Дәріс: Заманауи педагогикалық технологияға кіріспе. Жоспар



бет11/15
Дата21.10.2023
өлшемі186,66 Kb.
#120506
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Wizer http://app.wizer.me - Wizer көмегімен сіз интербелсенді тапсырмаларды қамтитын және мұғалімге тез жауап беруге мүмкіндік беретін дизайн бойынша керемет әдемі жұмыс парақтарын жасайсыз.
Direct Poll https://strawpoll.de - бұл сервисте санаулы секундта сауалнама жасауға болады. Оны оқушылардан кері байланыс алу үшін пайдаланыңыз. Сұрақтар рефлексивті, оқу немесе дауыс беруді өткізу мақсатында құрылуы мүмкін.
Google Form - формалар арқылы оқу тестін, кері байланыс нысанын және сауалнаманы жасауға болады.
Quizizz http://quizizz.com - викториналарды жасауға арналған сервис. Оқушылар викторинадан өтеді, ал мұғалім әр оқушы бойынша нәтижені көреді.
Kahoot-Kahoot арқылы да викториналар жасалады. Еліміздегі карантинге байланысты әзірлеушілер Премиум пакетін тегін пайдалануды ұсынды. Оларды да пайдаланып көріңіз.
Оқытуға арналған платформалар.
Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген платформаны пайдалана аласыз.
Google Classroom https://classroom.google.com/
Google Sites https://sites.google.com/
Бұл платформалар арқылы оқу материалдарын орналастыру, талқылау жүргізу, кері байланыс алу және ұсыну, яғни оқу процесін құру ыңғайлы.
Мысалы, facebook тобына бүкіл сынып оқушылары қол жеткізе алады және оқушылармен байланыста болуға, онлайн-сабақтар өткізуге тиімді.
Мен сабақта қашықтықтан оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты барлық маңызды аспектілерді қозғауға тырыстым. Қандай формада оқысада оқушыларымызды білім байлығымен қаруландыру, өз бетімен білім алуға дағдыландыру біздің мақсатымыз. Оқудың табыстылығы оқушының өзіне байланысты. Қашықтықтан оқыту жемісті болсын.
11 дәріс Зияткерлік тапсырмаларды шығару технологиясы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 –


2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – Қазақстандық
білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы
адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, - болып
табылады [1,б. 28]. Еліміздің білім мен ғылым саласының әлемдік деңгейде
бәсекеге қабілетті болуы, барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдардың
педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастырылуымен, педагогикалық
шеберліктері жетілдірілген педагогтермен қамтамасыз етілген жағдайда білім
алушылар табысты нәтиже көрсеткен жағдайда мүмкін болады.
Адам зияткерлігін біртектес еместігін көрген алғашқы философтардың бірі
Гераклит болды (б.з.д. ~ 544- 483). Ол барлық адамдар үшін ойлау қабілетін және
таным мүмкіндігін мойындады. «Адамдардың көпшілігі немен кездесетініне еш
күмән жоқ...» [4,б. 28]. Таным үдерісінің күрделілігін меңзеген философ
қоршаған ортаны танып білуді адамның қабілетімен байланыстырғанын көруге
болады.
Сократ (б.з.д. ~ 469-399) «ақылға қонымды» ұғымына жақсы ойлай білуді
(«Протагор» диалогы) кіріктіреді, ал Сократ бойынша ақыл – ой – ойдың жалпы
орташа амалы, - деп тұжырымдайды. Адамгершілік білімдерінде Сократ тек
дайын күйінде емес, оны ұйымдастыру тәсілі диалог болып табылатын
оқушымен бірге ақыл-ой жұмысы арқылы ұмтылу керек болатын мақсаттарды
көрді. Оқытудың мұндай түрі адамның ішкі дүниесін ой-санасына, танымына,
оның адамгершілік және зияткерлік еркіндігін ашуға ынталандырады. Оның
көзқарастары «моральды зияткерлік» атауына ие болды [5,с. 28]. Автордың
пікірін қорытатын болсақ, берілетін білімнің мақсатының нақты болуын, оны
ұйымдастырудың тәсілдемесін жетік меңгере отырып, білімді дайын күйінде
бермеу өздігінен алуға жағдай туғызудан, білім алушының ішкі қажеттігін,
қызығушылығын қанағаттандыру барысында ой-санасы мен танымы артып,
адами сапасы мен зияткерлігі дамитынын жинақтай келе «моральді зияткерлік»,
- деп жасаған тұжырым жасаған. Ғұламаның идеясының өміршеңдігін ХХI
ғасырда еліміздегі білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңартуларда осы
мәселені қойып отырғаныоған дәлел бола алады.
Зияткерлік көпдеңгейлік құрылымының анықтамалары:
- әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда зияткерлік – әлеуметтенудің және
тұтас мәдениеттің ықпалының нәтижесі;
- генетикалық тұрғыдан, зияткерлік – адамның қоршаған әлеммен табиғи
жағдайда әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары;
- дидактикалық тұрғыдан, зияткерлік – мақсатқа бағытталған оқыту үдерісі;
- процессуалды – іс-әрекеттік тұрғыдан, зияткерлік – адам іс-әрекетінің
ерекше формасы;
- ақпараттық тұрғыдан, зияткерлік – ақпаратты өңдеудің элементарлық
үдерістер жиынтығы;
- феноменологиялық тұрғыдан, зияткерлік – сана мазмұнының ерекше
формасы;
- құрылымдық-деңгейлік тұрғыдан, зияткерлік – түрлі деңгейдегі танымдық
үдерістер жүйесі;
- регуляторлық тұрғыдан, зияткерлік - өзін-өзі түзету факторы
Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұнына, математиканы
оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы
оқушылардың құзыреттілігіне (пәндік, қатысымдық, ақпараттық, проблеманы
шешу) қойылатын талаптарды талдау ұсынылған.
Математиканы оқытуға бейімдеу кезеңінде балалардың іс-әрекетін
жоспарлау және ұйымдастыру технологиясы болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлау барысында математика пәнін оқытудың
әдістемесін меңгертуді көздегенін көреміз.
Оқу пәнінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер
бөлімшелерге бөлінген, олар күтілетін нәтижелер түрінде сыныптар бойынша
оқыту мақсаттарын қамтиды: дағды немесе білік, білім немесе түсінік. Әрбір
бөлімше ішінде жүйелі түрде ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз
жұмыстарын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сондайақ оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту әдістемесінде бастауыш оқыту сыни ойлауды
дамытуға, зерттеу мен қарым-қатынастың бастапқы дағдыларын
қалыптастыруға, математикалық білімді өмірде қолдануға мүмкіндік
туғызылатыны айтылған.
Бастауыш деңгейдегі математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес
оқу пәннің міндеттерінің ішінен тақырыбымызға келетін міндеттерді бөліп
көрсетеміз. Олар:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік қиялды және математикалық терминдерді
қолдана білуді дамыту;
2) сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3) тұлғалық қасиеттерді дамыту: білімқұмарлық, мақсаткерлік,
жауапкершілік, сенімділік, Тәуелсіздік;
4) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, командада жұмыс істеу
дағдыларын және өз көзқарасын білдіруді, басқа адамдардың пікірін
құрметтеуді, көшбасшылық қасиеттерді көрсетуді, өз жұмысын жазбаша және
ауызша нысанда ұсынуды дамыту;
Келесі талдайтынымыз «Әдебиеттік оқуды оқыту әдістемесі» пәні.
«Әдебиеттік оқуды оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – студенттерге
теориялық жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:
– әдебиеттік оқуды оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды
қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;
– оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске
асыруға дайындау;
– әдебиеттік оқуды оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Аталған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін қазақ тілін оқыту әдістерінің
жүйесі, сабақ құрылымы туралы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып,
талдаулар жасау, сабақ құрылымын коснпектілеу тапсырмасы берілген.
Келесі тапсырма: оқу дағдыларына қойылатын талаптар және оқу түрлеріне
үйрету әдіс-тәсілдерін, әр сынып бойынша оқу дағдыларына қойылатын
талаптарды кестеге толтырып жүйелеу тарсырмасы берілген.
Бір шығарманы талдап, жоспар жасау, мәтінге байланысты шығармашылық
жұмыс түрлерін көрсетуде болашақ бастауыш сынып мұғалімі өзінің
келешектегі атқаратын жұмысының әдістемелік тұрғыда меңгеруге жағдай
жасалған.
Кейіпкерлендіруге болатын ертегілер мен мысалдарға талдау жасау, оларды
сахналау, ертегі мазмұны бойынша көрнекілік дайындауда оған қойылатын
талаптарды меңгеруге басымдық берілген. Қорытынды сабақтың жоспарын
дайындауда жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды тиімді
пайдалану жолдарын көрсететін әдістемелік білімді тәжірибеде көрсету деңгейін
айқындайтын тапсырма деп түсінеміз.
Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыруға басымдық берілгенін атап өткеніміз жөн. Шығармашылық –
ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. «Шығармашылық» сөзінің төркіні
этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе
ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Мектепте білім
беру ісіндегі басты бағдар оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін
дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Мектепте
шығармашылық жұмыстарды өткізу оң нәтижеге бастайтынын тәжірибе
дәлелдеді. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп
отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
Ана тілі сабақтарында ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар: өлең
құрастыру, кейіпкерге мінездеме беру, мәтін құрастыру, мәтін бойынша сурет
салу, шығарманы сахналау, реферат,баяндама, шығарма жазу. Көркем мәтін
бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлері:
а) автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу,
ә) көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына
өзгеріс әкелмейтіндей «өз мәтінін» енгізу,
б) кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог диалогын жазғызу,
в) мәтіндегі кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездеуді толықтыру,
е) автордың шығармасындағыдан басқадай тың көркемдік шешім табу,
оқиға құру т.с.с.
Оқушыларға осындай тапсырма бергенде олар суреткер жасаған көркем
әлемге өзінің «кішкене әлемін» қосады. Әдеби шығарма да жүректен шығып,
жүрекке жетеді. Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар жанды, шынайы
болып, шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауы
ашылатынына мән берілген.

12 – 13 дәріс Оқытудың қазіргі жобалық технологиясы


Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.
Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.
«Педагогикалық технология – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:

  1. мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек;

  2. оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;

  3. оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;

  4. баланың дұрыс дамуы;

  5. кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу

  6. оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту;

  7. мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі;

  8. оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы;

  9. әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;

  10. Оқу технологиясын жобалауда міндетті нормалардың сақталуы ( Бұл принцип бірінші рет мұғалімдерге бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп оқытуға шек жасайды. Бірінші сыныптан соңғы сыныпқа дейін барлық мұғалімдер ғылыми негіздегі кеңестер мен психолого-педагогикалық және физиологиялық бағыттағы шектеулерді ескеріп, орындап отырады.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет