Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет36/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Демеулiк шылаулық түрi: Тау қырқасы-Табиғаттың өз бөлiгi ғой, оның үстiнен сызық тарту қиынға түспес деп ойлананмен, сол таудың жон арқасы ду атқан оқтай түзу болмайды екен.
Сұраулық шылаулы түрi: Өздерiнiң қандас бауыры Демежанды сатқан Байсерке мен ысқақ ьұны аяр дейсiң бе, қатты қыспаққа алып сұраса, соның бәрiн ұйымдастырып жүрген Матеннiң өзiн ұстап берерi хақ.
Септеулiк шылаулы түрi: Күдерiнiң айтысатын ойы жоқ екен, бiрақ Дәмелi өлеңмен өзi соқтығып, бастырмалатып бара жатқан соң, амалсыз жауап қайтыруға тура келедi.
Аралас құрмалас сөйлемдердiң жасаулуында төл сөздер де кездеседi. Ал оның төл сөзсiз деп жiктелетiнiн құптай алмаймыз. Бiрiншiден, төл сөзсiз деп қолданудың қажетi жоқ, өйткенi мұндай құрылымдағы конструкциялар-кәдуiлгi байымдаудағы аралас құрмаласу.
Екiншiден, мұндай аталымды аралас құрмаласқа телитiн болсақ, басқа құрмалас түрiнiң де осындай тiлдiк өлшемге бағынуы керек. Ал мұндай өлшемнiң мағыналық топтастыруға болсын, интонациялық жiкте болсын, синтаксистiк байланыста болсын, екеуiнде бiрдей екенiн байқаймыз. Яғни, сөйлем компоненттерi төл сөздер арқылы болсын, оның қатысуының-ақ болсын мағыналық, интонациялық, синтаксистiк жағынан бiр ғана өлшумге бағынып құрмаласады. Тарта айтсақ, олар сабақтаса не салалас байланысудан тұрады және осындай ыңғайдағы мағыналық топтастыруға бағындырады. Осы себептi мұндай сөйлемнiң жiктелуiнде екiншi бiреуiнде бола алмайтындай жоқ.
Аралас құрмалас сөйлемнiң де төл сөзсiз, төл сөздi деп аталып жүргендерiнiң өзiндiк қасиеттерi шамалы. Мәселен: төл сөзсiз түрiн, яғни кәдiмгi аралас түрiн төл сөздi түрiнен, яғни кәдiмгi кейiпкер сөздi түрiнен ажыратуды ешқандай қиыншылық жоқ.
Сонымен, аралас құрмалас сөйлемнiң төл сөздерiң қатысуы арқылы жасалуында айтарлықтай өзгешiлiктi байқауға болады. Ол-бiрiншi, автор сөзiнiң айнасындағы, яғни , оның төл сөздi сөйлемнiң алдынан да, артынан да келу, ортасына да кiру қабiлетi. Осы айнамалыққа тән байланысу түрiндегi өзгешелiктер: бiрде бағыныңқылық, бiрде басыңқылық қызмет атқарады. Екiншi, мұндай өгешiлiкке ұрынған кез келген сөйлемдiк конструкциялар түрлi тыныс белгiлерiнiң жұмысын да жандандырады. Бұл әрине, басқа құрмалас түрлерiнен де көрiнуi мүмкiн, бiрақ аралас құрмалас сөйлемдердегiдей қомақты үлеске ие бола алмайды. Мысалдарға сүйенейiк:

  • Олардың сөзiне сенсек, менiң ауырмайтын жерiм жоқ: жүйке жұқарып, жүрек әлсiреген. Оның автор сөзiмен жұптасып жұмсалуы: Демежан да ойындағысын iрiкпей мыналарға шын сөзiн айтты:-Ағайын деп ақыл салғаның рас болса ендiгi қарсылықтан түк пайда жоқ, ағайындар. Бұл конструкцияда автор сөзi сөйлем басында тұр.

Автор сөзiнiң төл сөз компоненттерiнiң ортасында келуi де жиi кездеседi: -Ауруы несi?… Шүкiр, ондайдан аманбыз,-дедi күйеуiнiң жүрек көңiлiне риза болғандай, жадырай жалп етiп, -соған солай көрiнген шығар. Автор сөзiнiң төл сөз компоненттерiнiң кейiн орналасуы тiптi көп десе де болады: - Мен бүгiн-ақ жүрiп кетуге iзiрмiн,-деп Демежан орнынан тұра берiп едi, Ши-амбы сәл күте тұр дегендей ишара бiлдiредi.

  • Соңғы сөйлемнен “деп” көмекшi етiстiгiнiң синтаксистiк компоненттердi байланыстырудағы айрықша қызметiн байқауға болады

  • Бұл да құрмалас сөйлемдердiң, оның iшiнде аралас құрмалас сөйлемнiң төл сөз бен автор сөзi арқылы қрмаласуындағы өнiмдi тәсiл. Және “…қазiргi әдеби тiлiмiзде деп дәнекерiнiң дәнекерленушi компоненттердiң ортасында, яғни сөйлем ортасында келетiн тәртiбi әбден қалыптасқан норма екенi аян”.

Сонымен, тiлiмiздегi аралас құрмалас сөйлемдер құрамындағы компонеттерiнiң саны мен байланыстырушы амал-тәсiлдерiнiң көптiгiмен сипатталатын құрмалас сөйлемнiң ерекше түрi болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет