Сертификаттау саласындағы терминдермен анықтамалар және сәйкестік реттеу. Өнімдерді сертификаттау Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау /импорттық өнімдерге де/ бекітілген.
Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.
Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау кұрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды.
Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұскауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.
Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты /параметрлері/ мына нышандарға қарай таңдап алынады:
өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі /белгілі -бір өндіріс партиясына жатады /;
тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;
алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжатгарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;
заң актілеріне сәйкес, міндетті сертификаттауда, басқа
талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау.
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады.
Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады.
Өнімді сертификаттау тәртібі Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетінебереді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушігесертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажетболған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі.