Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Дәріс 15. Көркем әдебиет стилі мен бейнелі сөйлемдер



бет46/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
дәрістер

Дәріс 15. Көркем әдебиет стилі мен бейнелі сөйлемдер
Сөйлемнің байлығы сөз байлығынан көрінеді.Сөйлем ішінде сөз байлығын еркін падалану сөйлем ішінде бір сөзді қайталап қолдана бермеу ой тереңдігінен табылып, суырылып алынатын сөздерді белгілі грамматикалық категорияларда дұрыс қиюластырып, оның қазыналық бұлағынан алынған сөздермен толықтыру болып табылады.

Сөзі бай адамдардың ойы бай.Ойлы сөйлем мазмұнды сөйлем, көркем сөйлем жасаудың негізгі алғы шарттары болып табылады.


Стилистиканың өзегі – стилистикалық норма.Стилистикалық норманың межесін Р.Сыздық былай көрсетеді: “Синтаксистік нормалар стилистикамен тығыз байланысып жататын сала. Бұл нормалардың қатаң сақталуы мен одан уәжді (мотивпен) ауытқуы көбіне көп стильдік мақсаттарға орай орын алады”. Сөйлемдердің стильдік жүк арқалау қасиеті мәтінге жалпы тілдік те, контекстік те, қолданыстық та қасиетіне және суреткердің тілдік шеберлігіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда функциональдық стильдерде сөйлем түрлерінің қуатты динамикалық өсуі, компоненттерінің күрделенуі, тіпті кейде сөйлемдердің мағыналық – стилистикалық қызметінің эстетикалық – поэтикалық бедерге ие болуының ең басты арқауы – көркем әдебиет стилі.
Сөздердің де өзгеруі, түрлену, олардың бір – бірімен тіркесуі болатыны сияқты сөйлем де белгілі бір граматикалық заңдарға бағына отырып, сөйлемнің құрылуының алғы шарттары жасалынады да, олардың стиль түрлеріне тән синтаксистік – стилистикалық сөйлем құрылымдарын кездестіруге болады. Атаулы сөйлемдерден тұратын көркем әдебиет стилінің ерекшелігі ойдың картинкалық суретін беру мақсатын айтындайды. Май айы. Таң алды. Түнгі Москва. Ленинград. Петроград ауданы. Асфальттелген әдемі көшелер. (С.Ерубаев). Сондай-ақ, суреткердің баяндай тәсілінде алуан түрлі синтаксистік құрылымның жүйелі, бірақ өзіндік ерекшелігі бар түрлері кездестіріледі. Мысалы: Есейіп, жігіт – желеңнің әңгімесін үзіп – үзіп тыңдап жүрген кезім (Ақылбай// Тұрағұл). Жаз ортасының қоңыр кеші, Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. (М. Әуезов).
Сөйлемдер құрылымдық жүйесінен атаулы сөйлемдер құрмалас немесе есімді сөйлемдер болып бөлінгенімен, потрет жасау, оқиға құбылыстың басталу процесін көрсету,адамның кекін – кейпін суреттеуде автор әр түрлі сөйлемдерді пайдаланады.Мысалы, С.Ерубаев өз шығармаларында оқиға құбылыстың басталуына негіз болатын объектіні көрсету арқылы атаулы сөйлемдерді қолданған.
Кез келген функциональдық стильдердегі синтаксистік құрылысты тану арқылы олардың құрылымдық – тақырыптық немесе мәтінінің негізгі мазмұнын ашуға себепкер болатын іс-әрекет, жағдай туралы мәлімет алынады.
Синтаксистік құрылымның кейбір ерекшеліктері сөйлем мүшелеріне тікелей қатысты. Мәселен, тұрлаулы – тұрлаусыз мүшелердің қатысу – қатыспауы функциональдық стилистиканың стильдік мәніне тікелей ықпал етеді.Сөйлемнің байланысу тәсілдері, орын тәртібі ерекше стилистикалық құбылыстар бола отырып, оның семантикалық – құрылымдық стилистикалық мәні функцианальдық стиль табиғатына тікелей өзгерістер енгізеді. Қазақ тілінің синонимдік қатарларға өте бай табиғатына қатысты сөйлемдердің синонимділігіне тән нәрсе өзгермелі, дамымалы, жөткермелі, жылжымалы (орынын өзгерту тәсілі) т.б. өзіндік ерекшеліктерімен стильдік жүк арқалайды.Себебі, ғылыми және ресми стильдерде баяндауыш қызметі өте айқын байқалады.
Етістікті, есімді фразеологиялық тіркестердің баяндауыш болуға қабілеттілігі ауызекі немесе көркем әдебиет стиліне тән болып келеді.Сөз жоқ, стилистика мен синтаксис мәселелерінің сөз еткенде, грамматикалық тұлғалардың белгілі сөйлем құрау заңдылықтары арқылы тілдік норма, нормадан ауытқу принциптерімен салыстырып талдау жүесінің маңызы зор екенін айту керек. Егер синтаксис пен стилистиканы осы бағытта зерттегенде, олардың нағыз стильдік мәнерін көрсете алуға бола ма деген сұрақ та туындайды. Екінші мәселе, олардың ырғақтық, яғни ратмика синтаксистік, сондай – ақ, қара сөз үлгісімен берілген ғылыми – ресми немесе публицистикалық, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдер өзінің айтылу – жазылу мақсатымен өзгермелі сипатын тудыратын факт, оқиға, баяндау, суреттеу формаларына да тікелей байланыстылығында айрықша стильдік мән жатады әрі стиль түріне қарай мақсатты ойды жеткізу қызметін атқарады.



1


2 ²àðàåâ Ì. ²àçຠòiëi. 206á.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет