Дәріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет8/38
Дата01.03.2022
өлшемі451,5 Kb.
#26757
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
лекция Биологияға кіріспе

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Тірі жүйенің ұйымдасуының популяциялық-түрлік деңгейлері

2. Тірі жүйенің ұйымдасуының биогеоценотикалық, биосфералық деңгейлері

Дәрістің қысқаша мазмұны: Популяциялық-түрлік деңгей. Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды. Популяция дегеніміз - бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан (особьтардан) тұратын тобы. Популяциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді.

Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын биогеоценоз дейді. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоз құрамына сан алуан тірі организмдер және белгілі табиғи орта жағдайлары біріктіріледі. Биогеоценоздағы организмдердің денесінде энергия жинақталады және энергия бір организмнен екіншісіне беріліп отырады. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық, органикалық қосылыстар және тірі организмдер болады. Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды. Биосфералық деңгейде басты рөлді "тірі заттар", яғни жер бетіндегі барлық тірі организмдер атқарады. Биосфералық деңгейде "жанама заттар" (яғни, қоршаған орта жағдайлары) мен тірі организмдердің тіршілік әрекетінен пайда болған "биожанама заттардың" да маңызы зор. Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организмдердің тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет