Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары


Шал ақын мен Көтеш ақынның шығармашылығы



бет17/17
Дата06.04.2023
өлшемі116,21 Kb.
#80063
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер (1)

Шал ақын мен Көтеш ақынның шығармашылығы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Шал ақынның өмірінен мәлімет,шыққан ортасы, Анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі.
2. Шал ақын Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша “Қазақ
халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам”.
3. Шалдың -өз дәуірінең даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы.
4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев екендігі.
5. Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы.
6. Шалдың хат тануы, оған “Мен өзім талай сөзді хатпен жазған” деген
өлеңнің дәлел болуы.
Шал ақын – XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі.Әр түрлі тақырыпты қозғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі екендігін дәлелдегендей еді. XV–XVIII ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының өздері өмір сүрген қоғамдық ортамен байланысты болмаса, соншалықты шыншыл, сыншыл терең поэзия тумаған болар еді. Мазмұн мен түрдің бірлігі де содан. Шал шығармалары туралы да соны айтуға тура келеді. Шал өлеңдерінің қоғамдағы теңсіздік, заман, адам жайы анық көрініп тұрады, бірақ біз әлі атығайлық айтқыш қарттың батыр әкелеріне, өлеңдеріне сырттай тамсанып, іштей сыналап ене алмай жүрміз. Мен марқұм Ғали Әбетовтың «Шал ақын жайындағы жаңа деректер» деген мақаласын ден қоя оқыдым. Автор біраз материалдарды қараған екен. Әйтсе де, әңгіменің дені Күлеке батыр жөнінде де, соңғы бір-екі беті Шал өлеңдеріне арналады.М.Мағауин Шал ақынның әкесі туралы біраз мәліметтер береді: «Құлеке жайында нақты деректер де сақталған. Ол 1742 жылы Орта жүз бен Кіші жүздің хан-сұлтандары белді батыр, билерімен бірге Россия қол астына қарайтындығы туралы тарихи ант береді. Абылай атынан әлденеше рет елшілікке барады. Орыс үкіметінің ресми документтерінде оның есімі жиі кездеседі. Бұлардан Кұлеке батырдың өз заманында аса ықпалды адам болғаныдығы көрінеді» . Құлеке батырдың төрт әйелінен алты ұлы болған. Одан тараған ұрпақтар 80 үй шамасында, қазір сол бабалары мекен еткен аймақта тұрады.
Шал ақынның сүйегі Есіл өзені бойындағы Қаратал деген жердегі зиратқа қойылған деген мәлімет беріледі. «Баласы болмай келіп, қартайыңқыраған шағында Шал ақын Мәлібай, Мәлике деген екі перзент көріпті. Мәлібайдан қазір ұрпақ жоқ. Мәликені қалың Қыпшақ ішінде Нұрым деген кісіге ұзатқан екен, Нұрымнан Айтбай, Айтбайдан Наушабай, Наушабайданбелгілі ақын Нұржан Наушабаев туған» деген мәліметтер белгілі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.

Тест:
1. Шал ақын ерекше көп жырлаған тақырып


A) жер мәселесі
B) батырлық, ерлік
C) кедейлік
D) махаббат
E) табиғат
2. Шал ақынның адамның жас кезеңдерін жырлайтын толғауын табыңыз
A) Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің
B) Бір жаста, екі жаста бесіктемін
C) Бұл дүниенің мысалы
D) Шежірелі қартың болса
E) Дегдар қыз
*****
3. Толғау жанрын ой толғау, сыр толғау деп жіктеген ғалым кім?
A) Б.Әбілқасымов
B) М.Мағауин
C) С.Мұқанов
D) М.Әуезов
E) Е.Ысмайылов
*****
3. Жыраулық поэзияның ең соңғы өкілі ретінде кімді атаймыз?
A) Мұрын жырауды
B) Махамбетті
C) Бұқарды
D) Көтеш ақынды
E) Шал ақынды
*****
4. Жыраулар поэзиясында сырт жаулар ретінде кімдер айтылған?
A) қалмақтар
B) татарлар
C) башқұрттар
D) Хиуа хандығы
E) Сібір казактары
*****
4. Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» деп кімді атайды?
A) Абылай ханды
B) Сыпыра жырауды
C) Бұқар жырауды
D) Шалкиізді
E) Асан қайғыны
*****
5. Қазақ әдебиеттану ғылымында толғау жанрының поэтикалық ерекшеліктерін арнайы зерттеген ғалымды атаңыз
A) Б.Әбілқасымов
B) М.Мағауин
C) Е.Исмаилов
D) С.Мұқанов
E) Е.Тұрсынов
*****
6. Жыраулар поэзиясында тұрақты кездесетін эпитеттер
A) қоңыраулы, толғамалы
B) қоғалы, биік
C) ақ, боз, ала
D) жалаулы, алтын
E) торы, қара
*****
7. Толғаудың ерекшелігі
A) тирадаларға бөлінуі
B) әнмен айтылуы
C) бір ұйқасқа құрылуы
D) ұсақ, көлемді болуы
E) ауызша жеткенінде
*****
8. Жыраулар поэзиясы даму кезеңдеріне қарай нешеге бөлінеді?
A) 2
B) кезеңдерге бөлінбейді
C) 6
D) 4
E) 3
*****
9. Қазақ поэзиясын ең алғаш классификациялаған кім?
A) М.Мағауин
B) Ш.Уәлиханов
C) М.Әуезов
D) З.Ахметов
E) Ы.Алтынсарин
*****
10. Жыраулар поэзиясының тілін зерттеген ғалым
A) М.Мағауин
B) Ә.Марғұлан
C) Қ.Өмірәлиев
D) Р.Сыздықова
E) М.Әуезов

Сұрақтар:


1.Шал «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам»
деген пікірді кім айтқан?
2.Шал неше жасынан өлең шығарған?
3.Шалдың қазіргі кезде ұрпақтары бар ма, бар болса кімдер?
4.Шал ақын туралы деректерді салыстыру, салғастыру;
5.ақын шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық қырларын айқындау, тақырыптық ырларын қарастыру;

  1. 6. өлеңдердің танымдық (адам қылық-әрекеттері, жат мінездер, кәрілік, жастық, жақсы мен жаман туралы ой-толғамдарын) жағын қарастыру,

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет