Дәрістің қысқаша мазмұны: Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Ислам дінінің әсері. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысы. Эпостық жырлар, ертегілер мен аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, тарихи жырлар мен өлеңдердің қалыптасуы мен дамуы. Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрестің фольклордағы көріністері. Ауыз әдебиетіндегі жаңа тақырыптар. Лирикалық өлеңдердің, ақындар айтысының өркендеуі. Жұмысшы фольклоры. Қисса-хикая, дастан жанрының кең таралуы. 1916 жыл оқиғаларына байланысты туған халықтық шығармалар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Сұрақтар: Феодалдық қоғамдағы фольклор.
Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы.
Ислам дінінің фольклорға әсері.
Эпостық жырлар, ертегілер мен аңыздар,шешендік сөздер т.б.
1
7
Кеңестік кезеңдегі фольклор Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Қазіргі дәуір фольклоры.
Кеңес дәуірінде пайда болған ауыз әдебиетінің үлгілері және оның мазмұны.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Фольклордағы өзгерістер, көне жанрлардың тағдыры. Буржазиялық және пролетарлық мәдениет ұғымы. Ауыз әдебиетін кеңестік идеологияға бейімдеудің себеп-салдарлары мен зардаптары. Төңкерістік дүниетаным әсерімен туған өлеңдер. Жұмысшы, еңбек-кәсіп, колхоз тақырыптарына байланысты өлең-жырлар. Байлардың мал-мүлкін зорлықпен тәркілеу, асыра сілтеу кезеңінде туған мұң-шер өлеңдері. Репрессия құрбандарының айдалу сүргінінде және түрмеде шығарған қасіретті толғаныстары. Ән-өлеңдер мен термелер. Фашистік Германияға қарсы соғыс кезіндегі фольклордың сипаты. Отан қорғау, тылда еңбек ету тақырыбы.