Дәріс 6. Жай сөйлемнің түрлері Тiл арқылы қатынас жасауда пiкiр, ой айтумен қатар, пiкiр бiлу, хабар болу үшiн сөйлеуге, не басқа бiреудi жұмсау мақсатында сөйлемдер қолданылады. Сөйлемнiң осы мақсаттары сөйлемнiң тиянақты формалары арқылы көрiнедi. Сөйлем сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лептi болып топтастырылады.
Хабарлы сөйлем. Бiр iстiң жайын баяндау мақсатында айтылатын сөйлем. Негiзгi грамматикалық белгiлерi: 1. Баяндауыштары негiзiнен, ашық рай формалы етiстiктен немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есiмдерден жасалады. 2. Өзiне тән интонациясы болады. Ол сөйлеуге тән баяндау сарынды интонация деп аталады.
Сұраулы сөйлем. Бiр нәрсе туралы хабар алу үшiн қойылған сұрақты бiлдiретiн сөйлемдi сұраулы сөйлем дейдi. Олардың жасалуы: сұраулық есiмдiктер, сұраулық шылаулар, интонация. Шылаулар мен интонация синтаксистiк амал арқылы жасаудың жолы. Мұндай сөйлемдер әрқашан сұраулық интонациямен айтылады.
Сұраулы сөйлем сұрақтың, диалогтың, сөйлеушiнiң әр кезеңiне сай түрлiше құрылып жұмсалады. Бұл жағынан ол 3-ке бөлiнедi: 1. Негiзгi сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер. Бұл заттың құбылыстың белгiсiн бiлу үшiн қойылатын бастапқы, әр негiздi сұрақты бiлдiредi. Не iстедi? Кiм? қашан? сұрау есiмдiктерi мен сұраулық шылаулар арқылы жасалады. 2. Жетек сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер. Негiзгi сұраққа жауап алу үстiнде қосымша қойылған сұрақты бiлдiретiн сұраулы сөйлемдер жатады. Жетек сұрақ негiзгi сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Жетек сұрақ толымсыз болып құралады. Көбiне тек сұрақ мағыналы сөзден тұрады. Мысалы,
Естiп пе едiң, келдi ғой?
Кiм?
Әбiл
Қайда?
Жетек сұрақты сөйлемдерге қатысты басқа сөздер негiзгi сұрақты сөйлемдерден көрiнiп тұрады.
3. Анықтауышты сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер. Бұл сөйлемдер екiншi жақтың сөзiн анықтап алу үшiн қойылатын сұрақты бiлдiредi. Анықтаушы сұрақ көбiне репликаның лексикасын қайталап құралады. Мысалы, Күздiк бас алды ма?
–Күздiк пе, күздiк биыл кеш көтерiлдi.
Сұралы сөйлем мағынасына қарай былайша топтастырылады: 1. Ашық (жалпы) сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер. Мұнда сұраққа негiз болып отырған iздеулi болып отырған мүше белгiсiз болып, сұрақ жалпы ашық түрде қатысады. Iздеулi мүшенiң орнына сұрақ мағыналы сөздер (сұрау есiмдiктерi) жұмсалады.
Ашық сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер iштей өзара былай бөлiнедi:
Субъектiнiң iздеулi екенiн бiлдiретiн сөйлемдер. Бұл сұраулы сөйлемдер кiм, не деген есiмдiктердiң бастауыш позицияда қатысуы арқылы құралады: Не құлақтан мұны? Кiм келдi? Предикативтiк iс-әрекеттiң, сапаның, сынның iздеулi екенiн бiлдiретiн сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер не iстедi, қайттi, кiм, не, қандай, неше, қайда деген есiмдiктердiң баяндауыштық позицияда жұмсаулы арқылы қатысады. Келгелi не iстедiңiз? Сонда айтпағың не? Iс-қимыл объектiсiнiң iздеулi екенiн бiлдiретiн сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер кiмдi, ненi, кiмге, кiммен, немен т.б. сұраулы есiмдiктердiң қатысуымен құралады. Кiмге жолықтың? Iс-қимылдың сапасының, себебiнiң, мекенiнiң, мезгiлiнiң iздеулi екенiн бiлдiретiн сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер қалай, не үшiн, нелiктен, қашан деген сияқты сөздердiң пысықтауыш мүше позициясында қатысуы арқылы құралады. Олар не үшiн қалды? Ол қашан қайтыпты? Зат сапасының, сынының, санының iздеулi екенiн бiлдiретiн сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдерге қандай, неше, қай деген сөздер анықтауыш мүше позициясында қатысады.
Қанша кiсi жұмысқа шықты? Қандай вагонға алдыңдар? 2. Альтернативтiк сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер.Iздеуге iз, жоба болып альтернатив сапа, iс аталады. Олар сөздер арқылы көрiнедi де сұраулық мағынада айтылып тұрған шылау –ма,–ме,– ба,-бе, - па, -пе, бiлдiредi. Бұл сөйлемдер баяндауыш мүшелердiң аталған шылауларды үстеуi арқылы жасалады.
Ашық сұрақта iздеулi компонент түргел белгiсiз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылса, альтернативтiк сұрақта iздеуге iз, жоба болып альтернатив сапа, iс аталады. Ол сапа, iс атауыш сөздер арқылы көрiнедi де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ма, ме, ба, бе, па, пе бiлдiредi.
Альтрнативтiк сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер баяндауыш мүшенiң аталған шылауларды үстеуi арқылы жасалады: Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Мынау егiс күздiк пе, жаздық па? Үнемдi құраудың бiр жолы – альтернатив етiстiктiң болымды түрi арқылы аталып, болымсыз етiстiктiң орнына жоқ па сөзi қатысады:
Тоқтайсыз ба, тоқтамайсыз ба – Тоқтайсың ба, жоқ па Жоқ па – эллипсис мүше, ол сөздi айтуға ықшамды етедi.
Альтернатив мүше ретiнде сұраулы сөйлемге болымды формалы сөздiң қатысуы заңды. Бұл ойдың құрылысына сай келедi: кiсi сұрақ арқылы ең алдымен позтивтi iстi iздейдi. Осы себептен альтернативтi сұрақты бiлдiретiн сөйлемдерде iздеулi мүше ретiнде болымсыз формадағы баяндауыш өз мағынасында жұмсалмайды. Ал сұраулы сөйлемге енген күннiң өзiнде ол мағына жағынан болымды етiстiкке тең келiп қызмет атқарады. Iштерiңде Қараойдан келген кiсi жоқ па? Сiз жолда арбалы баланы көрмедiңiз бе? Iзделетiн мүше субъект те, объект те, анықтауыш та болуы мүмкiн. Бұл мүшелердiң iздеулi болуы оларды баяндауышқа тақау қойылуы арқылы бiлдiредi. Мұғалiм менi шақырды ма? Менi мұғалiм шақырды ма? Сұраулық шылаулар баяндауыш сөздiң морфологиялық құрамы ретiнде кiрiгiп те жұмсалады: дәрiгермедiңiз, келiппiсiң. Сөздiң морфологиялық құрамына кiрiгу шылауларды фонетикалық өзгерiске түсiредi. Шылауларды кiрiктiретiн зат есiм, бұрынғы өткен шақ, келер шақ, етiстiктер. Шылаулар жақтық жалғаулықтың алдынан орналасады.
3. Риторикалық сұрақты бiлдiретiн сөйлемдер. Баяндауыштардың керi мағынада жұмсалуы арқылы құрылады. Баяндауыш формалар келдi емес пе, келген жоқ
емес пе сосын жедел өткен шақ пен –ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады.
Риторикалық сөйлемде баяндауыш мағынаға сай болымды формада алынады да, риторикалық тудырушы болымсыздық форманы аналитикалық тәсiл арқылы қабылдайды. Өтпедi ме?– өттi емес пе? Риторикалық сұраққа есiм сөз + емей немене; етiстiк + емей немене тұлғала баяндауыштар жатады. Бастауышы есiмше тұлғасында баяндауышы қайда? Сөзi қатысып құралған сөйлемдер жатады. Риторикалық сұрақты бiлдiретiн сөйлемдерде баяндауыш сөздер керi мағынада жұмсалып, ерекше интонация арқылы құралады.
Дауыс ырғағының қатысуы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақ ерекше жiгермен, екпiнмен айтылады. Интонациядағы бұл ерекшелiктi беретiн дыбыс күшiнiң, амплитуданың көлемдi болуы. Сөйлемде екпiн түсетiн сөз ерекше қарқынмен айтылады. Интонацияның бұл көрiнiсi лептi сөйлемдермен тең түседi.
Бұл сөйлемдердiң құрамында өзiне лайықталып құралған баяндауыштық формалар кездеседi: келдi емес пе, келген жоқ емес пе. Өттi емес пе, оқыған жоқ емессiң бе – риторикалық тудыратын баяндауыштық формалар.