Дәріс тезистері ап та


Фольклордың шағын жанрларының табиғаты



бет5/18
Дата25.11.2022
өлшемі96,45 Kb.
#52553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
лекция халық ауыз әдебиеті

Фольклордың шағын жанрларының табиғаты
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Фольклордың жанрлық түрлеріне тән ерекшеліктер.

  2. Фольклордың танымдық түрлері.

  3. Фольклордың көркем түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет пен фольклор. Ақындық өнердің өркендеуі. Лирикалық өлеңдердің қанат жоюы. Терме, толғау, арнау өлеңдеріндегі даралық және ұжымдық белгілер. Әдебиет пен фольклордағы дидактикалық мотивтер, варианттылықтар. Ағартушы-демократтар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармашылығындағы фольклордың көрінісі, қолданылу сипаты. Шығыс халықтарының әдебиеті мен фольклорындағы сюжеттердің ХІХ ғасырда қазақ даласында жазбаша және ауызша таралуы. Қисса-дастандардың кітап болып шығуы/Ж.Шайхсламұлы, Ш.Жәңгірұлы, А.Сабалұлы, т.б. шығармалары/. Ағайынды Каримовтардың жинаушылық, редакторлық, баспагерлік жұмыстары. Айтыс жанрының әдебиетке қатысы. Жазба айтыстың пайда болуы. Мысал жанры. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің фольклормен байланысы. Роман жанрының қалыптасуындағы халық прозасының дәстүрі. Мысалдардың өркендеуі. Поэма жанрындағы эпикалық үрдіс /И.Дәукебаев “Бекболат батыр”, К.Әзірбаев “Әли батыр”, О.Шипин “Амангелді”, “Торғай соғысы”, т.б./ Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор. 20-30 жылдардағы көркемдік ізденістер мен ауыз әдебиетінің байланысы. Ж.Жабаев, Н.Байғанин, И.Байзақов, К.Әзірбаев шығармашылығында фольклор мен әдебиеттің қанаттас болуы. Халық ақындарына әдебиеттің әсері. Ақын, жазушылар шығармашылығының фольклормен тікелей және жанамалы түрде байланысты болатындығы. Фолклор мен поэмалар /С.Сейфуллин “Көкшетау”, М.Жұмабаев “Батыр Баян”, “Қорқыт”, С.Мұқанов “Сұлушаш”, І.Жансүгірів “Күйші”, т.б./, лирикалық өлеңдер. Фольклор мен проза жанрлары /аңыз, ертегі, апсана, миф сюжеттерін пайдалану/. Ән-өлеңдер. Қазіргі қазақ әдебиетінде фольклор сарынын пайдалану деңгейлері. Мифтік, аңыздық мотивтердің жазба әдебиетте адамзаттық мәні бар идеялар көтеруге жұмсалуы. /“Көшпенділер”, “Алтын Орда”, “Аңыздың ақыры”, т.б./. Фольклоршылық күллі әлем әдебиетін көркейту жолындағы тенденциялардың біріне айналуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет