Дәрістің қысқаша мазмұны: Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстастығы. Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің фольклорға әсері. Өзара байланыс әдеби-фольклорлық процестердің түрлі деңгейінде түрлі сипатта болатындығы/халықтығы, идеясы, тақырыбы, жанры, сюжеті, мотиві, көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдері, образ жүйесі, құрылысы, т.б. бойынша/.
Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі /Ү-ХҮғғ/фольклордың ролі. Мифтер, аңыз әңгімелер, халық өлеңдері, мақал-мәтелдердің түркі жазба ескерткіштерінен алатын орны. Олардың қолданылу себептері. Орхон-Енисей жазбаларындағы ерлік пафос пен эпостық жырлардың үндестігі. “Қорқыт ата кітабы”, “Оғыз наме”, т.б. кітаптарда кездесетін қазақтың миф, ертегі, хикая, эпос жырларындағы сюжеттер.
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы. Жыраулар шығармашылығының әдебиеттік және фольклорлық сипаттары. Олардың репертуарларына ұжымдық пен жеке авторлық шығармалардың ортақ болуы. Ауызша айтылуына байланысты бұл дәуірдегі әдебиетте ұқсас қайталаулардың, ортақ көркемдік тәсілдердің кездесетіндігі. Стильдегі формулалық өзгешеліктер. Толғау, арнау өлеңдерінің фольклорға қатысы. Жыраулар поэзиясында елдің азаттық, бірлік, ерлік үшін күресінің асқақ бейнеленуі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Тест Ауру адамды, малды емдеу мақсатында он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын ғұрыптық өлең
А) Жалбарыну
В) Терме
С) Қоштасу
D) Бәдік
Е) Бата
Жас адамға қарата жасы үлкен адам тілек тілеу мақсатында айтатын ғұрыптық сөз үлгісі
А) Ертегі
В) Бәдік
С) Бата
D) Жаңылтпаш
Е) Мақал
Бақсының емші, тәуіп, сынықшы тағы басқалардан айырмашылығы:
А) Шөптің көмегімен ем жасауында
В) Тамыр ұстап емшілік жасауында
С) Жын-перілердің көмегіне сүйенетіндігінде
D) Дәрі-дәрмек қолдануында
Е) Музыкамен емдейтіндігінде
Ораза кезінде айтылатын діни салт өлеңі
А) Жар-жар
В) Жарапазан
С) Бәдік
D) Жұбату
Е) Тойбастар
Қайғылы хабарды жеткізу мақсатында айтылатын салт өлеңі
А) Сыңсу
В) Жарапазан
С) Жұбату
D) Қоштасу
Е) Естірту
Үйлену салтына байланысты өлең түрлерінің бірі не себепті "жар-жар" деген сөзбен аяқталып отырады?
А) Әдемі ұйқасатындығына байланысты
В) Айтушылардың ұйқас таба алмағандығы себепті
С) Үйдің қабырғасы мағынасында
D) "жарылқай гөр!" деген өтініш-тілек ұғымында
Е) “енді сен біреудің жарысың!” деген ұғым-түсінікті санаға сіңіру мақсатында
*****
“Бүйі, бүйі, бүйі шық!
Бүйі келді Қамбар шық!
Қамбар болса қалмай шық
Тас төбеден таймай шық!
Майтабаннан талмай шық!”,-деген үзінді тұрмыс-салт жырларының қайсысына жатады?
А) Бата
В) Арбау-байлау өлең
С) Жарапазан
D) Сыңсу
Е) Амандасу