Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Тыныс белгiлерiнiң түрлерi мен қызметтерi



бет40/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Тыныс белгiлерiнiң түрлерi мен қызметтерi
Тiлiмiздегi тыныс белгiлерi сан жағынан онша көп болмағандарымен (он шақты ғана), мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлi болып келедi.

  1. Сөйлем соңында келетiн тыныс белгiлерi

Бiршама аяқталған ойды бiлдiретiн жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейiн олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгiлерiнiң бiрi қойылады. Сондықтан тыныс белгiлерiнiң бұл үш түрi сөйлем соңында келетiн белгiлер деп аталады.
Сөйлем соңында келетiн белгiлердiң әрқайсысы, негiзгi екi түрлi мағынада, екi түрлi функцияда қолданылады: бiрiншiсi – сөйлемнiң аяқталғандығын бiлдiрiп, оны басқа сөйлемдерден бөлiп көрсету, екiншiсi – сөйлемнiң қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Бұл екеуi – сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгiлерiнiң қай-қайсыларының да ең негiзгi мағыналары мен функциялары. Сонымен бiрге, олардың әрқайсысының кейде сөйлем iшiнде тұрып та атқаратын қосымша функциялары мен қосымша мағыналары болады.

  1. Сөйлем iшiнде келетiн тыныс белгiлерi

Сөйлем iшiнде қолданылатын тыныс белгiлерiнiң атқаратын негiзгi қызметi – оқушыларға сөйлемнiң құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердiң бiр-бiрiмен мағыналық және синтаксистiк қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем iшiнде қолданылатын тыныс белгiлерi түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлi. Ендi солардың әрқайсына жеке тоқталайық:

  1. Үтiр. Үтiр – тыныс белгiлерi iшiндегi функцияға еi бай белгi. Бұл жай сөйлемдерде сөйлемдегi сөздердi немесе сөз тiркестерiн бiр-бiрiнен бөлу үшiн де қолданылады. Үтiрдiң қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтерi төмендегiдей:

а) Үтiр құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердi бiр-бiрiнен бөлiп көрсету үшiн қолданылады. Мысалы: Рахимовтың Степанов пен Борисовтай сенiмдi көмекшiлерi болғандықтан, олардың iсiне көп араласа қоймаушы едiм (Б.Момышұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет