиқат ретінде танылып келген бұлтартпас ақиқаттың енді мүлдем олай емес екенін түсіне пайымдайды: түбегейлі философиялық жұмыс жасау талабы туады. Сондықтан да, ең ірі ғылыми төңкерістер әрдайым әдеттегі философиялық жүйелерді қайта құрумен тікелей байланысты болады. Бірақ, адамзат тіршілігінің ұзын – сонар тарихының бойында мұндай ақыл – ойлы төңкерістер «шексіз» ақиқатардың бір жүйесінің орнына сол бір шексіздікке деген кінарат қоюшы екінші бір жүйенің келуімен орын ауыстыруына екелетіні айқын.


Дәріс 14. Сыни рационализмдегі ғылым философиясы және методологиясы.
Бір жағынан күрделі ғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелер. Түпкілікті дәлелденген ақиқаттарды біртіндеп жинау жолымен ғылымның дамуын бейнелейтін ескі ұғымға қарама – қайшы, жаңа ұғымның ғылыми кеңсесі әрбір жаңа ірі түрлендіруде қайта құруды шамалайды. Бұл соқпақта біз көбіне ғылымның алдыңғы даму кезеңінде терістелген болжамды ережелерге көтеріңкі негізде қайта айналып оралып отырмыз. Ньютонның эмиссиондық жарық теориясы толқынды теориямен терістелді де, осы терістеліп кеткен эмиссиондық жарық теориясы енді кванттық теорияда мүлдем өзге формада қайта өркендеді. Мұнда философия тек түйсіну кезеңінде ғана емес, сондай –ақ, түсіну синтезінде де көрінеді. Қазіргі заман теориялары бөлшектер мен толқындардың бітіспес ұғымдарын бітістіреді де, бұл бітісулер электрондық микроскопта тәжірибелік жарқын қолдану табады.
Адамзат деректерінің сан алуан түрлілігі санқилы негіздермен сыныптала алатын (талаптарымен) әдістердің (сонымен қатар, ғылыми) тәжірибелік және материалистік қызмет түрлеріне айрықшалап алған дұрыс. Бүгінгі күні әдістер мен әдістеме жүйесі тек ғылыми таным саласымен шектеліп қана қоя алмайды, ол мұндай шектеулерден асып түсіп, өзінің ауқымында тәжірибе саласын да қамти алуы тиіс. Мұндай жағдайда бұл екі түрлі салалардың өзара тығыз әрекеттесуін мұқият назарға алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет