Байланысты: Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік
Атым Ел Туған тутуқ, бен теңрі елімке елчісі ертім, алты бағ будунқа бег ертім. Аудармасы:Атым–ЕлТуғантутуқ,ментәңрілікелімніңелшісіболдым,алтыбаулыхалыққабекболдым. /Таласжазуыныңескерткіштерінен/ Ебліг аты Тучайан оғлы аты Қара чур. Аудармасы: Әйелімнің аты– Тучайан, ұлым аты –Қарачур/Енисей жазуының ескерткіштерінен/. Салалас құрмаластардың алғашқылығы туралы С. Жиенбаев: «...құрмаластың салалас, сабақтастың өзі қатар пайда болмаған. Құрмаластың алғашқы түрі – салалас құрмалас. Салалас құрмаластың өзі де тілдің, онымен қатар ойлау процесінің біраз күрделіге айналғандығының белгісі», дейді .
Құрмалас сөйлемнiң бастапқы түрi болып саналатын көне заманғы салалас құрмалас сөйлемдi қазiргi тiлiмiздегi салалас құрмалас сөйлеммен тең дәрежеде қарауға болмайды. Ол кездегi сөйлем мен салыстырғанда тiл құрылысы күрделенiп, жаңалану процесiнен өткенiне көз жеткiзуге болады.
Құрмалас сөйлемнiң бастапқы көне түрi болып табылатын паратаксистен кейiнiрек келе жай сөйлемдердiң бiрбiрiмен түрлі дәнекерлер арқылы құмаласатын гипотаксис деп аталатын түрi пайда болған. Тiл дамуында, алдымен, сөздердi, жеке сөйлемдердi бiрбiрiмен байланыстыратын дәнекерлер пайда болмайды, керiсiнше, алдымен, сол дәнекерлердi керек ететiн мұқтаждық пайда болып, соның қажет етуiнен барып әртүрлi жалғаушы дәнекерлер пайда болатындығы айтылып жүр.
Сөйтiп әрқайсысы өз дербестiктерiн толық сақтап компоненттерi бiрбiрiмен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнiң бастапқы көне түрiнiң орнына компоненттерi бiрбiрiмен тығыз байланыстағы жаңа түрi пайда болады. Құрмаластың ең бастапқы түрi болып табылатын паратаксис пен оның негiзiнде туған гипотаксистiң бiрбiрiнен өзгешелiгi тек байланыстырушы дәнекерлерде ғана емес, сонымен бiрге олардың әрбiр жеке компоненттерiнiң iшкi құрылысындағы жаңалықтарында.
Бұдан шығатын қорытынды: құрмалас сөйлемнiң алғашқы түрi бiрбiрiмен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар байланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердiң өзара салаластық негiзде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейiнiрек келе сол салаластың негiзiнде компоненттерi әр түрлi дәнекерлер арқылы байланысқан жалғаулықты салаластар мен бiрбiрiне бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан. Десе де көне жазба ескерткіштер тілінде жалғаулықты салаластар мен сабақтастар болмаған деп ой түюге болмайды.
Мысалы, көне түркі жазба ескерткіштерінде жалғаулықтар арқылы байланысқан салалас құрмаластарды да, түрлі дәнекерлер арқылы байланысқан сабақтас сөйлемдерді де кездестіруге болады. Кейіннен құрмалас сөйлемнің жаңа түрлері пайда бола бастады. Онда постпозициялық, яғни соңғы сөйлемнің баяндауышы арнайы тұлғада келіп, ал предпозициялық сөйлемдердің баяндауышы көсемше формасын иеленген (Мысалы: Анта қалмычы йір сайу көп туру өлу йорыйур ертіг – Ол жерде қалғандарың елелді тентіреп, ит өлімші болдыңдар. Тәңрі күч биртүк үчүн, қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміс, йағысы қон тег ерміс – Тәңірім құдірет бергендіктен, әкемнің әскері бөрідей еді, жаулары қой сияқты еді). Көсемшелі тізбекті құрылымдар пайда
бола бастап, кейін олардан сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалды. Бағыныңқы сөйлемдері бар сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқа тілдердегі бағыныңқы сөйлемдерге сәйкес келетін синонимдік, эдногендік құрылым ретінде айқындауышты сөйлем мүшелері бар сөйлемдер мен көсемше оралымдары бар тізбекті құрылымдар танылады.
Сөйлемнің күрделі құрылымының ары қарай дамуы төменде көрсетілген құрмалас сөйлемнің екі типінің өзара қосыла байланысуы арқылы жүреді:
екі немесе одан да көп бірбірімен іргелесе не жалғаулықтар арқылы байланысқан сөйлемдерден тұратын құрылымдар;
тізбекті, көсемшелі құрылымдар.
Кейіннен бұл құрылымдар бағынышты комплекстерге айналып, адстраттық және субстраттық факторлардың ықпалымен бағыныңқы сөйлемдері бар жалғаулықты немесе жалғаулықсыз сабақтас құрмалас сөйлемдер формасына көшті. Көптеген түркологтар құрмалас сөйлемнің пайда болуы туралы мәселелерді қарастыра келе, А. Рифтиннің көзқарасын ұстанады. Түркі тілдеріндегі сабақтас құрмаластардың пайда болуы деген мәселеде Э. В. Севортян оның дамуының басты екі жолы деп төмендегі сөйлем типтерін көрсетеді:
екі жай сөйлемнің өзара каузативті, мезгілдік, анықтауыштық байланысқа түсуі нәтижесінде қалыптасқан сөйлемдер;
жай сөйлемнің жекеленген мүшелерінің дамуы нәтижесінде күрделенуі, сөйтіп көсемше оралымды пысықтауышты жай сөйлемдерде бастауыштың пайда болуы нәтижесінде қалыптасқан сөйлемдер. Әзербайжан тіліндегі бағыныңқы құрмалас сөйлемнің пайда болу мәселесін қарастырған М. Ш. Ширалиев те жоғарыда көрсетілген екі жолды атап айтады.
Олардың екіншісі туралы айта келе, ол құрмалас сөйлем есімше, көсемше немесе масдармен берілген және функционалды бағыныңқы сөйлемге барабар жай сөйлемнің бір мүшесінің грамматикалық дамуы нәтижесінде пайда болады дейді. Ол етістік тіркестердің бағыныңқы сөйлемге айналу жолдарын түсіндіреді. Ал түрік тілі синтаксисін зерттеушілер бұл тілде тек шартты бағыныңқылар ғана бар екенін, ал қазіргі түрік тіліндегі өзге бағыныңқылардың бәрі басқа тілдердің, әсіресе, парсы, француз тілдерінің ықпалынан пайда болған деп есептейді.
М. Ш. Ширалиевтің мақаласында тіркестердің бағыныңқы сөйлемге ауысуы туралы нақты дәлелдер болмағанмен, автордың теориялық пікірінің дұрыстығы айтылып жүр.
Әзербайжан тілінде бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге арнайы зерттеу жүргізген А. З. Абдуллаев, бір жағынан, М. Ш. Ширалиевпен келіспейді, себебі ол М. Ш. Ширалиев А. Рифтин идеяларының әсерінде деп есептейді. Екінші жағынан, А. З. Абдуллаев бағыныңқы құрмалас сөйлемнің пайда болуы жай сөйлемнің “шектен шығуы” деп есептеп, бұл жолмен әдетте тіркестер бағыныңқы сөйлемге ауысатындығын көрсетеді.
Н. З. Гаджиева, керісінше, бағыныңқы сөйлемдердің етістікті тіркестерден дамитындығын жоққа шығарады.
Әрине, А. Рифтин теориясында да кемшіліктер жоқ емес. Біріншіден, бұл теория бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің тікелей жай сөйлемдерден құралу мүмкіндігін жоққа шығарады. А. З. Абдуллаев, Н. З. Гаджиева және тағы басқа да ғалымдар бұл жолдың бар екендігі ғана емес, сонымен қатар оның көнеден келе жатқанын дәлелдейді. Бұл пікірді көптеген түркологтар қуаттайды.
Екіншіден, салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдердің бәрі бағыныңқы құрмалас сөйлемге айнала бермейді. Бұл процеске олардың ішіндегі кейбіреулері ғана ұшырайды.
Сөйтіп, түркі тілдерінде бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің пайда болуының үш жолы болуы мүмкін:
бағынына байланысу негізінде жай сөйлемдердің тікелей бірігуі;
жай сөйлемдердің құрамындағы етістік тіркестердің бағыныңқы құрмалас сөйлемге ауысуы (синтаксистік деривация);
кейбір салалас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге ауысуы.
Аталған жіктелістің бірінші және үшінші бөлімдері ұқсас болғанымен, екеуі бір нәрсе емес. Тілімізде салаластың формалық өзгеріске түсіп сабақтасқа айналған түрлері де, екі дербес ойды білдіретін жай сөйлемдердің бағына байланысуы негізінде қалыптасқан сөйлемдер де жоқ емес. Мысалы: Ұлжан аулына келіп жеткенше, барлық үйлер тігіліп болды (М.Әуезов). Әулие көмек берер деп, Басына халық түнепті (Д. Қанатбаев) сияқты сөйлемдердің салаласа байланысқан «архетипін» қалпына келтіру қиын. Сондықтан сабақтастарды салаласа байланысудың эволюциялық түрі деп қана қарастыру бір жақты пікір болып саналады.
Бүгінгі әдеби тіліміздің барлық жанрында кеңінен қолданылатын құрмалас сөйлемдердің даму үрдісін санаулы формуламен өрнектеуге келмейді. Ғылым дамуындағы серпілістер, қоғамдағы интеграциялық үдерістер мен ақпараттар ағымының толассыздығы тілде, сөйлеу жүйесінде өз ізін қалдырып отыратындығы хақ. Мұндай өзгерістерді Н. Демесінова, әсіресе, синтаксистік стилистикамен байланыстыра қарайды: «Исследование фактического материала современного казахского литературного языка в аспекте стилистической дифференцации синтаксических конструкций показало, что каждый тип синтаксических отношений имеет целый ряд способов их выражения. Большинство из них с древними, многовековыми традициами, основано на конструкциях разговорной речи, устнопоэтического народного творчества письменных источников.
В новом лексическом наполнении, в новом употреблении они приобретают совершенно иное звучание, иной стилистически оттенок, вполне соответствуя потребностям новых функциональных стилей. Таковы причастные и деепричастные обороты, модели именных и глаголных предложений, типы сложных конструкций» (Қараңыз: Äåìåñèíîâà Í.Õ. Ñèíòàêñè÷åñêàÿ ñòèëèñòèêà ñîâðåìåííîãî êàçàõñêîãî ÿçûêà. – ÀëìàÀòà: Íàóêà, 1988, ñ. 95).
Құрмалас сөйлем төңірегіндегі (жалпы бүкіл синтаксис айналасындағы) айтыстар негізінде шындыққа негізделген материалды дәлелдейтін деректің аздығынан жиі пайда болатынын ескеру қажет. Осы тұрғыда құрмалас сөйлемнің салаласа, сабақтаса байланысуына түрткі болған нәрсе не және осы жіктелістің астарында таза тілдік ұстаным жатыр ма деген заңды сұрақ туады. Дәл осы сұрақтың жауабы ретінде академик Н. Сауранбаевтың 1948 жылы жазылған еңбегінде айтқан тұжырымын өзгеріссіз ұсынған жөн болар еді: Жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде салалас болып, бірде бірбіріне бағынып сабақтасып құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы (восприятие). Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы ішкі байланыс – құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл ажырату емес, ассоциация, анология, апперцепция принциптерімен жинақталып, ұласуға негізделген. Құбылыстардың арасындағы байланысты дәл, айқын ажыратып айтсақ, олар сабақтаса құрмаласар еді. Салаласып байланысқан жай сөйлемдер сабақтасып байланысқанда, яғни бір сөйлем екінші сөйлемге бағынғанда, сол өзі бағынған сөйлемдегі оқиғаның себебін, мезгілін т.б. анық білдіреді, я белгілі мүшенің сапасын білдіреді. Сөздердің арасындағы бағыну, бағындыру қатынастары олардың арасындағы табиғи байланыстарды, қатынастарды айтушының айқын ажыратып аңғаруынан болады. Жай сөйлемдер салаласып құрмаласқан түрінде олардың арасындағы қатынастар және байланыстың түрі айқын ажыратылмай, жалпыланып айтқан болар еді. Сөйлемдердің сабақтасып құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ). Ал сөйлемнің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі – жинақтау (синтез) (1;35). Ғалымның осы ойын профессор Р. Әмір сабақтайды: «...салалс, сабақтас құрмалас сөйлемдерді тек грамматикалық ерекшелікпен бөлінген түрі деп қарамай, коммуникативтік жағынан ерекшеленетін, арнаулы коммуникативтілік қызметке бейімделген тұлғалар танылуы тиіс» (6; 10). Тілдік құбылыстардың сырын адам психологиясымен байланысты зерделеу – бүгінгі күннің де талап етіп отырған басты мәселелерінің бірі.