Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер



бет21/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
4. Түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер
Тiлiмiзге сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бiр iске қосу, жұмсау үшiн де пайдаланылады…үй құрығыр азынап кеттi ғой, тағы бiрдеме тауып жағасың ба? (Майлин). Мұндай сөйлемдер түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер деп аталады. Iске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында айтылуы коммуникативтiк мақсатқа байланысты. Ол мақсат – тiлектi, iске жұмсауды iзетпен, сыпайы бiлдiру.
Түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлемнiң баяндауышы келер шақ етiстiк пен ма, ме шылауларының бiрiгуiнен жасалады: аласың ба, келесiң бе.
Түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлемге баяндауыш болып етiстiк сөз болымды, болымсыз түрiнде қатысып, бiр-ақ синтаксистiк мағына бiлдiредi: Қалаға барып келесiң бе? - Қалаға барып келмейсiң бе?
Бұл жағдай альтернативтiк сұрақ iшiндегi етiстiктiң бұл екi формасының синтаксистiк мағына жағынан теңелу дәстүрiнiң көрiнiсi: Сол кiсi жолықпады ма? – Сол кiсiге жолықпайсың ба?
Түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер. Тыңдаушыны бiр iске қосу, жұмсау үшiн пайдаланылады. Мысалы, Үй құрғыр азынап кеттi ғой, тағы бiрдеме тауып жағасың ба? Бұл түрткi сұрақты бiлдiретiн сөйлем. Бұл сөйлемнiң жасалуында баяндауыш келер шақ етiстiк + –ме, -ме, шылаулары; баяндауышы болымды,болымсыз түрiнде қатысып, бiр ғана синтаксистiк мағына бiлдiредi. Мысалы, Қалаға барып келесiң бе? Келмейсiң бе? Бұл етiстiктердiң синтаксистiк мағына жағынан теңесу дәстүрi.
Бұйрықты сөйлемдер.
Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушiнiң бiреудi iске қосу, жұмсау үшiн айтқан пiкiрін бiлдiру үшiн пайдаланылады. Бұйрық мағына сөйлеу үстiнде түрлiше реңкте жұмсалады.. Осыған орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етiстiк формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.
1.Бұйрық мағыналы баяндауыштардың iшiнде негiзгi тiрек форма – етiстiктiң жалаң II, III жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тiрек форма деуiмiз – ол бұйрық мағынаны ешбiр қоспасыз жалаң түрде бiлдiредi. Көп сөздi қайтесiң? одан да тауығыңа ие бол, - дептi күзеттi Құрманға тапсырды да, Мақпал үйiне қайтты (Мұхамеджанов).
2. I жаққа қатысты бұйрықты, iс-әрекетке жұмсауды –айын, -ейiн, -айық, -ейiк формалы етiстiктерден жасалған баяндауыштар бiлдiредi. Етiстiк тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айын, -ай, -ын, -ейiн, -ей, -iн, -ай, -ей бұйрық мағына беретiн жұрнақ, -ын, -iн, -ық, -iк – жақтық көрсеткiштер. -ын, -н жықтық көрсеткiш ретiнде бұрын жиi жұмсалған.
III жаққа қатысты бұйрықты бiлдiру үшiн келсiн, айтсын тұлғалы бұйрық рай етiстiктер баяндауыш ретiнде жұмсалады.
3. Ауызекi тiлде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгiн формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: Сен ертең келгiн. Бұл баяндауыш тек анайы тұлғада келедi, сыпайы тұлғасы жоқ. Сөйлеуде де сирек жұмсалатын бұл форма өте көнеден келедi, әрi ол осы күнгi бiрқатар өзге формаларға негiз болған.
4. Бұйрықты өтiнiш ретiнде бiлдiру үшiн алсаңшы, алсаңызшы түрiнде құралғанетiстiктер баяндауыш болып жұмсалады. Егiннiң болары болды ғой, онан да шөптi айтсаңшы! (Жұмадiлов). Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Досжанов).
5. Бұйрықты тiлек, өтiнiш ретiнде бiлдiру үшiн сөйлемге -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары қатысқан етiстiк баяндауыштар қатысады: келгейсiң, келгеймiн. Оңаша жалғаз қалғанда, Есiңе менi алғайсың (Мақатаев).
6. Шартты рай тұлғалы етiстiктi қатыстырып бұйрық мағыналы баяндауыш жасау басқа түркi тiлдерiнде де бар. А.Н.Кононов түрiк тiлiнде ашсана (ашсаңшы), сөйлесене (сөйлесеңшi) деген бұйрық мағыналы етiстiктердi шартты рай тұлға негiзiнде жасалған деп есептейдi: ашса-н-а.
Қазақ батырлар жырындағы бар сана түрiндегi баяндауыштар кiтаби тiлдiң осы түрiк тiлiнде сақталған форманы өзiнше сiңiруiнiң нәтижесi болу керек.
Қой сана, батыр, қой сана
Ашуы жоқ бол сана
Қой дегенде қоймасаң,
Түсiремiн ой-сана!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет