Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет16/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Анықтауыш. Анықтауыш. Сөйлемде зат есiмнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшенi сын- сапалық, сан- мөлшерлiк, меншiктiлiк- қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшенi анықтауыш дейдi. Қандай? қай? кiмнiң? ненiң? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешiншi? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың бiрiне жауап бередi.
Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметiнде жұмсалатын сөздердiң өзiне тән, кейде көп затқа ортақ сапалары болады. Сол сапасына қарай сөйлем iшiндегi сөздердiң атрибуты анықталады. Олар заттың түрi, түсi, көлемi, салмағы, тб сияқты сипатын анықтайды да, анықтайтын сөзбен сөйлем iшiнде тығыз байланыста тұрады. анықтауыш пен анықталатын сөз фразалық бiр екпiнге бағынып, бiр түйдек болып тұрады. Сондықтан олар әрдайым қабыса байланысады. Анықтауыштар зат есiмнен болған мүшенi анықтайды. Кейде ғана есiмдi, сан есiмдi анықтауы мүмкiн. Анықтауыштар бiр я бiрнеше сөзден құрала бередi. Сол ерекшелiктерiне қарай олар дара, күрделi, үйiрлi болып 3- ке бөлiнедi. Түрлi сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары да әр түрлi болады. Мағынасына қарай сапалық анықтауыш, меншiктi анықтауыш болып екiге бөлiнедi. Сапалық анықтауыштарға сан есiм, сын есiм, есiмдiк, есiмшелер жатады да, меншiктi анықтауышқа iлiк жалғауында айтылған анықтауыштар жатады. Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерiмен қабыса байланысады, меншiктi анықтауыштар матаса байланысады. Өзара берiк байланыста тұрған сөздер де бiрнеше сөздерден тұруы мүмкiн. Осыған байланысты анықтауыштың құрамы анықталады. 1. Күрделi анықтауыш 2. Үйiрлi анықтауыш. Күрделi анықтауыштар өзара қабыса және матаса байланысқан әр түрлi сөз таптарынан құралады. Үйiрлi анықтауыштар тобының құрамында сөздердiң бiрiншi сыңары зат есiм, жiктiк, өздiк есiмдiктерi болады да, олар түбiр күйiнде не тәуелдiк жалғаудың көбiне III жағында айтылады. Ал олардың екiншi сыңары сын есiм, есiмше, бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады. Күрделi және үйiрлi анықтауыштар дауыс ырғағы жағынан бiр ритмикалық топ болып келедi. Бұл сөйлемде тiзбектелiп айтылған бiрнеше анықтауыштардың жiгi сол дауыстау тұтастығына қарай айырылады. Мысалы: Қақтаған ақ күмiстей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзi нұр жайнайды (А) дегенде екi күрделi, бiр үйiрлi анықтауыш бар. Аласы аз үйiрлi анықтауыш. Анықтауыш болатын сөздер – негiзiнен сын есiмдер, сан есiмдер, сiлтеу есiмдiктерi, сондай-ақ есiмше, зат есiмдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет