10 дәріске қосымша
|
ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Жиембет және Марғасқа жыраулардың шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1ХҮІІ ғасыр поэзиясы өкілдері шығармашылығының басты ерекшеліктері.
2. Жиембет жырау Есім ханның әскер басы, биі.
3. Жиембет жыраудың мемлекет ішіндегі беделі жоғары болғандығын аңғартатын толғаулары.
4. Жиембет жыраудың арнау толғаулары.
5.Марғасқа жырау –Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырау.
ХVІІ ғасырдағы поэзия үлгілері, нұсқалары бізге басқа дәуірлерге қарағанда біршама аз жетті. Бұл кезеңдегі ақын-жыраулардан біздің дәуірімізге жеткені – Жиембет, Марқасқа жырау туралы деректер өте мардымсыз. Хандық дәуір әдебиетін зерттеуші ғалымдардың көбі Марқасқаның өмірдеректерін тек бір ғана тоғауының төңірегенде баяндайды. Оның өзіне сол жалғыз толғаудың мәтіні жол сілтейтіндей. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті тарих мұнарынан аршып, алғаш жаңа айналымға түсірген, қазақ әдебиетінің көшін ХҮ ғасырлардан бері қайыруға үлкен еңбек еткен көрнекті ғалым М.Мағауин Марғасқа жыраудың өмір сүру дәуірін Есім ханның билік ету кезеңіне қатысты қарастырады. Тарихи дерек көздерінде шанышқылы руының ханы – Қатаған мен Ташкентті билеуші бек Тұрсынның опасыздық әрекетіне қарсы Есім ханның жорығы болғанын айғақтайды. Бұл оқиға Есім ханның 1627 жылдары Ташкентті басып алу сапарында болған деген болжам бар. Марқасқа жыраудың: «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» деп басталатын толғауы осы жорыққа қатысты айтылған деседі. Ал Марғасқа Есім ханның жауынгерлерінің бірі болыпты-мыс. Марқасқаның бұл толғауы Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет институты қолжазба қорында сақталған. Кейін 1967 жылы «Ертедегі әдебиет хрестоматиясына» енген.
Қазақ әдебиетіның тарихын зерттеуші көрнекті ғалымдардың бірі Ә.Қоңыратбаев ХVІІ –ХVІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясын зерделей келе: «ХVІІ ғасырдағы Жиембет, Марқасқа поэзиясынан көбіне Кіші жүз ханы Есімнің жорықтарына, қазақ-ойрат соғысына қатысты деректер табамыз» деп көрсетеді.
М.Мағауин «Қазақ хандыңы дәуіріндегі әдебиет» оқулығында: «Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Бұл оқиға халық санасында үлкен із қалдырған. Бұл – ағасына інісі пышақ ұрған соғыс еді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:
1. Жиембет жырау қай ханның биі, әскербасы, батыры болған?
A) Есім ханнның
B) Абылай ханның
C) Би Темірдің
D) Жәнібек ханның
E) Қасым ханның
2. Жиембет жырау толғауының үзіндісін табыңыз
A) Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп
B)Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен...
C) Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ қала ордам қонған жұрт
D) Күлдір-күлдір кісенетіп,
Күреңді мінер ме екеміз?
E) Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа
3. Есім ханмен ұзақ жылдар бойы достықта өткен өмірін жырға қосқан қазақ жырауы?
A) Шалкиіз
B) Доспамбет
C) Жиембет
D) Марғасқа
E) Қазтуған
*****
4. Өзінің өрлігін, ерлігін, зорлығы мен беріктігін - жолбарыс пен аюға теңеп жырлаған қазақ жырауы?
A) Доспамбет
B) Жиембет
C) Марғасқа
D) Ақтамберді
E) Шалкиіз
*****
5. Бүгінде қазақ халқының мақалына айналған «қара арғымақ қартайса - қарға адым жер мұң болар. Есіл көзден нұр тайса - бір көруге зар болар» деп басталатын жырдың авторы
A) Доспамбет
B) Қазтуған
C) Асанқайғы
D) Жиембет
E) Бұқар
6. Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы шиеленісті жайдан хабардар ететін шығарманың авторы
A) Ақтамберді
B) Бұқар жырау
C) Жиембет
D) Марғасқа
E) Доспамбет
7. Қайрылып қайыр қылуға,
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман.
Арқаға қарай көшермін, өлең жолдарының автры кім?
A) Ақтамберді
B) Бұқар жырау
C) Жиембет
D) Марғасқа
E) Доспамбет
8. Мінгені Есім ханның ала белді,
Бойында Шідертінің қара көрді.
Көрінген сол қараны кертағы деп,
Аттарын шідер салып қоя берді. Кімнің өлеңі?
A) Доспамбет
B) Қазтуған
C) Асанқайғы
D) Жиембет
E) Марғасқа
Сұрақтар:
1.Жиембет жыраудың арғы атасы кім болды?
2.Жиембеттің атқарған қызметі қандай болды?
3.Есімге арнаған толғауының себебі не болды?
4.Ғалым жазушы Марғасқа туралы қандай пікір айтты?
4.Марғасқа жыраудың хан Тұрсынға арналған өлеңінің шығыуына не себеп болды?
|