Дәріс: Заманауи педагогикалық технологияға кіріспе. Жоспар


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



бет7/15
Дата21.10.2023
өлшемі186,66 Kb.
#120506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ДӘРІС 3

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Оқыту бағдарламалары» ұғымына түсінік беріп, оқыту бағдарламаларының түрлерін саралаңыз.

  2. «Эвристикалық технология», «Креативтік технология»,

«Когнативтік технология» түрлеріне сипаттама беріп, олардың бір- бірінен ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

  1. Педагогикалық технологиялардың классификациясын айқындаңыз.

  2. Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін қандай элементтер болуы керек жəне оларға сипаттама беріңіз.



Ұсынылатын əдебиеттер:

  1. Капустин Н. П. Педагогические технологии адаптивной школы: Уч. пособие. – М.: Академия, 1999.

  2. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.

  3. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: Педагогическое общество России, 2000.

  4. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль:изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.
Селевко Г. К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997.

  1. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

  1. Хуторской А. В. Эвристическое обучение: Теория, мето- дология, практика. – М., 1998.

  2. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –

Владивосток, 2000.

  1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.

  2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

  3. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  4. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая техноло- гия: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей.

  5. – 1989.

5 ДӘРІС Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы


Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.


«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций
«танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе, ең мəртебелісі – ойлау» деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат- міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  2. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

  3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

  4. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі

  • білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.

Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамы- ту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.
СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді:

  1. Мұғалімге тəуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға;

  2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс- əрекетті белсене жəне өз бетінше орындауға;

  3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

  4. Білім мен мəдени құндылықтарды игеру ісін топтасып жəне ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;

  5. Құр мəлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге;

  6. Ой өрісі ғана емес жəне əлуметтік жағынан өздерін-өздері да- мытып тəрбиелеуге жетелейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет