Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары


ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Қазтуған мен Доспамбет шығармашылығы



бет9/17
Дата06.04.2023
өлшемі116,21 Kb.
#80063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Дәрістер (1)

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Қазтуған мен Доспамбет шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Қазтуған жыраудың өмірінен мәлімет. Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы. Туып өскен жері туралы.
2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа
жақындығы.
3.Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы
Қазтуған» атты толғау-поэмалары туралы.
4.Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болғандығы.
5.Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының
жетпегені туралы, аз болса да ұлы жырау шығармаларының бір кішкене
үзігінің бізге жеткені жайында.
. Жырау толғауларының негізгі тақырыптары, көркемдігі.
Қ.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің В.Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны.
Доспамбет шығармаларының «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі туралы
М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен»
еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу.1967ж.«Ертедегі әдебиет нұсқалары»,1971ж. «Алдаспан», 1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын,
алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру.
Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу.арастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Бүкіл Ноғайлы ордасы мен Дешті қыпшаққа аты мәшһүр болған Доспамбет жырау ХV ғасырдың соңы ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Доспамбеттің өз толғауларынан оның Астрахань маңында Азов қаласында туғанын білеміз. Доспамбет өз заманында жорықтарға қатысқан, жорықшы, батыр болған. Оның толғаулары жырау өмірінінен мәлімет бере алады.
М. Мағауиннің мәлімдеуінше, «аға - ханға жақын феодалдардың титулы». Жырау жоғарыда келтірілген жыр жолдарында «ер», «аға» ұғымдарын ерекше тоқталады. Доспамбеттің қолданысындағы «аға» туыстық мағынасынан кеңейіп, елдің ағасы немесе өз қоғамындағы беделіне орай берілген дәреже мағынасында айтылған. Демек Доспамбеттің Азаулының әлеуметтік өмірінде рөлі ерекше болған. Жыраудың толғауларынан Доспамбеттің көп күндерін жорықтарда өткізіп ғана қоймай, өз заманының өмір салтына сай салтанатты да бастан кешірегенін көреміз.
Жырау толғауларының негізгі идеясы - ерлікті дәріптеу. «Кірмембес ауыр қолға бас болған» жыраудың «Айналайын Ақ Жайық» деп басталатын толғауында батыр туған ердің асқақ арманы айтылған.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Тест:
1. Қазтуған жыраудың туған жермен қоштасу жырын табыңыз
A) Алаң да алаң, алаң жұрт
B) Бұдырайған екі шекелі
C) Азау, Азау дегенің
D) Айнала бұлақ басы Тең
E) Айналайын Ақ Жайық

2. «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі» деп басталатын толғау қай жыраудікі?


A) Асан қайғы
B) Үмбетей жырау
C) Қазтуған жырау
D) Шал ақын
E) Жиембет жырау

3.Жабағылы жас тайлақ


Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
А) «Белгілі биік көк сеңгір».
В) «Салп-салпыншақ».
С) «Мадақ».
Д) «Еділ».

4. Қазтуғанның Өлеңін Табыңыз.


А) «Ағайының Көп Болса».
В) «Бұл Заманда Не Ғаріп?».
С) «Салп-Салпыншақ Үш Өзен».
Д) «Айналайын Ақ Жайық».

5. Қазтуған өзі жайлы қай өлеңінде айтқанын белгілеңіз.


А) «Әрайна, билер, əрайна».
В) «Белгілі биік көк сеңгір».
С) «Алаң да алаң, алаң жұрт».
Д) «Мадақ».

6. Қай жыраудың суреттеуіндегі арғымақ, табыңыз.


Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
А) Үмбетей жырау.
В) Доспамбет жырау.
С) Ақтамберді жырау.
Д) Шалкиіз жырау

7. Қазтуған туып-өскен жер аттарын атаңыз.


А) Ертіс, Қарашың.
В) Ақсу, Балқаш.
С) Еділ, Жайық, ойыл.
Д) Ертіс, Жемекей

8. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз.


А) хан.
В) шонжар.
С) қара.
Д) дана.

9. Жыраулардың шығармашылығына тəн ортақ сипатты белгілеңіз.


А) мəңгілік өлмес махаббат құдіретін жырлауы.
В) қысқа тұжырымдар арқылы берілуі.
С) философиялық терең афоризм, шешендік сөз байлығы.
Д) тарығу сарыны мол кездесуі.

10. Қазтуғанның жырын табыңыз.


А) «айналайын, ақ жайық».
В) «бұл заманда не ғаріп».
С) «еділ».
Д) «мұнар күн».

Сұрақтар:



  1. Қазтуған жырларының маңызы. Қандай?

  2. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза

ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы?

  1. Қазтуған толғауларының тақырыбы қандай болды?

  2. Қазтуған жырларында көп кездесетін көркемдегіш құралдар?

  3. Қазтуған жыраудың өмір сүрген ортасы?

  4. Жыраудың өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдар?





9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет