Бiржан — қолына домбыра алып, қазақ даласының көп жерiн аралап, ән салып, өзiнiң әсем қоңыр даусы, асқақ үнiмен атын шығарған әншi.
Бiрiншi. а) Бастауыш та, баяндауыш та зат есiмнен немесе зат есiм орнына, зат есiм мағынасында қолданылған сөздердiң бiрiнен жасалып, атау тұлғада тұрады. Ондай да бастауыштан кейiн сызықша қойылады. Құнанбайды күңгiрт, үнсiз сағаттарынан оқта-текте аз мәжiлiске тартатын адам — өз құрбыласы, карт Қаратай (М.Әуезов).
Абайдың көзiн оған көп тартатын бiр нәрсе — мұның бiтiкшелеу келген көздерi (М.Әуезов).
Бастауыш пен баяндауыш тәуелдiлiктiң бiрiншi жағында немесе бастауыш тәуелдiлiктiң бiрiншi я екiншi жағында, баяндауыш атау тұлғада я болмаса бастауыш пен баяндауыш тәуелдiктiң бiрiншi немесе екiншi жағының бiрiнде тұрып, зат есiм немесе зат есiм мағыналы сөздерден жасалады. Мысалдар: 1.Ырысты қалың халқым — гүлiм менiң, гүлiмнiң қызғалдағы — жырым менiң. 2. Отаным — алтын бесiгiм ашқан бақыт есiгiн (Жамбыл). Сен тербетiп өсiргенсiң, сенiң даңқың - менiң даңқым (Қ.Аманжолов). Кепiлiм менiң — бiр өзiң (Абай).
Бастауыш та, баяндауыш та көптiк немесе бiрi көптiк, екiншiсi тәуелдiк формаларының бiрiнде тұрып, зат есiм немесе зат есiм орнына қолданылған сөздерден жасалады.
Мысалдар: 1.Ералының кең жазығына жаңа келiп iлiнген жүргiншiлер – ерте көшкен ауылдың ер азаматы. 2.Сол көштiң алдында ұзаңқырап кеткен мынау бiр топ аттылар — Абай мен оның кей достары, кей ақын әншiлер.
Екiншi. Бастауыш сiлтеу немесе сiлтеу мағынасындағы жiктеу есiмдiктерiнен, баяндауыш зат есiм немесе зат есiм мағыналы сөзден жасалады. Мысалдар: 1. Ол — Әбiштiң туған елiнде, аулында ешкiмге айтпаған, аша алмаған сыры (М.Әуезов). 2.Ала алмайды ешкiмде, ол — таңы мәңнi тарихтың (Жамбыл).
Үшiншi. Бастауыш та, баяндауыш зат есiм мағынасында қолданылған сан есiмнен немесе бiрi зат есiмнен жасалып, атау, тәуелдiк тұлғаларының бiрiнде тұрады. Мысалдар: 1.Мұның бiреуi — бурыл сақалды, кiшкенелеу шегiр көздi, ер мұрынды, салмақты адам; екiншiсi — сорайған атжақты, көселеу келген, өткiр жүздi, ұзын бойлы қара жiгiт (М.Әуезов).
Төртiншi. Бастауыш та, баяндауыш та тұйық райлы етiстiктен немесе бiрi атау, тәуелдiк тұлғалы зат есiм, екiншiсi тұйық райлы етiстiктен жасалады.
Мысалдар: 1. Қарқынды бәсеңдету — артта қалу деген сөз. 2.Семен еңбектей алмайтын едi әрi басқамыздан анағұрлым биiк. Еңбектеу — оның бiр iстей алмайтын iсi (Ғ.Мұстафин).
Бесiншi. Бастауыш субстантивтенген (зат есiм мағналы) есiмшеден, баяндауыш зат есiмнен жасалады.
Мысалдар: 1.Ондай қамның бәрiн iстеткен — Мұсабайлар. 2.Көшiп келе жатқан — Абай аулы мен көршi ауылдар. 3. Кейiнгi топтың жол ұзақтығын, мезгiл жүдеулiгiн, елемей, көңiлдi күлкiмен келе жатуына кәзiрде де себеп болған – сол iлiп-қақпа өлеңдер. 4.Жым-жырт жыйынның iшiнен сөйлеген — майысқақ Қаратай. 5.Үлкендер тобына бiр жақтап, әкеден төмен отырып, телмiре қараған Абай болса,дәл осы тәрiзденiп, барынша бой салып қарап отырған — ана шеттегi жас жiгiт Жиренше (М.Әуезов). 6.Қалада нешетүрлi гармоншылар болғанмен, олардың бәрiнiң ден қоятыны — Мықтыбайдың Тынышбайы (С.Мұқанов). Жұртты ұйымдастыра бастаған — Бекболаттың ерлiк кұшi.
Бұл жерде ескерте кететiн бiрер жай бар. Субстантивтенген есiмшеден жасалған бастауышқа тән бiр қасиет — ол сөздiң қандай зат есiм мағнасында қолдануынң ойда сақталуы, яғни ойда тұруы. Мәселен, бесiншi пунктте келтiрiлген бастауыш қызметiндегi есiмшелерден кейiнгi айтылмай, ойда сақталып тұрған зат есiмдердiң қандай екенi беп-белгiлi: iстеткен адам, көшiп келе жатқан ауыл, себеп болған нәрсе, сөйлеген адам, қарап отырған адам, ден қоятын нәрсесi, ұйымдастыра бастаған нәрсе. Ауызекi тiлде субстантивтенген есiмшеден жасалған бастауыштан кейiн үнемi интонациялық кiдiрiс болады. Жазуда ондай бастауыштан соң сызықша қойылмаса, ол сөйлемнiң мәнiн ашық, дәл айқын түсiнуге нұсқан келедi. Екiншi сөзбен айтқанда, ондай сөйлемнiң бастауышы қатеден анықтауыш болып ұғынылады. Мәселен, “Жұртты ұйымдастыра бастаған Бекболаттың ерлiк күшi” түрiнде жазылсақ, курсивпен терiлген сөздер “қай”, “қайткен” деген сұрауға жауап берiп, анықтауыш болып танылады.
Алтыншы. Зат есiмнен немесе зат есiм мағналы сөзден жасалған бастауыш пен баяндауыш төл сөз бен автор сөзi iшiнде қолданылса да, бастауыштан кейiн қойылатын сызықша жойылмайды. Мысалдар: 1. “Сараңның дәулет — өз соры” деп айтыпты ықылды (Абай). 2. Ленин: “Бұл кездегi мiндет — халық шаруашылығында өндiрiлiп жатқан нiрселердi есепке алу, өндiрiлген барлық өнiмнiң жұмсалу жағына бақылау қою мiндеттерi”, — дедi(И.В.Сталин). 3.Ленин: “соғыс —капитализмнiң айырылмас серiгi”,— деп көрсеттi (И.В.Сталин). 4. “Бопаның қолына түсуi — таяқ жеу”, — деп ойлайтынмын мен (С.Мұқанов). 5. “Бұл — старшин Майбасар” деп ойлады Абай (М.Әуезов).
Жетiншi. Зат есiмнен, тұйық райлы етiстiктен жасалған бастауыш немесе баяндауыш бiрыңғай болып келсе, сызықша бiр-ақ жерде, соңғы бiрыңғай бастауыштан кейiн, бiрыңғай бастауыштардың алғашқысының алдынан қойылады. Мысалы:1. Адалдық, жүректiлiк, қайда жүрсе де Отан атын жоғары ұстау, оны мақтаныш ете сүйе бiлу — ақын өлеңдеңдерiндегi геройлардың негiзгi бiр қасиетi. 2.Сондықтан да тыңайтқыштарды мол дайындау, егiс даласына дер кезiнде тасу және дұрыстап пайдалану — колхоздар мен совхоздардың аса маңызды мiндетi. 3. Бұл — қол жеткен табыстарды баян ету, бұдан былай да алға басып дамуда ол табыстарды жүйелi түрде пайдалану деген сөз (газеттен).
Бiрiншi. есiм сөздерден жасалған бастауыш пен баяндауыш арасында, яғни бастауыштан кейiн iле-шала қыстырма сөз немесе сөз тiркесi қолданылса, ондай бастауыштан кейiн сызықша қойылмайды. Ондай сызықшаның орны қыстырма сөзге тән үтiрмен алмастырылады. Мұның өзi практикалық жақтан қолайлы: әрi тұрлаулы мүшелердiң арасына қойылатын сызықшаны, әрi қыстырма сөзге тән үтiрдi қатар қолдану (-,) жазуды техникалық жағынан қыйындатқан болар едi.
Бастауыш пен баяндауыш арасында қыстырма сөз қолданылуына мысалдар: 1.Бұл, солай болс, астық өндiрiсi соңғы уақыттарғы дейiнгiсiнен де кәзiр көп арзан түсе бастады деген сөз. 2.Бұл, ақырында, баға бiр қалыпты болғанда, шаруаның астыққа алатыны бұл күнге дейiнгiден әлдеқайда көп деген сөз (“Ленинизм мәселелерi”). 3.Оқушылады тәрбиелеу дегенiмiз, ең алдымен, мұғалiмнiң кластағы құлық-мiнезi, мұғалiмнiң оқушыларға көзқарасы (М.И.Калинин).
Екiншi. Бастауыштан кейiн да-де, та-текүшейтпелi мәндi шылау қолданылғанда, тұрлаулы мүшелер зат есiм немесе зат есiм мағналы сөздерден жасалғанымен, бастауыш пен баяндауыш арасында сызықша қойылмайды. Бұл — интонацияға байланысты нәрсе. Ауызекi тiлде ондай бастауыштан кейiнгi болатын интонациялық кiдiрiс, әдетте, бәсеңдеп кетедi. Мысалы: Бұл да баланың ертеден берi әзiрлеген жауабы. Асқар да бидi жақсы көретiн жас жiгiт. (бұл сөйлемдердi “Бұл — баланың… жауабы”, “Асқар — … жас жiгiт” деген сөйлемдердiң тыныс белгiлерiмен салыстырып қараңыз).
Үшiншi. Бастауыш пен баяндауыш зат есiмнен немесе тұйық райлы етiстiктен жасалғанымен, баяндауыш құрамында басқа етiстiктер немесе “едi, екен” көмекшi етiстiгiнiң бiрi қолданылса, бастауыштан кейiн сызықша қойылмайды. Мыаслы: 1.Сол жылдың күзi ол үшiн қуаныш күз едi (Сол жылдың күзi ол үшiн қуаныш күзi болатын деген сөйлеммен салыстырыңыз). 2. Омбыдағы санақ комиссиясына арыз берiп, Асқардың Итбай болысын таңдап алған себебi Ботагөздi iздеп табу едi (С.Мұқанов). 3.Бесжылдықтың негiзгi мiндетi техникасы артта қалған, көбiне орта ғасыр техниксынан аспаған бiздiң елдi кәзiргi заманның жаңа техникасы жолына салу едi.
Бiрақ бастауыш зат есiмнен, баяндауыш “емес” көмекшi етiстiгiмен тiркескен есiмдерден жасалса, бастауыштан кейiн қойылатын сызықша жойылмайды. Мұның себебi — ондай бастауыштан кейiн ауызекi тiлде (яғни айтуда, сөйлеуде) интонациялық кiдiрiстiң сақталуы. Мысалы: 1.Бүгiнгi қазақ — көшiп жүрген қазақ емес. 2.Жоқтық ұят емес, байлық— мұрат емес. 3.Сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу. 4.Тiл — жүйрiк емес, шын — жүйрiк. 5.Әдет — әдет емес, жөн — әдет.
Алайда, бастауыш зат есiмнен жасалғанымен, “емес” көмекшi етiстiгi басқа бiр етiстiктермен (тұйық райдан басқа) тiркесiп қолданылса, бастауыштан кейiн сызықша қойылмайды. Мысалы: Асан оның айтқанына көнетiн емес.
Қазiргi заманда тiлдерде кездесетiн тыныс белгiлерiне тән тағы бiр қасиет – олардың интернационалдығы. Тыныс белгiлерi – түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тiлдердiң басым көпшiлiгiнде бiркелкi болып келдi.
Қазақ тiлiнiң пунктауциясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазан революциясына дейiн белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген, көпшiлiкке танылған пунктуациялық заң-ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшiн пунктуациялық ережелердiң болмауының өзi де табиғи нәрсе едi. Өйткенi тыныс белгiсi баспасөз үшiн керек. Республикамызда баспасөздiң дамуы , оның бүкiл халық игiлiгiне
айналып, оқушылар санының артуы, жазу мәдениетiнiң, сауаттылықтың шешушi бiр саласы болып табылатын пунктуация мәселесiн ғылыми негiзде қалыптастырып реттеу мiндетiн қойды. Тiлiмiздiң пунктуациялық белгiлерiн қалыптастырып, олардың мағыналары мен функцияларын айқындауда орыс тiлi графикасының табыстары басшылыққа алынды. Ғалымдардың айтуына қарағанда, орыс тiлi пунктуациясының бiр жүйеге келтiрiлуi М.Ломоносовтың 1757 жылы жарық көрген “Россия грамматикасынан” басталатын көрiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |