Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Еркiн тiркестiрдiң фразеологиялық тiркестерден айырмашылығы



бет11/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Еркiн тiркестiрдiң фразеологиялық тiркестерден айырмашылығы
Фразеологиялық тiркестердiң осы күнгi грамматикалық нормаға сай байланысып тұрып, мүлдем басқа мағынада яғни фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалып, номинативтi қызмет атқаруына тiркес құрамындағы сөздердiң атауыштық мәнiн анықтайтын семантикалық мағыналардың байланысуы негiз болады. Сөздiң атауыштық мәнiн анықтайтын семантикалық мағыналар (денотат, сигнификат, коннотат) лексикалық мағынаның лексика-семантикалық топтары ретiнде жұмсалады. Сөздiң лексика- семантикалық топтары грамматикалық мағынамен тығыз байланыста, бiрлiкте келедi.Сондықтан фразеологиялық тiркестiң құрамындағы сөздер грамматикалық нормаға сай байланысуға қабiлеттi болады. Фразеологиялық тiркесте сөздiң атауыштық мәнiн анықтайтын семантикалық мағыналар байланысып тұрғандықтан, олардың арасында семантикалық қатынас басым болып, тiркес атауыштық мағынаны бiлдiредi. Сақалын сату – жасы үлкендiгiн мiндет қылу, қартайғандығын бетке ұстау деген мағынаны бiлдiредi; Ақсақалды ауыл –ақылшшысы бар, қамқоршы қариясы бар деген мағынаны бiлдiредi; қыпша бел –жiңiшке, тал шыбықтай бел дегендi бiлдiредi.
Фразеологиялық тiркес арқылы мағынаның өзгерiп, басқа мағынада қолданылуына тiркес құрамында қанша сөз болса, сонша сөздiң семантикалық жақтан қатысы болады. Бұл тiркестер тiлдi суреттеп, көркемдеп, бейнелi етiп қолданудың амалы ретiнде жұмсалады. Сөздiң бейнелi мағынада жұмсалуы сол сөздiң коннотаттық мағынасымен тiкелей байланысты. Мысалы, “Арақ бар жерде, менiңше, ешбiр мораль заңы, ол қандай асыл сөздерден тiзiлiп, алтын әрiппен жазылса да жүзеге аспайды, Ербол! Дүниеде су, сүт, шай, қымыз, лимонадқа жететiн не бар, шiркiн! Адамды желiктiрмейтiн момын сұйық осылардың өзi жақсы ” (Ә.Нұршайықов.Таңдамалы I.А, 1980 288 б) дегенде момын сұйық тiркесiнiң құрамындағы сөздер бейнелеп сөйлеудiң элементiн көрсетiп тұр. Көркем, бейнелi тiлiмiздiң бiрден- бiр құралы фразеологиялық тiркестер болса, ол құрамындағы сөздердiң грамматикалық мағыналарының байланысуы жағынан еркiн тiркестермен өте ұқсас болады. Құрамындағы сөздердiң семантикасын анықтайтын мағыналардың байланысуы жағынан келгенде фразеологиялық тiркестер мен еркiн тiркестердiң өзiне тән айырмашылықтары бар екенiн ескеремiз. Фразеологиялық тiркестiң құрамындағы сөздер коннотаттық мағыналары арқылы байланысады.Сөздiң атауыштық мәнiн анықтайтын коннотаттық мағына тiлiмiздегi сөздердiң келтiрiнде, ауыспалы мағынада жұмсалуына негiз болады. Бұл мағынада жұмсалған сөздер өзара грамматикалық жақтан байланысып фразеологиялық тiркестердiң жасалуына негiз болады.
Сөздiң семасиологиялық мәнiн анықтаушы семантикалық мағыналар ( негiзгi, номинативтi, тура, категориалдық) да өзара байланысып синтаксистiк мағынаның, синтаксистiк формадағы номинативтi мағынаның, қалыптасуына негiз болады. Семасиологиялық мағынаны құраушы лексика- грамматикалық топтардың байланысынан номинативтi қызмет атқаратын және синтаксистiк қызмет атқаратын тiркестер қалыптасады. Олардың өзiне тән ерекшелiгi қай мағына болмасын синтагмалық қатынастан туындайды. Синтагмалық қатынас тiркескен сөздердiң мағыналық жақтан, грамматикалық жақтан байланысу амалының жiгiн айқындаушы меже болып табылады. Фразеологиялық тiркестердiң өзара байлансуы синтаксистiк тәсiлдерге негiделгенiмен, олардың құрамында синтагмалық қатынас болмайды. Сондықтан тiркес құрамындағы сөздер семантикалық жақтан тұтасып, бiрбүтiн атауыштық мағына бередi. Сөздiң лексика-грамматикалық мәнiн анықтаушы мағыналар қазiргi қазақ тiлiнiң синтаксистiк нормасына сай байланысады. Бұл мағыналар байланысқанда тiркес құрамындағы сөздер бағыныңқы, басыңқы қасиетке ие болып, өзара грамматикалық байланыста тұрады. Бiр сөздiң екiншi сөзге бағына байланысуынан тiркес құрамында жаңа грамматикалық мән пайда болады. Оның нәтижесiнен синтаксистiк қатынастар қалыптасады. Предикаттық қатынас, атрибуттық қатынас, адъвербиалдық қатынас, объектiлiк қатынас. Семасиологиялық мәндi анықтайтын мағыналар сөздiң лексика- грамматикалық сипатын ашатын болғандықтан, олардың құрамында грамматикалық байланыс тығыз, берiк болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет