Дәрістің қысқаша мазмұны: Фольклор мәтіндерінің салтқа қатысты не қатыссыз болып келуі, қара сөзбен немесе өлең түрінде айтылуы, әуенмен не әуенсіз, жеке адам немесе көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі. Бұл өзгешеліктердің жанр мен жанрлық түрлерге қатысы. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.
Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер. Оларда эпикалық, лирикалық және драмалық белгілердің орын алуы. Ауыз әдебиетінің өмірлік негіздері. Идеализиция мен ұлғайту /гиперболизация/. Қиялдың қызметі. Сатира, юмор, мысқыл. Көркемдік бейнелеу құралдарының /эпитет, теңеу, метафора, символ, т.б./ атқаратын қызметі. Фольклордағы сюжет пен мотив. Қайталаулар мен оның түрлері. Тұлғалардың жасалу жолдары. Уақыт пен кеңістіктің түрлі жанрлардағы сипаты.
Тарихи поэтика. Фольклорлық шығармалардағы көркем формалардың даму, өзгеру ерекшеліктері. Жанрлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық процестермен сабақтастығы, белгілі-бір дәуірге қатыстылығы /тарихи оқиға, тарихи адамдар, белгілі жер-су, елді мекендердің атаулары, мәдени-материалдық заттар, жазба ескерткіштер мен тарихи деректердің /құжаттардың/ куәландыруы, т.б./. Жанрдың барлық құрамдас бөліктерінің түрлі дәрежеде тарихи өзгеру үстінде болатындығы. Фольклорды зерттеудегі тарихилық /историзм/ принципі. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Сұрақтар: Фольклордың идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, өмірде атқаратын қызметіне /функциясына/ қарай жіктеу.
Тегіне қарай бөлу принциптері.
Жанрлық түрлердің бөліну жолдары.
1
3
Фольклордың тектері мен түрлері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Фольклортану ғылымының басты обьектісі мен негізгі міндеттері.
Фольклордың көп қырлылығы мен синкреттілігі.
Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жайлы ой-пікірлер.