Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Дәріс 13. Төл сөз және автор сөзі, Төлеу сөз



бет44/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Дәріс 13. Төл сөз және автор сөзі, Төлеу сөз
Төл сөз. Қазақ тiлi бiлiмiнде қалыптасқан дәстүр бойынша төл сөз деп жазушының я сөйлеушiнiң сөздiгi жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын, ешқандай өзгерiссiз, бұлжытпай алып, өз сөзi iшiнде қолданған бiреудiң сөзiн айтамыз.
Қолдану орнына және қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат, диалог түрiнде келедi.
Цитат түрiндегi төл сөз, негiзiнде, саяси әдебиеттерде, ғылыми және әр алуан публицистикалық еңбектерде қолданылады. Цитат ретiнде келтiрген төл сөздiң айналасында оны пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушiнiң өз сөздерi қоса қолданылады. Ол – автор сөзi деп аталады.
Автор сөзi диалог түрiнде келетiн төл сөздерде де болады. Бiрақ диалог түрiндегi төл сөз қолданылу орны жағынан да, функциясы жағынан да цитат түрiндегi төл сөзден басқа. Қолданылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында қолданылады. Мұндағы төл сөз боп саналатындар – көркем шығармалардағы персонаждар сөздерi. Ал персонаждарға сөз берiп, оларды сөйлестiрiп отырған жазушының өз сөзi автор сөзi болып есептеледi. Сондықтан диалог төл сөз, цитаттағыдай, оны қолданушы автордың пiкiрiн дәлелдеу үшiн қолданылмайды. Жеке адамдардың (персонаждардың) бiр-бiрiмен сөйлесуi, әңгiмелесуi түрiнде болады.
Мысалы: Бiр сөздiң ретiнде Әбдiрахманға:
- Елiңдi қыстан шығардың ба, бала? – дедi бай
- Шүкiр, шығардым, - дедi Әбдiрахман (Б.Майлин).
Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келедi: ол жеке бiр сөз болуы да мүмкiн, бiр сөйлем немесе әлденеше сөйлемдер тiзбегiнен құралған тұтас бiр үзiндi болуы мүмкiн.
Төл сөз бен автор сөзi арасындағы байланысты қамтамасыз ететiн байлауыш дәнекер –де көмекшi етiстiгi.
Төл сөздiң бастапқы дербестiгiн толық сақтай отырып, оның автор сөзiмен байланыстыру функциясын де етiстiгiнен басқа ешбiр сөз, ешбiр грамматикалық форма атқара алмайды. Де етiстiгiнiң - төл сөздiң төл сөз екенiн танытудағы қасиетi де осы функциясында.
Төл сөздi автор сөзiмен байланыстыру функциясында қолданылғанда де етiстiгi дедi, дегендер, дейiн, дейдi, дептi, деп, десе және есiмшенiң әр алуан септiк жалғаулы түрлерiнде айтылады.
1. Төлеу сөз
Жазушы, сөйлеушi адам бiреудiң сөзiн, пiкiрiн пайдаланғанда, оны, жоғарыда айтылғандай, әрдайым ешқандай өзгерiссiз, бұлжытпай келтiрiп отырмайды. Кейде оны азды-көптi болса да өзгертiп, өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, кейбiр сөздерiн алып тастап, грамматикалық кейбiр формаларын өзгертiп пайдаланады.
Төл сөз бен төлеу сөз бiр емес. Бұл екеуi – сөйлеушiнiң немесе жазушының өз сөзi iшiнде бөгде бiреудiң сөзiн, пiкiрiн келтiруiнiң екi түрлi тәсiлi. Ол өзгешелiктер мынадай:
1. Төл сөзде сөйлеушi немесе жазушы бөгде бiреудiң сөзiн ешқандай өзгерiссiз, қоспасыз, бұлжытпай келтiретiн болса, төлеу сөзде олай болмайды: оның бiрер сөзiн болса да өзгертедi, өз тарапынан кейбiр сөздер қосады, ең болмаса бiрер сөзiнiң бастапқы морфологиялық формасын, соған байланысты синтаксистiк қызметiн өзгертедi.
2. Төл сөздiң айналасында мiндеттi түрде автор сөзi жүредi және ол екеуiнiң жiгi айқын байқалып, бiр-бiрiнен бөлектенiп тұрады. Төл сөздi автор сөзiмен байланыстыру үшiн оған тұлғалық өзгерiстер енгiзу қажет болмайды, тек дәнекер ретiнде де етiстiгi қолданылады. Төлеу сөзде олай емес. Мұнда ол автор сөзiмен араласып, тұлғалық өзгерiске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады.
3. Төл сөзде сөйлемнiң әр алуан мағыналық түрлерi болады. Ол хабарлы да, сұраулы да, лептi де болып келедi. Соған қарай оның әр сөйлемнiң өзiне лайықты сазы, интонациясы, ритмика-мелодикалық ерекшелiктерi болып отырады. Төлеу сөзде мұның бiрде-бiрi болмайды, яғни олар сақталмайды.
Төл сөздi төлеу сөзге айналдырудың тiлiмiзде қалыптасқан, ежелден келе жатқан тұрақты тәсiлдерi бар. Ол тәсiлдердiң ең негiзгiсi және өте жиi қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнiң тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөз дейдi) автор сөзiмен байланыстыру тәсiлi. Мұндай жағдайда төл сөздiң баяндауышы болып тұрған етiстiк қай шақта, қай райда айтылуына қарай, алдымен етiстiктiң есiмше түрiне айналады да, содан кейiн барып табыс септiгiн қабылдайды. Кейде табыс септiк жалғауы есiмшеге –дық, -дiк жұрнағы мен тәуелдiк жалғауы арқылы жалғанады.
Егер төл сөздiң баяндауышы өткен шақты немес нақ осы шақты бiлдiретiн етiстiк формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есiмшенiң -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақты түрi арқылы берiледi де, егер ол етiстiктiң келер шақ (бұйрық түрiнен басқа) немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -тын, тiн жұрнақты есiмше арқылы берiледi. Ал егер, төл сөздiң баяндауышы етiстiктiң бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық рай формасына айналады. Баяндауышы есiм сөзден немесе етiстiк сөздiң араласуынан, болмаса тұйық етiстiктен болса, төлеу сөзге айналғанда, е етiстiгi көмекшi болып келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет