Дәріс: Заманауи педагогикалық технологияға кіріспе. Жоспар


дәріс. И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық тәрбиелеудің технологиясы



бет10/15
Дата21.10.2023
өлшемі186,66 Kb.
#120506
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
8 дәріс. И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық тәрбиелеудің технологиясы
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған – диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар және дарындылар, оқудың ұжымдық тәсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы ) А.Г.Ривин және оның оқушылары мен ісін жалғастырушылар (В.К.Дяченко, М.Д.Брайтермен, А.С.Соколов т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мәтіндерін, қосымша және анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
1) дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және өңдеу мақсатындағы; кеңістікте бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге және сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады;
2) таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау жєне оқу қорытындысын есептеу тәсілі болып табылатын әртүрлі модификациялары бар.
Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты әр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:
- әрбір оқушы өзінің іс-әрекетін анықтайды
- қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рольдік ойын ережесі бойынша. Рольдер ауыстыру міндетті түрде қажет. Оқытушы жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар және т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады;
- жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу және өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу және т.с.с.
Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар, немесе ұйымдастырылған диалогқа қатысқандардың ата-тектері және барлық оқу элементтері көрсетілген топтық құжаттар жүргізіледі.
Бұл технологияны тәжірибеде іске асыру оқушылардың тақырыпты оқыту циклін өтуге қажетті уақыт бойынша «дамуының» мақсаттылығын көрсетеді. Оқыту циклі түрінде оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жиынтығы түсіндіріледі, бұл оқушының алдын-ала көрсеткіштері берілген мазмұнды белгілі бір бөлігін меңгеруге әкеледі.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында әрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мәртебесі мен жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Оқытушыда біреулердің алға жылжуын азайту мен кейбіреулерді алға итермелеуді іске асыру қажеттілігі жоғалады, бұл ұжым микроауданында дұрыс әсер етеді. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге әкеледі.
Толық меңгеру технологиясы авторлары Дж.Кэрроли, Б.Блум болып табылатын әдеттегі қалыптасқан барлық оқушыларға бірдей оқу уақытын және мазмұнын, еңбек жағдайын беретін, бірақ соңында бір мағыналы емес қорытынды алатын сабақтық жүйені қайта құруды анықтайды. Толық меңгеру технологиясы оқушыларға бірдей тұрақтыланған білім деңгейін, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруді береді, бірақ әрбір оқушыға уақыт, тәсілдер, формалар, еңбек жағдайларын ауысырылымды етеді.
Бұл технологиялардың кілті түсінігі толық меңгеру эталоны (критерийі), яғни оқушылардың барлығы жетуі қажет жоспарланған оқыту қорытындылары. Бұл эталон унифицияланған түрде мақсаттар таксономиясы көмегімен, яғни иерархиялық өзара байланысқан жүйелер педагогикалық мақсаттар, ойлау (когнитивті), сезімдік (аффективті) және психомоторлық сфералар үшін беріледі.
Эталонды анықтауға басты талап – оның операционалдығы және зерттеушілігі. Басқаша айтқанда, мақсатты қою, оқу мазмұнын толық меңгеру жобаланған көрсеткіштер оқытушымен оқушылардың біржақты түсіну деңгейіне жеткізілуі қажет. Эталонға жеткенін бекіту үшін оқушыға нақты іс-әрекеттер мен операциялар арқылы мақсаттар қалыптасады.
Танымдық іс-әрекеттер мақсаттарына жататындар:
- білім-оқушы нақты оқу бірлігін есіне сақтап, өндіреді (термин, факт, түсінік, қағида, әрекет және т.с.с);
- түсінік-оқушы оқу материалын айтудың бір түрінен 2-ші бір түріне өзгертеді, түсіндіріледі, қысқаша айтады ары қарай болатын құбылыс, жағдай және т.с.с дамуын болжайды;
- қолдану-оқушы оқылған материалды нақты бір жағдайларда және жаңа бір оқиғада қолдануды жасап көрсетеді; талдау-оқушы бүтіннің бөліктерін мүшелейді, олардың арасындағы өзара байланысын табады, бүтіннің құрылу қағидаларын түсінеді;
- жинақтау-оқушы жаңашылығы бар бүтінді алу үшін элементтерді дәл келтіру іскерлігін келтіреді, мысалы, шығарма жазады, тәжірибе жоспарын ұсынады, проблема шешімін ұсынады;
- бағалау-оқушы берілген нақты мақсат үшін оқу материалының маңыздылығын бағалайды.
Бұл технологияда оқу материалының дайындығы оқу бірліктерінің, оқу мерзімі көрсетілген жоспарды нұсқауы бар оқу ақпараттарының үзінділерінен тұрады. Әрбір меңгеру бірлігін 2 басымдық шкала (сынақ-сынақ емес) бойынша бақылау тапсырмасы (тест) дайындалады. Барлық тақырып бойынша оны толық меңгеру эталоны анықталады.
Оқушылар бағдары сынып пен оқытушының өзара жұмысын келісімді бастау кезінде белсендендіруді мақсат етеді және берілген оқу тәсілінің негізгі қағидаларын түсіндіреді. Осылайша, тақырып, (тарау, курс) меңгергенін бағалау оқушылар эталонымен берілген қорытынды тексеруден кейін қойылады. Эталонға жеткен оқушы, «өте жақсы» деген баға алады. Егер, барлық оқушылар бір-біріне көмектесетін болса, «өте жақсы» нәтижеге барлығы жетеді. Әрбір оқушы қажетті көмек, түсініктеме, сүйеніш алады. Қиналған кезде әрбір оқушыға оларды өтуге байланысты салыстырмалы әрекеттер таңдау мүмкіншілігі беріледі.
Оқу бірлігі көлемінде оқытушылардың іс-әрекеттері келесілерді анықтайды:
- оқу мақсаттарымен таныстыру;
- оқушылардың жалпы жоспарын көрсету;
- оқыту процесі, мұнымен қатар жаңа материалды айту әдеттегідей іске асады;
- күнделікті тексеруді ұйымдастыру;
- оқу элементін дұрыс және қате меңгерген оқушыларды табу;
- толық меңгермеген оқушылармен түзету жұмыстары , өзара көмектік аз ғана) шағын топшаларды ұйымдастыру;
- көмек көрсетілген оқушылардан қайталау тестерін жүргізу.
Оқу процесі де кәдімгі шындық процесі сияқты, ұйымдастыру құрылымы бар. Оқытушы оқушылардың оқу жұмысын әр қалай ұйымдастыруы мүмкін.
Ұжымдық оқыту тәсілі дәстүрлі оқыту түрлерін қоса қамтитыған. Яғни ұжымдық оқытуда дәстүрлі жеке жұмыс түрі, жұппен және топтық жұмыс түрлері қолданылады. Сонымен көрсетілген өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынас құрылымдары, бізге – оқу процесінде 4 ұйымдастыру түрін береді: жеке, жұптық, топтық және ұжымдық ; оларды В.К. Дьяченко ортақ немесе құрылымдық деп атайды. Оқу процесі тек қана осы түрлер арқылы іске асады.
Ұжымдық түрлердің мінездемесіне тоқталмас бұрын, топтық түрінің негізгі ерекшеліктерін былай бөлуге болады:
1. Қарым-қатынастың топтық құрылымы;
2. Негізгі талап: бір адамды таңдау мүмкіндігі үшін жалпыға бірдей тыныштық, яғни қарым-қаытнастың әрбір сәтінде тек қана бір адам сөйлей алады;
3. Негізгі жақсы жағы: топ мүшелерінің білуі және істеуі тиіс нәрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі;
4. Әдебиетте кәсіби педагог – яғни арнаулы білімі бар оқытушы оқытады;
5. Әрбір оқушы оқытушының айтқанын үндемей қабылдауға тиіс, сондықтан оқуға деген селқостығы болады;
6. Әрбір оқушы тек өзіне және өзінің жеке басының жетістігіне қамқорлық жасайды және қамқорлық жасауы тиіс. Яғни ол өзіне ғана өз білімі мен тәртібіне жауап береді;
7. Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттері болуы мүмкін емес, өйткені өзі үшін ғана оқиды;
8. Оқушы педагогикалық ықпал жасаудың тұрақты объектісі, сырттай қараушы тірі жәндігі;
9. Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді;
10. Оқушылар арасында жалпы ынтымақтастық пен жолдастық өзара көмек жоқ.
Ал, звено бригадасы арқылы оқытудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың шамалы айырмашылықтары бар, бірақ мәнін өзгертпейді. Бұл мынадай ерекшеліктер:
- топ 3-8 адамдық тұрақты құрамынан тұрады;
- біреуі топты оқытып – үйретеді;
- кейбір жекелеген оқушылар оқытушы ретінде бола алады (шамалап) 20% ғана және т.б.
Осыған ұқсас ұжымдық оқыту жұмысы . Айырмашылықтары тек қана аттарында: педагогикада топтық жұмыс (звено-бригадалық) психологияда ұжымдық бөлу (кооперация түрі бойынша) дейді.
Көрсетілген аттар оқытушылар мен әдіскерлерді шатастырады. Ұжымдық жұмыс түрі – жалғыз; топтық, тіпті жеке меншік жұптық жұмыс ұжымдық ешқашанда бола алмайды. Ұжымдық оқыту деп біз ұжым әр өзінің мүшесін және әр мүше өз жолдастарын оқытып тәрбиелегенді айтамыз. Олай болса, ұжымдық оқу түрі – үйретушілер мен үйренушілер арасындағы ауыспалы жұптағы қарым-қатынасы деп танимыз.
Ұжымдық оқыту түрінің нағыз мағынасы осындай. Сондықтан, топтың және ұжымдық жұмысты шатастырмау керек. Ең алғаш оқытудың ұжымдық түрін 20-шы жылдары А.Г.Ривин өз іс-тәжірибелерінде қолданған болатын.
Сабақтарда оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыра және жүзеге асыра келе, белгілі мақсаттарға жете отыра бірнеше қағидалы мәселелерді шешеді. Олар мынандай қағидаларға жіктеледі:
1. Пәндерді оқыту барысында сабақтағы топтың әр түрлі мүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін томдаулар көрсетеді, атап айтқанда:
- оқу материалдарын талдауға, салыстыруға және бірін-бірі толықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу;
- жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар;
- бірнеше варианттық жауаптарынан дұрысын дәлелдеулер арқылы ақиқатын анықтау;
2. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын, қайталайтын жауаптарына дәлелдер келтіріп, талдау жүргізіп, сапалы еңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса, білім деңгейлерін ескеріп, жеке психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұмытпаған абзал;
3. Оқушылардың білімдері мен қағидаларына бағалау жасауда олардың оқу, еңбек ету, талпыну – ұмтылуларын есепке алып, басқа пән оқытушыдерімен, сынып жетекшілерімен ақылдасып, еңбек нәтижелерін салыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру.
Ұжым – бұл мүшесі екі адамнан асатын адамдардың бірігуі, егер педагог бір оқушымен жұмыс істесе, онда бұл оқыту индивидуалды болады. Сондықтан бірігуімен өзара көмекке қарамастан оқытудың жұпталған формасы ұжымдық оқытуға жатпайды.
Негізінде жоғарыда айтылған пікірде мәселені осылай қарауды талап етеді, яғни қорытып айтсақ ұжымға берілген анықтамалардың мәнін анықтауға әрекет жасадық, өйткені барлық дидактиканың категориялары осы ұғым арқылы айқындалады. Сол мақсатпен біз осы мәселе туралы көптеген арнайы әдебиеттерді зерттеп, педагогикада көп таралған тұжырымдарға тоқталып талдау жасадық.
« Ұжымдық » оқыту дегеніміз - ұжым әр мүшесін оқытады және әрбір мүше бәрін оқытады деп түсінеміз. «Ұжым» - оқытуда әдістемелердің пайда болуы, «ұжым» - бұл оқытушы мен оқушының қарым-қатынастары болып саналады. «ұжым» - бұл қарым-қатынас барысында болатын басқармалы таным. 
Талдау қорытындысы бойынша ешбір тұжырымда оқытудың мәнін ашпайды да, тек сипаттамасын береді немесе оқытудың бір жағын ғана көрсетеді физиологиялық, психологиялық, бірақ тұтас оқыту емес. Олардың бәрін оқытудың мәнін ашудағы кезеңдер деп түсінуге болады.
Ұжымдық оқыту әдістемесін әр түрлі пайдаланады. Қарым-қатынас құрылымына сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар. Олар:
1. Жеке-дара (жанама түрдегі қатынас);
2. Жұптық (тұрақты жұптағы қатынас);
3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың санына қарап екі түрге бөлінеді: жалпы сыныптық (фронтальдық) және звено-бригадалық;
4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас).
Сондықтан ұжымдық оқыту дегенге жоғарыда айтылғанға қосыла отырамыз.
Сонымен қатар осы тарауда ұжымдық оқытудың әдістемесінің идеясының көзқарасы бойынша, оның қазіргі жағдайы қарастырылады дәстүрлі және ұжымды түрлеріне салыстырмалық сын беріледі, ұжымдық жұмыстың белгілері, ұжымдық түрінің өзгеше ерекшеліктері, ұжымдық оқытуды ұйымдастырудағы қолданылатын ұстанымдар мен шарттары көрсетіледі.
Осы жұмыстар негізінде 3 педагогикалық жаңалық ашылды:
1. Алғаш рет отандық және әлемдік педагогикада жыл көлемінде қарқынды түрде шағын топтар мен ауыспалы жұптарда оқу іс-әрекеттері жүрді.
2. Оқу-тәрбие жұмыстарында жаңа технология жасалынып, тәжірибеден өткізілді.
3. Алғаш рет оқытушының жетекшілік етуімен өзін-өзі басқарған, өзін-өзі оқытқан, өзін-өзі бақылаған, өздік оқытушы ұжым пайда болды.
Оқытудың ұжымдық тәсілінің көкейтестілігін қазіргі заманғы білім берудің қарама-қайшылықтары мен пайда болған мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Дәстүрлі оқыту дағдарыстары оқытудың төмендегі қарама-қайшылықтардан көрінеді. 
Оқытудың ұжымдық тәсілінің ерекшелігі келесі үрдістердің сақталуына байланысты:
- Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы.
- Олардың өзін-өзі оқытуы.
- Өзара бақылау.
- Өзара басқару.
Оқушылар ұжымында барлығы бірін-бірі және әрқайсысын оқытады. Оқытудың топтық тәсілі мен оқытудың ұжымдық тәсілінің айырмашылығы бар. Оқытудың топтық тәсілінде ұжымда тек бір адам ғана - оқытушы немесе кеңесші - қатысушы рөлін атқарса, оқытудың ұжымдық тәсілінде бір мезгілде бірнеше оқушы басқаларына әсер етеді.
9 -10 дәріс Қашықтықтан оқыту технологиясы-заман талабы
Қашықтықтықтан оқыту - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- оқытуды даралау;
- оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
- дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын жағдайларда білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Қашықтықтан оқытуды үш жүйенің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:
- дидактикалық жүйе
- технологиялық жүйе
- қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар:
- оқытуды басқару
- өз бетімен білім алу.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруғы маңызды кезең виртуалдық (синхрондық және асинхрондық) өзара іс-қимыл.
Синхрондық – мұғалім мен оқушының байланысы нақты уақытпен белгіленеді. 
Асинхрондық - мұғалім мен оқушының байланысы белгілі бір уақытпен шектелмейді.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
- технологиялылығы яғни қашықтықтан оқыту BilimLand, Kundelik Kz, Daryn.online, Microsoft TEAM, Google ClassRoom.заманауи бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдаланудың арқасында тиімді.
- қолжетімділік пен ашықтық, оқушыға үйден шықпай-ақ оған ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік беріледі.
Еркіндік, икемділік, жекелей сапалы білімге қол жеткізу. Бір күн ішінде оқушыларды оқытудың жеке кестесі, әрбір күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды оқушы үшін ыңғайлы уақытта орындау, электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, соның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланыс ұсыну сияқты мүмкіндіктер пайда болады. Мұндай форма өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамытады.
Мұндай оқытудың артықшылығы - оның әмбебаптығы. Кез келген уақытта оқушы өз білімімен айналыса алады. Сіз уақытты өзіңіздің қажеттілігіңізге қарай жоспарлай аласыз. Біздің бүгінгі білім беруімізде ең бастысы - бұл нәтиже. Сондықтан алдымен қашықтықтан оқытуды қашан өткізетініңізді анықтап, оқушылармен қалай жұмыс істейтініңізді ойластырыңыз.
Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар.
Нақты уақыт режиміндегі кездесулер.
Сіз оқушылармен тікелей эфир өткізілетін немесе онлайн-кездесу өтетін уақыт туралы келісесіз. Онлайн-сабақта сіз материалдарды түсіндіресіз, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға сұрақтар қоясыз. Интерактивті оқу материалдары арқылы қашықтықтан оқыту
Оқушыларды оқытуды нұсқаулық, оқу контенті (видео, интерактивті бейне, мәтін, суреттер), өзін-өзі тексеру, сілтемелер және т.б. қамтитын интерактивті оқу материалдары арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушылар тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болған жағдайда бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп шешу үшін чат құру қажет.
Жұмысты жоспарлаңыз.
Уақытты белгілеп, мысалы, бір апта және оқушылардың жұмысын оқу пәні бойынша жоспарлаңыз. Жұмысты тұтас ұйымдастыру үшін, оқушылар қол жеткізуі тиіс оқу нәтижесінен бастаңыз.
Өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
Мен оқушыларымды неге үйреткім келеді (қандай оқу нәтижелеріне қол жеткізу керек?)?
Оқушылар бұған қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай жетеді)?
Мен оларды осы мақсатқа жету үшін қалай қолдау көрсете аламын (мен оларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге қалай көмектесемін және олардың қол жеткізгенін қалай білуге болады)?
Жауаптарды ескере отырып, өзіңіз үшін жұмыс жоспарын құрыңыз: қандай оқу материалдарын жасау керек, балалардың жұмысын қалай бақылау керек, оларға кері байланысты қалай және қашан беру керек.
Оқушылар үшін де жұмыс жоспарын жасауға болады. Оқушыларға бір күндік жұмыс уақытын және бүкіл оқу аптасын жоспарлауға көмектесу үшін жоспар қажет. Оқушыларға арналған жұмыс жоспары тапсырмада жұмысты бастау үшін ұсынылатын күн мен уақытты, тапсырмаларды орындау мерзімін, мұғаліммен кездесу үшін белгілі бір уақытты, оқу материалдарына (егер сіз оларды бірден бере алатын болсаңыз) немесе жұмыс жүргізілетін платформаға сілтемелерді қамтуы мүмкін.
Оқушылармен қалай байланысатыныңызды анықтаңыз.
Оқушылардың оқу материалдарына кіру нүктесі болуы тиіс. Егер сіз оқушылармен жұмыста кейбір платформаны (блог, сайт, мессенджерлер, жабық топ және т.б.) қолдансаңыз, онда қашықтықтан оқыту кезінде оқушылар сол арқылы жұмыс істей алады. Егер мұндай платформа болмаса, онда оқу материалдары электрондық журнал арқылы берілуі мүмкін (бірақ ол жүктемеге төтеп бере алмайды, сондықтан баламалы байланыс көзі болуы керек).
Оқу материалдарын жасауды бастаңыз.
Қашықтықтан оқытуда электрондық журналындағы "оқулық, бет, сұрақтарға жауап беру және оқу" тапсырмаларының үйреншікті тұжырымдары мағынасыз болады, өйткені оқыту функциясы жоқ. Оқу жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру - оқушының білмейтінін және істей алмайтынын өз бетінше меңгеруге көмектесу. Ал ол үшін біз жұмыс істеп жатқан оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып осы топқа арналған оқу материалдары мен тапсырмаларды дайындауымыз керек.
Оқу материалдарына жұмыс бойынша нұсқауларды қосыңыз (Егер сіз сыныпта түсіндірсеңіз), тапсырманы орындау үшін және материалдарды зерделеу үшін қажет уақытты, қажетті стратегияларды, ұсыныстар мен кеңестерді көрсетіңіз.
Қандай сандық қызметтерді (сервистерді) пайдаланатынын анықтаңыз.
Өзіңіз немесе басқа біреу жасаған дайын оқу материалдарын қолдана аласыз. Барлық қызметтерді (сервистерді) бірнеше топқа бөлуге болады. Сіз міндеттеріңізді ескере отырып, олардың қайсысын оқушылармен жұмыс істеуге қажет екендігін анықтаңыз.
Оқушылармен Онлайн – кездесу.
Нақты уақыт режимінде онлайн-сабақ ұйымдастыратын сервистер.
Zoom zoom.us/
Бейнеконференциялар мен вебинарларды өткізуге арналған сервис. Тегін нұсқада 40 минутқа дейін және 100 адамға кездесулер өткізуге болады. Оқушылар кездесуге телефон арқылы (zoom бағдарламасын орнату ұсынылады) немесе компьютер арқылы қосыла алады. Кездесудің әрбір қатысушысы дауыстап сөйлеуге, бейнематериалды көрсетуге және экранды кеңейтуге мүмкіндігі бар.
Facebook Live
Facebookтан тікелей бейне хабар тарату. Live трансляцияларды іске қосып, онлайн сабақ өткізуге болатын сыныптың жабық тобын жасаңыз. Бұл тегін және уақыт бойынша шектеулер жоқ.
Instagram Live
Instagram арқылы бейне трансляция. Егер оқушылар сізге қосылып тұрған болса, онда олар эфирге шығу туралы хабарлама алады, сіз трансляцияны өз аккаунтыңызда жүргізе аласыз. Немесе сыныпқа жабық аккаунт құру арқылы онлайн кездесулер жүргізуге болады.
WiziQ www.wiziq.com/
Онлайн-оқытуды ұйымдастыру сервисі. Оқушылар қосылатын сынып құрылады (олар осы ортада аккаунт жасауы тиіс). Мұнда қарым-қатынас жасауға, тапсырмалар мен хабарландырулар жариялауға және онлайн-кездесулер жүргізуге болады. Курс пен бейне кездесуге тегін нұсқада тек 10 қатысушы ғана қосыла алады.
Periscope
Тікелей эфир өткізуге арналған қосымша. Оқушылар сіздің трансляцияңызды көру үшін, оларға осы қосымшаны телефонға орнатып, аккаунт жасау керек.
Skype
Бейнеконференция өткізуге арналған сервис. Әрбір оқушының Skype аккаунты болуы керек. Сынып тобы құрылады және белгілі бір уақытта топтың барлық қатысушылары қосылатын қоңырау соғылады.
Оқу мазмұнын беру.
Оқу мазмұнын беруге болатын сервистерді қарастырып өтейін.
Бейне: бейнені камераға (мысалы, телефонға) жазу немесе компьютердің экраны арқылы жасауға болады.
Screencast-O-Matic https://screencast-o-matic.com
Скринкаст (монитор экранынан бейне), веб-камера арқылы бейне жасауға немесе веб-камера экран мен суретті бір уақытта жазуға мүмкіндік береді. Бейнежазбаның уақыты 15 минуттан аспауы керек және компьютерге сақталады немесе YouTube-да жарияланады. Экранға бейне түсіру шеңберін қажетті өлшемге дейін өзгертуге болады. Жазбаны кідіртуге қойып, экрандағы жақтаудың орнын өзгертуге болады.
Бұл сервистің көмегімен: техникалық оқытуды жазуға (бағдарламалармен және сервистермен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар), тақырыптың түсініктемесін, мысалдардың шешімін жаттығуларды жазуға (сабақ, дәріс) болады.
Google құжаттарындағы жұмыс парақтары
Google құжаты арқылы оқу материалын жасап, оқушыларға рұқсат беріңіз. Олардың әрқайсысы өзі үшін көшірмесін жасайды, түсініктеме беру құқығымен мұғалімге рұқсат береді. Жұмысты жеке немесе (міндетке байланысты) жұппен орындай алады. Осылайша, балалардың жұмысын бақылау және оларға бағыт-бағдар беруге ыңғайлы.
Edpuzzle https://edpuzzle.com/
Edpuzzle көмегімен мұғалім интерактивті бейнелерді жасай алады. Осы бейнематериалға бір дұрыс жауап нұсқасымен викторина қосуға немесе ашық сұрақтар, аудио, мәтіндік пікірлер немесе аудиотректер форматындағы пкірлер жасай алады. Бейне YouTube, Vimeo, National Geographic сияқты түрлі веб-сайттарға қосылады.
Edpuzzle-да сынып құрылады және мұғалім оқушылардың бір тақырып шеңберіндегі оқу материалына бақылау жасай алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған тесттер
Осы сервистердің көмегімен оқушылар тақырып бойынша өзінің қаншалықты түсінгенін тексере алады.
LearningApps https://learningapps.org/ - бұл өзін-өзі тексеру үшін түрлі қосымшаларды (рұқсаттамалары бар мәтін, викториналар, жіктеу, интерактивті бейне және т. б.) жасауға мүмкіндік беретін қарапайым қызмет түрі.
Kubbu http://www.kubbu.com - кез келген оқу пәндері бойынша интерактивті тапсырмалар.
Quizlet https://quizlet.com / - кез келген оқу кезеңінде немесе кез келген оқу пәніне пайдалануға болатын флешкарттар мен ойындар жасауға мүмкіндік беретін сервис. Quizlet көбінесе шетелдік сөздерді зерттеу қызметі ретінде қарастырылады.
H5P h5p.org - өзін-өзі тексеру үшін әртүрлі деңгейге байланысты интерактивті тапсырмалар жасауға болатын платформа. Тапсырмалар оқушыларға сілтеме бойынша беріледі.
Мониторинг
Мониторингті оқу процесін бақылау деп түсінемін сондықтан, бұл жерде оқушылардың тапсырмаларды орындау барысын бақылауға көмектесетін сервистерді көрсетемін.
Жылжыту кестесі. Google кестелерінде оқушылар аттарын (қатарларды) және оқушылар жасауға тиіс тапсырмалар/қадамдар тізімін енгізетін кестені жасаңыз. Оқушыларға редакциялау үшін рұқсат беріңіз. Олар осы кестеге кіреді және тапсырманың орындалуын белгілейді. Тапсырманы орындау оңай немесе қиын болғанын жасыл, сары немесе қызыл түспен белгілеу мүмкіндігін пайдаланып көрсете алады.
Google-құжаттардағы жұмыс - оқушылар Google құжаттарында тапсырмалар бойынша жеке немесе жұппен жұмыс істей алады. Мұғалім оқушының тапсырма бойынша алға жылжуын қадағалап, тапсырманың орындалуына түсініктеме бере отырып, оқушыны бағыттай алады.
Teacher.Desmos https://teacher.desmos.com - математика мұғалімдері үшін өте тиімді. Оқу материалын жасауға, мониторинг жүргізуге, өзін-өзі тексеруге, кері байланысты орнатуға бұл ортаның сандық құралдарының барлығы сәйкес келеді. Математика мұғалімі интерактивті тапсырмаларды әзірлейді, содан кейін оқушыларға жұмыс істеуге мүмкіндік береді және олардың іс-әрекетін нақты уақыт режимінде бақылайды.
Classtime https://www.classtime.com/ - бұл платформаның ұраны-оқушылармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге көп уақыт. Әр түрлі типтегі интерактивті материалды (викторина, шындық/өтірік, жіктеу, сұрыптау, мәтінді бөлу) және оқу процесін мониторингілеу үшін ыңғайлы сервис.
Математиктер үшін Latex кіріктірілген функциясын пайдаланып математикалық формулаларды жазуға болады.
Formative https://goformative.com - Formative - нақты уақыт тәртібінде оқушылардың жұмыс процесін қадағалауға, кез келген уақытта олардың жұмысына түсініктеме беруге және конструктивтік кері байланыс қалдыруға мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау құралы.
Осы құралдың көмегімен мұғалім оқу материалын жасайды, онда мазмұн (сурет, мәтін, ақ тақта, бейне және embed енгізілген коды); тапсырма (сұрақ-жауап, қысқа жауап қосу, толық жауап қосу, өз жұмысын көрсету, бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау, шындық/өтірік); қосымша сұрақтар (аудио жауап қосу, жіктеу және бірізділікті орнату), бірақ бұл опция тек ақылы нұсқада жұмыс істейді.
Кері байланыс
Сіздің оқушыларыңыздан кері байланыс алатын сервистер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет