Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет22/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Айналдырған алтауың
Бiр кiсiдей бол сана!

7. Бұйрықты тұжырымды етiп, үзiлдi кесiлдi айту үшiн – II жақ бұйрық форма – деген соң - II жақ бұйрық форма болып құралған баяндауыш (ал деген соң ал) жұмсалады. Шық деген соң шық! (Майлин).


8. Осы қызметте –ушi формалы есiмше болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады. Айтпа, айтпа деймiн анаған! Айтушы болма анаған (Әуезов).
Бұл баяндауыш негiзiнде тек екiншi жаққа тән формада жұмсалады.
9. Iске жұмсауды тiлек, өтiнiш ретiнде айту үшiн алшы, келшi, алайыншы түрiнде құралған баяндауыштар қызмет етедi. Сен енгiзшi осы ұсынысты. Осыны да айта баршы (Әуезов).
10. -айық, -ейiк тұлғалы баяндауышқа синонимдiк сыңар ретiнде жұмсалатын –алық, -елiк арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық, келелiк. Соңғы формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсатып мәнерленген сөзде жұмсалады. Егiндi баланы бөлiп әуре болмалық дестiк (Мұстафин).
11. -алықшы, -елiкшi формалы етiстiк бұйрықты өкiнiш, тiлек ретiнде бiлдiру үшiн жұмсалады. Бiр шөбi қалың, ойпаңдау жерге келгенде Бибi “аттан түселiкшi” дейдi (Мұратбеков).
12. Ауызекi тiл бұйрық мағынаны бiлдiру үшiн ашық райдың келер шақ формасындағы етiстiктi баяндауы ретiнде жұмсайды. Бүгiннен бастап егiсiн ашушы болмайсың, олармен сөйлеспейсiң! Олардың бетiне қараушы болмайсың! (Майлин).
13. Ашық рай формасындағы алушы болмайсың, бұйрық рай алушы болма қызмет тұрғынсынан ғана емес, құрылысы жағынан да ыңғайлас. Iске мiндеттеу мағынасында жұмсалатын бұл күрделi етiстiк бұйрық рай тұлғаға (алушы болма) сүйенiп, соның негiзiнде қалыптасқан.
14. Iске қосу қызметiнде ерекше жұмсалатын тағы бiр баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бiр түрi келер шақ етiстiк – сұраулық шылау ба (бе) болып құралады: келесiң бе, (осыны) айтып барасың ба т.б.
Сөйлеушiнiң бiреудi iске қосу, жұмсау үшiн айтқан пiкiрiн бiлдiру үшiн жұмсалады. Бұйрық мағына әр түрлi болады. Осыған орай олардың жасалу жолы мынандай: 1. II жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы, бар;
2. Бұйрық райлы етiстiктiң жiктелуiндегi I жаққа қатысты - айын, - ейiн формалы баяндауыш, барайын; III жаққа қатысты жiктеу бойынша баяндауыш, барсын.
3. алғын, келгiн формалы баяндауыштар
4.Алсаңшы, алсаңызшы түрiндегi баяндауыштар
5. Бұйрықты үзiлдi- кесiлдi айту үшiн II жақ бұйрық рай форма мен II жақ бұйрық рай форма болып құрылған баяндауыш ; Мысалы, ал деген соң ал
6. - ушi+ болма құрамында жасалған баяндауыш.
Лептi сөйлемдер
Сөйлеушiнiң эмоциясын қоса бiлдiретiн сөйлемдердi лептi сөйлем деймiз. Сөйлемдердi лептi және лепсiз, яғни эмоциясыз деп бөлу өз алдына бөлек принципке сүйенедi. Бұл топтау сөйлемдердiң мазмұнына эмоцияның қатысуына, қатыспауына және эмоцияны бiлдiретiн формалардың көрiну, көрiнбеуiне негiзделедi.
Эмоциялық, экспрессивтiлiк тiлдiң барлық құрылымдық бөлшектерiнде көрiнедi. Эмоция-психикалық құбылыс. Оның тiлде көрiнуiне екi коммуникативтiк себеп бар. Бiрi – болмыстан алған әсердi бiлдiру, тыңдаушыға жеткiзу. Екiншiсi – тыңдаушыны (немесе үшiншi бiр жақты) бiр iске жұмылдыру үшiн әсер ету. Тiлдiң синтаксистiк жүйесiнде эмоциялық тудыратын формалар көбiне баяндауыш мүше қатарынан көрiнедi.
Сөйлемнiң мазмұнына, эмоцияның қатысуна, қатыспауына және эмоцияны бiлдiретiн формалардың көрiну көрiнбеуiне байланысты сөйлемдердi лептi және лепсiз деп бөлу принципi бар. Эмоциялық, экспрессивтiлiк тiлдiң барлық құрылымдық бөлшектерiнде көрiнедi. Эмоциялықты бiлдiруге бейiмделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлi. Бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формадан көрiнедi. Мұнымен қоса, түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар. Эмоция кiсiнiң түрлi сезiмiне, қуанышына, таңдануына, жиренiшiне байланысты. Осы алуан түрлi сезiмдер көбiне синкреттi ортақ формалар арқылы көрiнедi. Көп жағдайда сөйлемнiң лептi, лепсiз көрiнуi тек интонацияға сүйенедi.
Сөйлеушiнiң эмоциясын қоса бiлдiретiн сөйлемдердi лептi сөйлемдер деймiз.
Лептi сөйлемдер мағыналық, тұлғалық өзгешелiгiне қарай бiрнеше топқа бөлiнедi:
1. Бұйрық мәндi лептi сөйлем. Баяндауыштары етiстiктiң бұйрық райында айтылып,басқа бiреуге бiр iстi iстеуге, не iстемеуге қосатын лептi сөйлемдер. Үзiлдi кесiлдi айтылған ондай бұйрық мәндi лептi сөйлемдердiң баяндауыштары ерекше көтерiңкi дауыспен айтылады:
Мысалы, Тал өсiр, малыңды бақ, күтiп бапта!
Ел сенген, отан сенген, сенiмдi ақта! (А.Тоқм.)
2. Тiлек жалыныш мәндi лепті сөйлем. Баяндауыштары етiстiктiң бұйрық райында айтылып, оған –шы,-шi, қосымшасы қосылып,тiлек не жалыныш мәндi сөйлем жасалады. Ондай сөйлемдер I жақта, қалау мағынасында айтылады. Мысалы, Келшi, қалқам, менiң қасыма отыршы! (Ә.Әб)
3. Арман мәндi сөйлем. Баяндауыштары етiстiктiң шартты рай тұлғасында айтылып, арман мәндi лептi сөйлем жасалады. Мысалы, Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! Күрделi баяндауышты сөйлемнiң негiзгi сөзi келер шақтық есiмше болып, одан кейiн сұраулық -ма, -ме және е көмекшi етiстiгi айтылып та арман мәндi лептi сөйлем жасалады.
Па, шiркiн, мына атқа мiнер ме едi!
4. Өкiнiш мәндi сөйлем. Өткенде iстелуге тиiстi,бiрақ iстелмеген, болмаған iске өкiну ретiнде айтылатын лептi сөйлем. Оның баяндауыштары: 1. Болымсыз тұлғалы өткен шақтық есiмше мен есiмше тұлғасындағы көмекшi етiстiк “екен”, одан кейiн демеулiк “де”тұрады. Қап, орылған астықты кеше жайып алмаған екенбiз де!
2. Шартты рай тұлғасындағы етiстiкке –шы, -шi жалғану арқылы жасалады. Қап, кеше театрға барсамшы!
3. Тұйық райлы етiстiкке “керек”, “едi”, “ғой” сөздерi тiркесетiн күрделi баяндауышты сөйлемдер кейде өкiнiштi лептi сөйлем мағынасында қолданылады. Машинаны кеше жiберуiң керек едi ғой!
5. Сес мәндi лептi сөйлем. Бермей көршi сияқты күрделi баяндауыштары бар сөйлемдер көбiне бiреудi қорқыту, сескендiру мағынасында жұмсалады. Кәне, осы баланың бәйгесiн бермей көршi
6. Ұран, үндеу мәндi сөйлемдер. Олардың баяндауыштары етiстiктiң бұйрық, қалау рай тұлғаларында айтылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет