Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Дәріс №8 Тақырыбы:Сертификаттау ұғымы. Қазақстанда және шет елде сертификаттаудың даму тарихы



бет42/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Байланысты:
лекция

Дәріс №8
Тақырыбы:Сертификаттау ұғымы. Қазақстанда және шет елде сертификаттаудың даму тарихы.
Құзыреттіліктер- Өмір деңгейінің өнімдер мен қызметтер сапасымен байланысы туралы мәліметтерді меңгеру
Жоспар:

  • Сертификаттау саласындағы терминдермен анықтамалар және сәйкестік реттеу.

  • Өнімдерді сертификаттау

Дәріс мәтіні
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет
елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық
өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс денгейінде
болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың жеке көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткіші және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің, /қызметтердің/ сапасы ішкі жэне халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын жүргізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен нормалық анықтамалық құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен катар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда басқа зертханаларда сыналып алынған нәтиже-лер бір-бірімен сәйкес болуы керек.
Аталған жұмыстарды жүргізу елімізде «Стандарттау және сертификаттау» мамандарына жүктелген.
«Сертификаттау» бұл саладағы мамандарға арналған қазақ тіліндегі оқулық.
Оқулықта ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттаудың жалпы ережелері мен тәртібі берілген. Бұған мал өнімдерін сертификаттау жолдары, азықтық, ет-өнімдерінің, мал, балық, бал арасы, құстардан алынатын өнімдер - ет, сүт, бал, жұмыртқа, балық, өсімдік майларының сапасын тексеру әдістері мен жолдары, сапа көрсеткіш стандарттары сәйкес беріліп отыр.
Сертификаттауға байланысты қазақ, тілінде бұрын терминдік, анықтамалық түсініктеме сөздіктер болған жоқ сондықтан негізгі терминдер тікелей немесе балама түрінде беріліп отыр.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

  • өнім туралы мемлекеттік дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • өндірушімен тұтынушының тәуелсіздігі;

  • сынақтың кәсіби түрде өтуі;

  • шетелге өтініш берушілерге кысым жасамау;

  • өтініш берушінің сертификаттау органы сынақ зертханасын тандап алуға және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

  • сертификаттау туралы ақпарат немесе сәйкестік сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;

  • сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ түрлері;

  • сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар,
    халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;

  • Казақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі
    жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының
    аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының
    сертификаттарын және сәйкестік белгісін Казақстан Республикасында тану;

  • ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;

  • қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнін 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, кауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85 % - дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.
ИСО ның сертификаттау саласындағы негізгі қызметі - ұйымдастыру әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде бұл аумақта сапа және сертификаттау Комитеті /ССК/ жұмыс жасайды. Бұл ұйым ХЭК халықаралық электр комитеті/, ХСО /халықаралық сауда орталығы/, БҰҰ сауда және өркендеу конфедерациясы т.б. ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау, принципімен тәжірибесі» арнаулы жасаған зерттеулері.
ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметі:
- әртүрлі елдердің өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу;
-өнімдерді, процесстерді, қызметтерді сонымен қатар, сынақ лабораториясының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етуден сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды, сертификаттауды дайындау;
-ұлттық регионалдық сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, серти­фикаттауды өзара тануда көмек жасау.
ИСО сертификаттау салсында МЭКпен бірге жұмыс жасайды, нет болатын ИСО/МЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланады.
ИСО/МЭК 38-40 басшылығында сертификаттаудың, инспек­циялық бақылаудың жалпы талаптары берілген, олар:
- зертханалардың ұйымдық құрылымы;
-зертханалардың көмек көрсетудегі функционалдық міндеттері;
- сапа жұмысының жалпы үрдістері;
-әрбір сынақтың сапасын қамтамасыз ететін шаралары;
-стандарттар, анықтамалар, әдістемелік нұсқаулар, ұсынымдар т.б. болуы;

  • келушілерден мәлімет алу;

  • рекламацияны қарау тәртібі;
    -жабдықтарды тексерудің жалпы бағдарламасы;
    -әрбір құрал мен жабдықтардың үлгі ережелері;
    -бірдейлігінің ережесі;

-сынақ хаттамасын дұрыс жасау тәртібі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет