Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары



бет6/17
Дата06.04.2023
өлшемі116,21 Kb.
#80063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер (1)

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ — 13 ғ-дың 2-жартысынан 15-ғ-дың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемл-тің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әр түрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Әбу Хайан, ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті. Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: “Мұхаббатнаме” дастаны, 1353 ж. жазылған “Мұхаббатнамеде” мәснауи (әр екі жолы өзінше ұйқасатын өлең формасы), ғазал (алғашқы екі жолы ғана ұйқасып, әрі қарай ақсақ ұйқас болып кететін өлең) түрінде келіп отырады. Осы тәртіп аталмыш дастанда да сақталған. Кітаптың соңында мінәжат (аллаға жалбарыну), қыта (филос. түйін), шағын әңгіме берілген. Негізгі бөлім — он бір арнауда (намеде) ғашық болған жігіттің сұлу қызға сүйіспеншілігі жырланады. Ақын арнауларында адамның кіршіксіз сезімін, асыл махаббатты ардақтауды жыр етеді. “Хұсрау мен Шырын” дастанының тақырыбы — Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік, шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатындығы жырланды. Хұсрау мен Шырын туралы аңыз Таяу жөне Орта Шығыс, Закавказье, Орта Азия, Үндістан халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. “Хұсрау мен Шырын” дастанын Низами салжұқ сұлтаны Тоғрұлбектің өтініші бойынша жазған. Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы эпик. жырды Алтын Орда ақыны Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударды, бірақ ол бізге жетпеген. Қолжазбаның жалпы көлемі 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар. Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130 тараудан тұрса, Қүтбтың аудармасы — 90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000 бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған. “Гүлистан би-т-Турки”— Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидің қаламынан туған дастан. Мұны Мысыр ғұламаларының өтініші бойынша Алтын Орда ақыны Сайф Сараи 1391 ж. парсы тілінен түркі тіліне аударады. Осы аударманың біздің заманымызға келіп жеткен жалғыз көшірмесінің көлемі 371 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар. Кітаптың кіріспе бөлімін Сайф Сараи қара сөз араластырып өлеңмен жазған. Кітаптың соңына сегіз түркі ақынының өлеңдері және олардың әрқайсысына Сайф Сараидың қайтарған жауаптары тіркелген. Соңғы беттерде ақынның бұдан басқа да ғазалдары мен төрттағандары бар. Сонымен негізгі аударма 10-беттен басталып, 335-бетпен аяқталады. Кітап сегіз тарауға (бабқа) бөлінген. Әр тарауға үлкенді-кішілі хикая, әңгімелер топтастырылған. Өз заманындағы “Гүлстан” сияқты аса көрнекті шығарманы қолға алып аударуы Сайф Сараидың үлкен ақын болғандығын аңғартады. Алтын Орда ақындары Әли (13 ғ.) “Қисса Жүсіп”, “Хұсам Қатиб” (14 ғ.), “ Жұм-жұма”, Сайд Ахмед (15 ғ.) “Ташшуқнаме”— Хорезмидің шығармаларына еліктеп жазған. Алайда бұлардың тілдік, стильдік, поэтик. ерекшеліктері жете зерттелген емес. Азаматтық тақырыпқа арналған шығармалармен қатар, Алтын Орда дәуірінде діни мазмұнды аудармалар да пайда болды. Солардың бірі — “Қиссас ул-Әнбия”. Авторы—Наср әд-Дин ибн Бұрхан әд-Дин әр-Рабғұзи. Автордың айтуынша, “Пайғамбарлар туралы қысқа әңгімелер” деп аталатын бұл еңбегін араб, парсы тілінде жазылған әр түрлі сапалы шығармалардан іріктеп, құрастырған. Алдын ала осындай жұмыстарды атқарып барып түркі тіліне аударған. Жинақта 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре бар. Ол “Наһдж ул-Фарадис” деп аталады. Казақша аудармасы — «Фарадис пейішіне апаратын жол». Авторы — Махмұд ибн Әли. Еңбек Алтын Орданың астанасы — Сарай қ-нда жарық көрген. 444 беттен тұратын ( қолжазбасы Стамбұлда сақталады. Кітап 4 тараудан тұрды. 1-тарау Мұхаммед пайғамбардың өмірін баяндауға арналған. 2-тарауда пайғамбардың серіктері — алғашқы халифтар — Әбу Бәкр, Омар, Осман, Әли туралы өмірбаяндық және тарихи деректер келтіріледі, ал 3-тарауда исламның негізгі тәртіптерін сактау туралы, ата-аналарға құрмет көрсету, жарлыларға көмектесу туралы, арам мен адал, қиыншылыққа шыдау туралы үгіт-насихат айтылып, 4-тарауда қан төгудің, зинақорлықты ішімдікке салынудың қылмыс екендігі түсіндіріледі, тәкаппарлықтан, өсек пен өтіріктен, өсімқорлықтан, кекшілдікте салғырттықтан сақтандырады. Соңғы шығармалардың мазмұны жағынан ерекше мәнді болмасада, лингвист.-стильдік, ғыл.-этногр. тұрғыдан маңызы зор. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай-қайсысы да қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған. Қазақ тілі кыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетіндігін ескерсек, Алтын Орда дәуірінді әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет