Екi негiздi және бiр негiздi жай сөйлемдер. Жай сөйлемдер құрылымдық ерекшелiгiне қарай екi негiздi және бiр негiздi жай сөйлем болып бөлiнедi. Құрылымында екi негiзгi мүше – бастауыш, баяндауыш болып сөйлем соларды тiрек етiп құрылса, ол екi негiздi сөйлем болады. Екi негiздi сөйлемнiң басты белгiсi түпкiлiктi құрылысына қарап танылады. Екi негiздi сөйлемнiң басты мүшелерi, кейде екеуi де түсiрiлiп айтылуы мүмкiн.
Сөйлемде бiр ғана негiзгi мүше болып, сөйлем сол мүшенi ғана тiрек етiп құрылған болса, олар бiр негiздi сөйлем болып танылады. Бiр негiздi сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екi түрлi. Бiр түрi арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшенi тiрек етiп құралады: оны бұзуға болады. Екiншi түрi бастауыш деп те, баяндауыш деп те тануға келмейтiн– тiрек мүше деп аталатын компоненттi негiз етiп құралады.
Екi негiздi жай сөйлемнің ерекшелігі. Сөйлемдi тiлдiң коммуникативтiк аспектiсi тұрғысынан қарастыратын болсақ, тiлде ең жиi қолданысқа түсетiн сөйлемдерге екi негiздi жай сөйлемдер жатқызылады. Жай сөйлемдi типiне қарай ажыратуда сөйлем мүшелерiнiң қызметi баса назарға алынады. Сөйлем мүшелерi тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екiге бөлiнетiн болса, тұрлаулы мүшелер сөйлемнiң негiзiн қалайтын басты тұлғалар болып табылады. Жай сөйлем заттың өзi мен оның әр алуан сапаларын бiлдiретiн тұтастық негiзiнде жасалады. Тiлiмiзде тiршiлiктiң сан түрлi құбылыстарын жеткiзу iс- әрекет пен оның иесiнiң арасындағы байланыстан өрбидi. Iс- әрекет пен оның иесiнiң арасындағы байланыс тiлде бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынастан көрiнедi. Бұлар сөйлем құраушы негiзгi мүшелер болғандықтан тұрлаусыз мүшелер олардың маңына семантикалық жақтан үйлесiм тауып, байланысқа түседi. Анықтауыш зат есiмнен болған бастауыштың сындық сапасын анықтау үшiн байланысса, толықтауыш пен пысықтауыш етiстiктен болған баяндауыштың семантикалық өрiсiн кеңейтiп, грамматикалық байланысқа түседi. Құрамында бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысқан сөйлемдер екi негiздi жай сөйлемдер деп аталады. Себебi, сөйлемдi құраушы негiзгi мүшелердiң екеуi де синтаксистiк байланыста тұр.
Екi негiздi жай сөйлем бiр негiздi жай сөйлемге қарағанда ең өнiмдi, өте жиi қолданылатын тип болып табылады. Өйткенi сөйлемдi тудырушы денотаттар айналымызда қоршаған объективтi нақты өмiр-материяға тән заттар екенi аян. Ал заттардың сын – сапалары алуан түрлi болып келедi. Сондықтан да жай сөйлем көбiнесе заттың тiлегi көшiрмесi зат есiмнен ғана тұрмайды. Оның әр алуан сапаларымен бiрге тұтасып қолданылады. Яғни, тiршiлiктiң сан түрлi құбылыстары тiлiмiздi екi негiздi жай сөйлемдi құрушы турлаулы мүшелер-бастауыш пен баяндауыш арқылы бiлдiрiледi.
Жай сөйлемнің негізі тұрлаулы мүшелерден құралатыны белгiлi. Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелердің де қызметі ерекше. Олар анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп аталады. Бұлардың тұрлаулы – тұрлаусыз болып аталуы атқаратын қызметтерiне тiкелей байланысты. Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемдi құрушы негiз мүшелер болғандықтан аталмыш сөйлемнiң түрi екi негiздi жай сөйлем деп бөлiнедi.
Тұрлаусыз мүшелер өздерiнiң қызметтерiне сай осы екi негiздi құрушы бастауыш пен баяндауышқа қатынасады. Анықтауыш зат есiмнен жасалған бастауышты жан-жақты, сан-салалы мақсатта анықтап тұрады. Ал толықтауыш пен пысықтауыш етiстiктен болған баяндауышты жан-жақтан толықтырып, пысықтап өз алдына топ құрады.
Екi негiздi жай сөйлем – коммуникативтiк аспектi тұрғысынан ең көп қолданылатын тип. Екi негiздi жай сөйлем баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай есiмдi және етiстiктi болып бөлiнедi. Бұлар тұрлаусыз мүшелердің қатысына сәйкес жалаң және жайылма болып сипатталады. Тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұрса, жалаң жай сөйлем болады: Күз түстi. Күн суытты. Аспан бұлтты т.б. Ал бастауыш пен баяндауыш өз құрамына кемiнде бiр тұрлаусыз мүшенi қатыстырса онда ол сөйлем жайылма екi негiздi жай сөйлем болады. Кәрi әже күндегi машығы бойынша бесiк жырын айтады. Кәмшат тез ұйықтамайды (М. Әуезов). Екi негiздi жай сөйлемнiң бастауыш негiзiнен зат есiмнен жасалады. Бiрақ субстантивтенiп басқа сөз таптары да бастауыш қызметiнде тұра бередi. Ал баяндауыш қызметiнде көбiнесе етiстiк көрiнедi. Алайда басқа сөз таптары да баяндауыш қызметiнде өнiмдi қолданылады.