Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет40/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
лекция

Тауарларды штрих кодтау
Кодтаудың негізгі нысаны тауар және оның ерекшелік қасиеттері болып табылады.
Дәлірек айтқанда: дайындаған /жасаған/ орыны, дайындаушы /жасаушы/, салмағы, мөлшері, түсі т.т. Кодтау кезінде тұтастай цифрлі және штрихты қатарлар беріледі.
Әрбір тауардың цифрлі коды айырықша. Ол тауарды жіктемейді, алайда оны тануға мүмкіндік береді. Себебі айналымдағы, соның ішінде халықаралық рыноктағы ешбір басқадай өнім ондай кодты иемдене алмайды.
Кодтың болуы тұтынушылар мен сауда ұйымдары үшін қажетті жағдайда тауар реквизитін айқындауға және сапа мен қауіпсіздікке қатысты дайындаушыға шағым жасауға мүмкіндік береді.
Штрихты код автоматты есеп үшін пайдаланады. Ол екі әрқилы баран сызықтар мен ашық жолақтардың алмасуынан тұрады. Сызық, жолақтардың ендік қатынасы және олардың өзара үйлесімі /тіркесі/ ақпаратты айқындайды. Мұнда сызық жолақтардың ендері қатаң анықталған. Баран сызықтарды штрихтар, қылаң /ашық/ сызықтарды жолақтар деп атайды.
Штрихті кодты сканерлер есептейді.
Сканер штрихтар мен жолақтар және олардың тіркесін қабылдап, микропроцессорлық қондырғының көмегімен штрихті кодты цифрлау кодқа айналдырады, сөйтіп тауар жайлы ақпаратты ЭЕМ-на енгізуді жүзеге асырады.
Халықаралық сауда Халықаралық ЕАN /JANA, Брюссель/ қауымдастығы әзірлеген ЕАN /European Artіcle Numberіng/ коды кеңінен таралған, ЕАN жүйесінің көмегімен көбінесе азық түлік тауарлары, сондай-ақ баспахана саласының өндірістік тауарлары кодталады.
ЕАN коды 8 және 13 қатарлы болуы мүмкін. Ереже бойынша ең жіңішке штрих немесе жолақ қалыңдық бірлігі /модуль/ ретінде қабылданады. Басқа штрихтар мен жолақтар екі немесе үш модульді құрауы мүмкін. Кодтың әрбір цифрі екі штрихпен екі жолақтық тіркесінен тұрады.
ЕАN 8 коды ЕАN 13 кодының қысқартылған түрі болып табылады. Ол мөрдің орны шектеулі болып келетін кішкентай мөлшерлі тауарларға арналған. Кодты көзбен қарау кезінде тұтынушының алатын бірден бір ақпараты /тізім бар жағдайда/ өндіруші елдің аты болып табылады. Елдің кодын орталықтандырылған түрде Халықаралық қауымдастық береді. Мұнда бірқатар елдерге екі қатарлы, ал кейбіреуіне үш қатарлы код диапазоны беріледі. Мысалы, Франция 30-37, бұрынғы КСРО коды 460-490. Үш қатарлы код кезінде қатарлардың жалпы санын сақтау үшін кәсіпорын коды бес қатардың орнына төрт қатарды қамтиды. Кейбір елдердің кодтарына қосымша "А"-да берілді.
Дайындаушының /кәсіпорынның/ кодын елдің ұлттық органы тағайындайды.
Тауардың кодын өндіруші тікелей құрастырады. Бұл-тауардың тек қана тұтынушыға белгілі тіркеу нөмірі немесе тауардың сипаттамасын айқындайтын коды болуы мүмкін. Бақылау цифрі EAN алгоритмі бойынша сканермен код есептеудің дұрыстығын анықтауға арналған. Кодта орталық және шеткі ұзартылған штрихтардың болуы жазылудың толықтығын текесеруді жеңілдетеді.
Штрихті кодты арнайы құралдың көмегімен басады. Кодты қапшықтың артқы жағына, төменгі оң жақ бұрышқа, шеттен 20 мм-ден кем емес қапшықта орналастырады. Қапшықтың сырты бүгілген /иілген/ болса код тік орналастырылады. Мөр қара, көк, қара-жасыл немесе қара-күрең, өңмен басылады.
EAN кодынан басқа мемлекет ішінде қолданылатын кодтар да бар. Мысалы, Германияда BAN жүйесі /Bundes-eіnheіstlіcht Artіklnummer/, АҚШ пен Канадада ИРС /Unіversal Product Code/, Жапонияда CARLA-CODE жүйесі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет