Қара торғай түйдектi тiркесi, қолаң шаш фразеологиялық тiркесi семiз қой синтаксистiк тiркесi бiр сөздiң iшкi түрiн анықтайтын мағыналар арқылы синтаксистiк амалмен байланысып, тұлғалық жақтан бiркелкi тiркестердiң тобын құрайды. Сөз тiркестерiнiң жасалуында ортақ қасиеттер болғандықтан фразеологиялық, түйдектi, синтаксистiк тiркестердiң жiгi ажырамай өте ұқсас тұлғалар болып келедi. Бiр-бiрiне ұқсас мұндай тұлғаларды тiркес құрамындағы сөз мағыналарының функционалды қызметтерi арқылы анықтаймыз. Қара торғай тiркесi сөздiң iшкi түрiн анықтайтын атауыштық мәннiң (денотат, сигнификат, коннотат) функционалды қызметiне қарай байланысқан. Денотат пен сигнификаттық мағыналардың семантикалық жақтан байланысуы барысында функционалды семантика заңдылығына сай жаңа атауға ие болған. Қолаң шаш фразеологиялық тiркесi сөздiң атауыштық мәнiн анықтайтын (денотат пен коннотат) семантикалық мағыналардың функционалдық қызметi барысында байланысқан.
Семiз қой тiркесi сөздiң семасиологиялық мәнiн анықтайтын семантикалық мағыналар арқылы функционалды грамматика заңдылығы негiзiнде байланысқан. Тiркес құрамындағы сөздердiң функционалды қызметiне қарай сөз тiркестерiнiң құрамындағы қатынас түрлерi анықталып, тiркестердiң тiлде атқаратын қызметi ажыратылады.
Мысалы, Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәрiден, Еңбегiн сатқан бала артық (Абай) дегенде сақалын сату, Мына келген Назар ма?Ақсақалды ауыл азар ма?
Сұрағаның бiр-ақ тай,Бермейдi деп сазарма!(Абай) дегенде ақсақалды ауыл, Қыр мұрын қыпша бел,Солқылдар, соқса жел,
Ақ етiң үлбiреп, Өзгеше бiткен гүл(А) дегенде қыпша бел тiркестерi грамматикалық жақтан еркiн тiркестермен бiрдей. Еркiн тiркестерге тән белгiлер толық сақталған. Бiрiншiден, тiркес құрамындағы әрбiр сөздiң толық лексикалық мағынасы бар. Екiншiден, сақалын сату синтетикалық тәсiлмен, ақсақалды ауыл, қыпша бел тiркестерi аналитикалық тәсiлмен байланысқан. Үшiншiден, сөз тiркесiнiң қабысу, меңгеру формаларында тұр. Осыған қарамастан бұл тiркестер синтаксистiк еркiн тiркестер емес, фразеологиялық тiркестер. Мұндай тiркестер туралы М.Балақаев:”Сөздердiң өзара байланысу амалдары мен синтаксистiк байланыс формалары қазақ тiлiнiң осы күнгi грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейдi. Бiрақ олардың синтаксистiк құрылысы сiресiп қатып қалған болады да, қызметi мен мағынасы мүлде өзгерiп кеткен болады”, – дейдi. (42- бет) Фразеологиялық бiрлiктердiң осындай қасиетi бар екенiн I. Кеңесбаевтың,
В.В Виноградовтың еңбектерiнде де айтылады.