Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Мысалы: Қайық оқиғасы былайша елеңсiз, ауыл өмiрi үшiн



бет30/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Мысалы: Қайық оқиғасы былайша елеңсiз, ауыл өмiрi үшiн
ешқандай әсерi болмаса да, бiр шетi тәрбиемен ұштасып жатқандықтан, Жақыпбек бүған сәл нәрсе деп қарай алмады. ( М. Иманжанов).
Бұл сабақтастың бағыныққыларының әрқайсысы басыңқымен тiкелей байланысады:

  1. Қайық оқиғасы былайша елеусiз, ауыл өмiрi үшiн ешқандай әсерi болмаса да, Жақыпбек бұған сәл нәрсе деп қарай алмады.

  2. Бiр шетi тәрбиемен ұштасып жатқандықтан, Жақыпбек бұған сәл нәрсе де қарай алмады.

Бұдан бiз, бiрiншi бағыныңқысы өзiнен кейiнгi, екiншi бағыныңқы жай сөйлемнiң дәнекiрлiгiнсiз-ақ тiкелей барып, басыңқы жай сөйлеммен тiркесiп айтылатынын байқаймыз.
Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың байланысу схемасы мынадай

1-бағыныңқы,

2-бағыныңқы,

басыңқы.

Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемнiң басыңқы компоненттерiнiң баяндауыштары:


1. Бiрыңғай тұлғалы;
2. Әр түрлi тұлғалы
Сөздерден болуы мүмкiн. Баяндауыштары тұлғалас сөздерден болатын бағыныңқы компоненттердiң өзiнен кейiнгi бағыныңқыға тәуелсiздiгi күштерек боладыды да, басыңқы жай сөйлемге қосып айтқанда, онымен тек тұлғалық жағынан ғана емес, мағыналық жағынан да нымдасып тұрады. Ал басыңқы компоненттерiнiң баяндауыштары әр түрлi тұлғалы жағынан болғанмен, мағыналық жағынан өзiнен кейiнгi бағыныңқы жай сөйлемге азды көпте болмса да тәуелдi да, басыңқы жай сөйлемге тiкелей тiркеп айтқанда, мейлiнше жымдасып кете алмайды.
Көп басыңқылы сабақтас сөйлемнiң сатылы бағыныңқылы түрi бұл айтылғандардан өзгеше болады. Сатылы басыңқыда әр бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен өз бетiнше, тiкелей байланыспайды да, өзiнен кейiнгi бағыныңқыға байланысады да, сол арқылы сатылап барып басыңқымен құрмаласады. М:Арқадан аяз қысса, аяқты шозай тайғанақтатып, жұмыскерлер жыбыр-жыбыр тез қозғалып кеттi (Ғ.Мүсiрепов).
Бұл мысалдағы екi сабақтас сөйлемдер көп басыңқылы сабақтастың сатылы бағыныңқылы түрiне жатады. Өйткенi бұлардағы бiрiншi бағыныңқы компоненттер басыңқы компонентке өздерiнен кейiнгi бағыныңқылар арқылы сатылап барып құрмаласады.Бұл сабақтағы алғашқы бағыныңқы сөйлемдi тiкелей басыңқы сөйлеммен байланыстыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет