Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу



бет44/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
лекция

Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін атестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттауоргандарының өкілетті мекемелері жүргізеді. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өнімге тарайтын ережесі бойыншасақталады.

3. Өндірісті бағалау: Тандап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.
4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар /санитарлық, ветеринарлық т.б./ қойылатын болса, сертификат тек кана арнаулы сертификаты /гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т.б./ болса ғана беріледі.
Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді, бірақ 3 жылдан кем болмауы керек.
5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттауорганынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестікбелгісімен белгілеу құқын алады.
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек.
Сертификаттау құрылымы

Құрылым №

Сәйкестігінің дәлелдейтін аккредитацияланған зертханада сынау

Өндірісті тексеру /сапа жүйесі/

Сертификатталғун өнімді /сапа жүйесі, өндіріс/ инспекциялық бақылау

1

Түрін сынау

Өндірістің жағдайын талдау




2

Түрін сынау




Сатушыдан алынған үлгіні сынау

3

Түрін сынау




Дайындаушыдан алынған үлгіні сынау

4

Түрін сынау




Сатушыдан дайындаушыдан алынған өнімдерді сынау. Өндіріс жағдайын талдау

5

Түрін сынау

Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін /өндірісті / бақылау. Сатушыдан немесе дайындаушыдан алынған үлгіні сынау

6

Тапсырылған құжаттарға байланысты сәйкестігі туралы декларацияны қарау

Сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін бақылау

7

Партияны сынау







8

Әрбір үлгіні сынау







9

Тапсырылған құжаттарға байланысты сәйкестігі туралы декларацияны қарау







10

Декларцияны қарау




Дайындаушымен сатушыдан алынған үлгіні сынау

1-құрылым - аккредитацияланған зертханада типтік үлгіні тауар партиясынан ғана сынайды. Бұл күрделі конструкциялы өнімдерге тарайды.
2- құрылым - аккредитацияланған зертханада сату орнындағы, сатылатын өнімнен /тауарды/ алынған үлгіні сынақтан өткізеді.
3- құрылым дайындау орнындағы дайын өнімді сақтау қоймасынан алынған үлгіні сынау зертханасында сынайды.
4 - құрылым - типтік үлгіні сынау үшін дайындау орнынан да сату орнынан да алады.
5- құрылым – типтік үлгіні сынау, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау. Инспекциялық бақылаудың сертификатталған сапа жүйесін /өндірісті/, сатушыдан, дайындаушыдан алынған үлгіні сынаумен бірге жүргізеді.
6- құрылым - сертификаттау органына өтініш декларация беріліп сәйкестік белгісіне лицензия алады. Бұл құрылым өндірістегі сапа көрсеткішін сертификаттау үшін жасалады.
7- құрылым - тауар партиясын сынау үшін қолданады.
8 - құрылым - әрбір өнімді сынауды өткізуді қамтиды.
9-10 құрылым – дайындаушының өтініш - декларациясы бойынша инспекциялық бақылау жүргізеді.
Құрылымды пайдалану:
1- құрылым – отандық азғантай мөлшердегі шығарылған өнімдерге және аз мерзімге шығарылған импорттық тауарларға арналады.
2- құрылым – ұзақ мерзімге қойылатын импорттық өнімдерге арналады.
3- құрылым - Сертификатталғаннан кейін ұзақ мерзімде бірқалыпты жағдайдағы өнім сапасына арналады.
4- құрылым - инспекциялық бақылауды өткізу, міндетті жағдайда пайдаланылады.
5-6 құрылым - өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда пайдаланылады.
7-8 құрылымдар - бір рет қойылатын өнімдерге арналады.
9-10 құрылымдар кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге жарамды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет