ә) Бiрыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейiн қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы, төрт жылқы, бiр жылқы – барлығы бес жылқы (С.Мұқанов).
б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзiнен кейiн қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып: - Қағаздағы аты-жөнiңiз басқа екен ғой? – дедi Аман. Бiздiң ауылдың мөрiн кiм басқан?
Көп нүкте. Көп нүкте пiкiрдiң аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнiң бiрер сөзiнiң түсiп қалғандығын бiлдiредi. Көп нүкте көркем шығармалардың кейiпкерлерiнiң сөздерiнде жиi кездесiп отырады. Оларда, негiзiнде, сөйлеушiнiң қуанғаннан немесе қысылып ұялғаннан сөзi аузына түспей, сөз таба алмай мүдiргенiн, сасқалақтағанын, сөз, сөйлем аралығында ұзақ кiдiрiс болғандығын бiлдiру үшiн қойылады.. Мысалы:
Тақсыр … қарағым … шырағым-ау… Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мiнiп келген… - дей бергенде, Аман келдi де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды (Ғ.Мұстафин).
Сызықша. Үтiр сияқты, сызықша да мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгiсi. Мұның мағынасы мен функциясы үтiрден де көп. Сызықша сөйлеудiң белгiсi бiр бөлшектерiн басқа бөлшектерден бөлу үшiн де, жақындастыру, қосу үшiн де, сөздердiң арасындағы мағыналық, синтаксистiк қатынастарды айқындау үшiн де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе бередi.
а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екi мүше арасында азды-көптi кiдiрiс барын бiлдiрiп, ол екеуiн сөйлемнiң басқа мүшелерiмен шатастырмауға жәрдемдеседi. Мысалы: Адам – ардақты ат.
ә) Өзiнiң алдындағы сөздiң немесе сөздер тiркесiнiң мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшiн қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшiн қойылады.
б) Бiрыңғай мүшелерден кейiн келген жалпылауыш сөздiң алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз
екендiгiн, мағыналық жақтарынан олардың мәндестiгiн бiлдiру, қызметiн атқарады. Мысалы:
Керуен көшетiн сауда жолдары, ұлы базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да бүгiн айрықша керек болған. в) Төл сөз бен автор сөзiн бiр-бiрiнен бөлiп тұрады: Сөйтiп отырып шын жылады ол:
Аманжан, тез қайта көр! – дейдi аузы кемсеңдеп.
Жеңеше, мынау теңеуiңiз қандай оңды! – дедiде
Аман бұл сөзiнен дереу қайтты (Ғ.Мұстафин).
г) Сызықша мезгiлдiк, мекендiк шаманы, шектi бiлдiретiн сөздер арасында қолданылады. Мұндай орынның кейбiреуiнде ол түсiрiлiп қалдырылған шығыс жалғауының орнына қолданылады және соның функциясын атқарады. Мысалы: Бiздiң бригада күнделiктi жоспарын 150-200 проценттен кем орындап көрген емес.
д) Сызықша тетелесе болған әрекеттердi бiлдiретiн кейбiр шарт мәндi құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсiрiлiп қалдырылған қарсы мәндi құрмалас сөйлемнiң компонеттерi арасында қолданылады. Бардым, - жолыға алмадым. Айтудай-ақ айттым, - көнбедi.