Дәріс: Заманауи педагогикалық технологияға кіріспе. Жоспар



бет8/15
Дата21.10.2023
өлшемі186,66 Kb.
#120506
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
6 ДӘРІС. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау стратегия әдістері
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері: Қызығушылығын ояту – Эвокация Мағынаны тану - Реализация. Ой толғаныс - Рефлексия.
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс
Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады.Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды.Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты.
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Сабақ кезеңдері
Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар
Қызығушылығын ояту кезең
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру,
Мағынаны тану кезеңі
Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру
Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.
Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.
Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
v + - ?
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу.
Синоним Адам
RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы
- Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.
Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)
Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.
Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.
Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.
Білемін. Білдім. Білгім келеді.
ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары көп әрі қолдануға ыңғайлы, жеңіл, тиімді. Іс – тәжірибе көрсеткендей СТО – технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік «Мені» дамиды. Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі.
Жекеден жалпыға
Дифференциалдықтан сенімділікке
Интуициядан логикаға
Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.
Үлгі сабақ: Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы туралы Конвенция
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бұрынғы алған білімдерін еске түсіре отырып, «Бала құқығы туралы Конвенция» туралы білім беру.
Дамытушылық: Сөздік қорын, тілдік жүйесін, дүниетанымын кеңейту, дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Мазмұнға байланысты: Конвенцияның баптарымен танысады, құқықтық сауаты ашылады. СТО ойлауды дамытуға байланысты: Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді. Алған білімдерін өмірде қолдана алатын болады. Топпен жұмысқа байланысты: Ұйымшылдыққа үйренеді, өз білімдеріне қорытынды жасай алады, толлеранттыққа бейімделеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары; Блум таксаномиясы, бес жолды өлең, топтастыру, пікір – талас, екі жазбалы күнделік.
Көрнекіліктері: түсті маркерлерлер, бағалау парағы, а - 4 форматтар, БҰҰ –ның эмблемалары, карточкалар.
Сабақтың барысы: 1 Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
• Алдымен бүкіл сынып, содан кейін әр топ қол ұстасып, бір – біріне іштей тілек тілейді.
• Сабақтың мақсаты, міндеті баяндау.
• Әр топтың бағалаушысын сайлау.
2 Қызығушылығын ояту кезеңі:
• Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар
1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңдары қай жылдан бастап шыға бастады?
3. Қазақстан Республикасының заңдары неге 1991 жылдан бастап шыға бастады?
4. Тәуелсіз мемлекет деген қандай мемлекет?
5. Құқық деген не ?
6. Азамат деген кім?
7. Қазақстан Республикасының азаматы деген кім?
8. Азаматтықты растайтын қандай құжат бар?
9. Ол құжат қай мекемелерде тіркеліп, беріледі?
10. Азаматтың тегі кімнен (әкесінен, атасынан) беріледі?
11. Заң деген не?
12. Сендер қандай заңдарды білесіңдер?
13. 1991 жылы Қазақстан қандай мемлекет болды?
14. Тәуелсіз мемлекеттердің барлығы қандай үлкен ұйымға бағынады?
• Ол қандай ұйым екенін сендердің үй жұмыстарыңнан көрейік. БҰҰ – туралы ізденіс жұмыстарын тексеру.
• Әр топ басқа топтарға үй жұмысы бойынша сұрақтар қояды.
• БҰҰ – на топтастыру жасау
3.Мағынаны тану кезеңі:
• Сабақтың тақырыбын бір оқушыға оқыту.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. – Бала деп кімді айтамыз? – Ендеше жер бетіндегі балаларға арналған заң бар екен.Ол заң «Бала құқығы туралы Конвенция» деп аталады. Бұл заңды жер бетіндегі барлық халықтардың құқығын қорғайтын ұйым БҰҰ шығарды. Бұл балаларға арналған заң 1989 жылы шықты. Бұл маңызды құжатты дайындау үшін көптеген жылдар қажет болды. БҰҰ –да жұмыс істейтін адамдар дүние жүзі халықтар балаларының тыныс – тіршілігін, өмірін зерттеп, танысты.Олар Африка, Азия сияқты т.б елдерді зерттеп жүріп, білімсіз жүрген, ауырып тіпті қиын өмірде өсіп жатқан көріп, ойланып, осы заңды шығарған Міне осы заң шыққаннан бастап әлем балаларының өмірі жақсарды.Олар бір – бірімен хат арқылы, электронды почта арқылы қарым – қатынас жасап жүр.
• Дәптермен жұмыс. Сөздік. Конвенция – бала құқығы жөніндегі халықаралық шарт.
• Екі жазбалы күнделік. Конвенция баптарына талдау жасау
1-топқа (1, 3 баптары жазылған карточка)
1-бап «Барлық адам болмысынан тең және азат болып туады. Барлық адамға ақыл - ой берілген, сондықтан бір – біріне бауырмалдық қатынас жасаулары тиіс. 3 - бап «Әр адамның жеке басының ісіне басқаны араластырмауға, өмір сүруге және еркіндікке құқығы бар»
Түсіндірме сөздік: болмысынан – туғаннан бастап
азат – еркін тәуелсіз
бауырмалдық - сыйластық
2 – топқа (5, 16 – баптар жазылған карточка)
5 - бап «Ешкімнің де азапталмау, қаталдық пен адамшылыққа жат қылықтармен жазаланбауы тиіс» 16 – бап «Әр кім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар»
Түсіндірме сөздік: азапталмауы – қиналмау
адамшылыққа жат қылық – жаман іс-әрекет
жеке бас бостандығы – тек өзіне қатысты
3 – топ (7, 12- баптар жазылған карточка)
7- бап « Барлық адам заң алдында тең» 12 – бап «Азамат өз құқықтарын пайдаланады, басқа адамдардың құқықтарын бұзбауы тиіс»
Түсіндірме сөздік: заң –мемлекет бекіткен, баршаға ортақ ереже
4 – топқа (25, 26 – баптар жазылған карточка)
25- бап «Адамның тұрғын үйіне қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді »
26 - бап « Меншік, мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі»
Түсіндірме сөздік: тұрғын үй – өмір сүріп жүрген үй
қол сұқпайды – тартып алу
кепілдік - рұқсат
4. Ойтолғаныс кезеңі:
• Пікір – талас: - Балалар, бағанадан бері біз бала құқығы, еркіндігі, бостандығы туралы айтып жатырмыз. Ал, олай болса біз сендерден мектеп формасын киюді талап етеміз. Қалай ойлайсыңдар мектеп формасын киіп жүру керек па керек емес пе ?
Біздің қарарымыз: «Мектеп формасын кию керек»
1, 2 –топ жақтаушы топ тар/3, 4 – даттаушы топтар.
1. Сабақты қорытындылау: 5 –жолды өлеңді тақтаға жазып сабақты қорытындылау. Конвенция
Әділ, қатал
Көмектеседі, қорғайды, тәрбиелейді.
Бала құқығы туралы - заң
Заң
Әр топтың бағалау парағын жиып, оқушыларға баға қойып, үйге тапсырма беру.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытудың соңғы аспектісі өнімді топтық байланысуды «Кубизм», «Акеадемиялық дау-дамай», «Бұрыштар», «бірлесе оқу» сияқты стратегияларды қолдануда сапалы жүзеге асыруға болады.
«Бұрыштар» стратегиясы 7-сынып С. СейФуллин «Бандыны қуған Хамит»
І Хамит жеңеді
ІІ Кудря жеңеді
ІІІ Хамит пен Кудря тең түседі
Екі топтан қосылып үш жікке бөлініп, әр «бұрыш» өз пікірін қорғап шығуға тырысады.
«Кубизм» стратегиясын Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?»Өлеңін оқыған кезде былай қолдандым :
1 Суретте Аягөз өзенің ағысын, табиғатын ақын қалай суреттейді? 2.Түсіндір.
Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай түсіндіреді?
3.Пайымда
«Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды » деген ақын наласын қалай түсінесіңдер?
4. Зертте.
Ақынның өлең жолдарын осындай өкінішпен жырлауына қандай себептер итермеледі деп ойлайсыңдар?
5. Талда
Өлеңнің негізігі идеясын анықта
6. Бағала
Өлеңнің бүгінгі таңдағы маңызы, мәні
Бұл стратегияны қазақ тілі сабағында да тиімді қолдануға болады.
1. Суретте Жедел өткен шақ дегеніміз не?
2. Түсіндір Жедел өткен шақтың жасалу жолын түсіндіріп көрсет.
3. Талда « келді» жедел өткен шақта тұрған етістікті жікте
4 Талда (1) «келіп» етістігін жікте
5. Салыстыр Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты,- ті ) мен ІІІ жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты,- ті ) салыстыр
6. Қолдан Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді қатыстырып, 5-6 сөйлем құраңдар (7-сынып «Жеделөткен шақ»)
Қазақ тілінде «Мен есімшемін» деген эссе жазуға, мысалы: Мен- етістіктің ерекше мағыналық түрімін. Мен есім сөздердің қызметін атқарғанда кім? не? қандай? деген сұрақтарға жауап бергенді жөн көремін. Етістік қызметін атқарған кезде етістіктің төл сұрақтарына жауап бергенді жақсы көремін. Мен жіктелгенде етістік болып, көптелген, септелген кездерімде есім сөздердің қызметін атқарғанымды жаңа сабақта нақты мысалдармен дәлелдеп көрген шығарсыңдар...
әдебиет сабағында «РАФТ» 1-топ «Шығыс ұлынан хат» 2- топ «Шығыс ұлдарына хат» (болашақтан) 3- топ Авторға хат
РОЛЬ –шығыс ұлы, болашақ ұрпақ, оқушы
АУДИТОРИЯ-оқушылар, майдан даласы, Б. Бұлқышев
ФОРМАСЫ – хат, алғыс, үндеу
ТАҚЫРЫП- Ұлы Отан соғысы
Осы сияқты жазба жұмыстарынан оқушылардың жазбаша байланысу аспектісін өз бойынан көрсете алатындығы білінеді.
3-аспектісі диалогты «Үш қадамды сухбат», «Жуан-жіңішке сұрақ», «Ойлан, жұптас, пікірлес», «Жұппен интервью» стратегиялары арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Сонымен бірге, СТО технологиясының әрқашан оқушыларға ескертіп отыратын философиялық қағидалалары бар
«Біз үшін барлық пікір құнды»
«Талқыланатын тақырыптан ауытқыма»
«Басқаның сөзін бөлме»Осы тұжырымдамалардың өзі оқушының бойында коммуникативтік құзыреттіліктің сапалы қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет