Дәріс 5. Сөйлем мүшелері, олардың функционалдық ерекшеліктері Бастауыш.Сөйлемде атау септiгiнде тұрып, ойдың кiм, не жайында екенiн бiлдiрiп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшенi бастауыш деймiз. Бастауыш кiм? не? кiмдер? нелер? кiмiм? нем? кiмi? несi? деген сұрақтарға жауап бередi.
Бастауыш сөйлемнiң, предикативтiлiктiң негiзi. Бастауыш сөйлемдегi айтылатын ойға негiз болады. Сөйлемдегi айтылған қимылдың не басқа сапаның иесi болады. Бастауыш – барлық сапаның тегi, негiзi. Сөйлем iшiнде баяндауыштың валенттiлiк қасиетi жоғары болады. Валенттiлiк сөйлемнiң коммуникативтiк қызметiн айқындайды. Соған байланысты баяндауыштың синтаксистiк қызметi бастауышқа қарағанда басым. Сөйлемнiң танымдық қызметiн айқындауда бастауыштың орны бөлек. Баяндауыш бастауыштың iсiн, күйiн, қимылын және басқа заттық, сындық сапасын бiлдiрiп, бастауышқа бағынышты болады. Сөйлемдегi айтылатын ойға негiз болатын бастауыш тек атау тұлғасында болмайды. Ойдың иесi iлiк септiгiнде, барыс септiгiнде келе беруi мүмкiн. Осы тұрғыдан келгенде бастауышты валенттiлiк қасиетiне қарай грамматикалық бастауыш, логикалық бастауыш деп топтастыру заңды. Сөйлемнiң синтаксистiк қызметiне қарай грамматикалық бастауышы болмауы мүмкiн. Бiрақ мүлдем бастауышы жоқ сөйлем болмайды. Грамматикалық бастауышы жоқ сөйлемдерде логикалық бастауыш ойдың иесi болады. Бастауыш сөйлемнiң семантикалық құрылымына тiкелей байланысты. Сөздердiң валенттiлiгiн логикалық, семантикалық және синтаксистiк валенттiлiк деп үшке бөлу бар. Логикалық валенттiлiк адам ойында болады да, универсалды қасиетке ие болады. Семантикалық валенттiлiк сөйлем құрамында келгенде сөздер өздерiнiң айналасында қолданылған сөздердiң келуiн және олардың белгiлi бiр мағынада болуын талап етедi. Бұл байланыс екi нәрсеге : 1) тiркескен сөздердiң мағынасының сәйкес келу, келмеуiмен; 2) сөз мағынасындағы объектив дүниемен байланысқан элементiмен байланысты болады.
Синтаксистiк валенттiлiк сөйлем құрамындағы кез келген сөздiң басқа сөздермен тiркесу мүмкiндiгiн есепке алады. Логикалық валенттiлiк пен семантикалық валенттiлiк синтаксистiк валенттiлiктiң iшкi мазмұны ретiнде өмiр сүредi.Бұл валенттiлiктiң екi түрi сөз мағынасының құрамына енiп, көп қатпарлы мағынаның бiр элементi ретiнде тiлдiк нормамен байланысады. Логикалық валенттiлiк пен семантикалық валенттiлiк жеке адамға яғни айтушы мен жазушыға тәуелдi емес, объективтiк қасиетке ие. Логикалық валенттiтiк ой элементтерi арасында болады да, өз ықпалын семантикалық валенттiлiкке өткiзедi. Сөйлеу кезiндегi сөздердiң семантикалық валенттiлiгi синтаксистiк валенттiлiкпен байланысты ғана iске асады. Сөйлем iшiндегi сөздер байланысқа түсу үшiн олардың құрамындағы бiр сема ортақ болуы керек. Осыдан мағыналық байланыс пайда болады да синтаксистiк валенттiлiк анықталады. Сөйлем iшiндегi тiркесетiн сөздердiң саны валенттiлiктiң дәрежесiн белгiлейдi. Ол үшiн сөйлеу материалына айналған сөз тiркестерiне түскен сөздердiң бiреуi екiншi бiр сөздi мағынасы жағынан сәйкес келуiн талап етедi. Мағына жағынан басымдылық танытатын мұндай сөздi тiл бiлiмiнде өзектi сөз деп атайды. Тiл ғылымында баяндауыштың синтаксистiк қызметi басым болғандықтан баяндауышты өзектi сөз деп тану бар. Сөйлем iшiндегi өзектi сөздi анықтау сөздердiң синтаксистiк қызметiне қарай емес, семантикалық қызметiне қарай да анықтауға болады. Осы тұрғыдан келгенде бастауыштың семантикалық өрiсi баяндауышқа қарағанда әлдеқайда бай және кең. Сондықтан бастауыш логикалық жақтан да, грамматикалық жақтан да сөйлемдегi сөздермен байланысып синтаксистiк қатынасқа түседi. Бастауыш логикалық жақтан байланысқанда оның логикалық қызметi ой элементi арасында болады да, синтаксистiк қызметi семантикалық валенттiлiк арқылы өтедi. Мысалы, Беделдi қолдан жасауға болмайды деген сөйлемде сөйлемдегi айтылатын ойдың иесi маған не саған болуы керек. Бұл –логикалық бастауыш. Ал грамматикалық бастауыш сөйлем iшiндегi атау септiк тұлғасында тұрған сөз не сөз тiркесi болады. Грамматикалық бастауыштың дербес грамматикалық көрсеткiшi болмайды. Бастауыштарға қойылатын негiзгi сұрақтар – Кiм? не? Грамматикалық бастауыш қызметiнде жұмсалатын сөздер көптiк, тәуелдiк жалғауларда жұмсала бередi. Ол кезде сұрақтар сол жалғауларда айтыла бередi.Сөйлемде бастауышқа қойылатын сұрақтар жалаң күйiнде қойылмайды. Баяндауыш арқылы қабаттаса қйылады. Мысалы Ажар баяндама жасады –Кiм баяндама жасады? – Ажар. Бастауыш қызметiнде жұмсалатын сөздер негiзiнен есiмдер. Олар дара күйiнде жалаң, өзара не басқа сөздермен тiркескен күйiнде күрделi болып жұмсалады.