Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Екінші Шығыс түрік қағанаты



бет11/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

Екінші Шығыс түрік қағанатыШығыс түріктердің таугаштар (қытайлар) үстемдігіне қарсы көтерілісі. Құтылықгың басшылығымсн жеңіске жету. Түрік мемлекетін қалпына келтіру. Елтеріс (Құтылық)-қаған. Білге-қаған ксзінде екінші Шығыс түрік кағанатының гүлденуі. Түргеш қағанатын багындыру. Арабтармен соғыс. Білге-қаған өлімінен кейін екінші Шыгыс түрік қағанатының әлсірсуі. Түріктердің қол астындағы басмылдар, үйғырлар жэне қарлұқтардың көтерілуі. Түріктер билігін құлату.
Түргеш қағанаты. ҮІ г. Аяғында Жетісуда, «Он оқ будун» жерінде Түргеш қағанатының құрылуы. Түріктердің Сақал-қағанды талқандауы, оның өлімі,елдітүріктердіңалуы,түргештердіңбатысқақарайшегінуі, (печенегтер) қақтығысу. Сұлық (Сұлу)-қаған. Арабтармен соғыс, Сұлық (Сұлу)-қағанның шығыстағы дипломатиялық жетістіктері. Оның өлімінен кейін қағанаттың әлсіреуі. «Қара» және «сары» түргештердің күресі. Түргеш кағанатының құлауы, түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекетінің құрамында.
Ұйғыр қағанаты. ҮШғ. 40-жылдарының аяғында Орталық Азияда ұйғырлардың гетемондығының орнауы. Ұйғыр қағанатының Қытаймен, қарлұқтармен және басқа да түркі тайпаларымен қарым-қатынасы. Манихейлік — қағанаттың мемлекеттік діні. Ұйғырлардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті. 844 жылы Ұйғыр қағанатының қырғыздардың (хакастар) шабуылдарының нәтижесінде құлауы.
Қарлұқ қағанаты. Қарлұқтардың Алтайдан Жетісуға миграциясы. Қарлұқтар ұйғырлардың қол астында. Қарлұқтардың билеушісі — жабғу. Қарлұқтардың түргештерді багындыруы, олардың билігінің Ферганага Шыгыс Түркестанның бір бөлегіне таралуы. ұйғырлармен, арабтармен соғыс. Қарлұқтар Қараханидтер мемлекетінің құрамында.


Үйсіндер туралы мәлімет
Үйсіндер — Қазақстанның ең ежелгі тайпаларының бірі. Үйсіндер және қаңлы тайпалары Сақ тайпалары конфедерациясынан б.з.д. III ғасырда бөлініп шықты. Үйсіндер Жетісуды, қаңлылар Сырдария және Талас өзендерінің аңғарларын, оған іргелес Қаратау өңірін және Сарысу өзенінің аңғарын қоныстанды.
«Үйсін Даваннан 2000 ли дерлік солтүстік-Шығысқа қарай. Олар көшпелі иелік, малдарымен бір жайылымнан екіншісіне көшіп-қонып жүреді. Әдет-ғұрып ғұндармен ұқсас», — деп жазды Бичурин. Одан әрі: «Үйсін әміршісі Чшу қаласында тұрақтайды» деп жалғастырады (II, 150, 258).
Үйсіндердің шығу тегі туралы аңыз Шығыс үшін дәстүрлі аңыз деуге болады. Аңыз бойынша жаудың шапқыншылығынан кейін айдалада бір жас бала ғана тірі қалады. Оны қасқырдың қаншығы асырайды. Аңда жүргенде баланы ғұн әміршісі тауып алады. Бала өсіп жігіт болғанда оған ғұн әскерін басқартқызады. Жас қолбасшының батылдығы мен ерлігіне тәнті болған ғұн әміршісі оған ата-бабаларының жерін қайтарып алып береді.
Үйсіндер мен қаңлылар өздерінің ізашарлары Яксарт сақтарына қарағанда әлеуметтік дамудың неғұрлым жоғары сатысында тұрған еді. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі басқа тайпалардағыдан гөрі ертерек пайда болды. Байлықтың жеке бір отбасында қорлануы рулық ұйымның тірегін өзгертіп, феодалдық қатынастардың пайда болуына әкелді. Үйсін билеушілері мен тайпа ақсүйектері бұрын қауымға тиесілі болған шұрайлы жер өңірлерін өздеріне иемденіп алды, бұл жерлерді қорғалатын жайылымдарға (қорық) айналдырып, онда өздерінің мыңдаған малы ғана жайылатын болды. Мұралану құқығы орнықтырылды.
Үйсіндер ежелгі гректерге исседондар және аспандар деген атпен белгілі болды. Птолемей таулы Азияда ұлан-ғайыр өңірге иелік еткен елеулі халық деп жазды. Ежелгі үйсіндер туралы ол уақытта Ганьсу провинциясындағы Нань-Шань жотасы мен Булунцзир өзені аралығында көшіп-қонып жүретін рулардың одағы деген деректер қытай дереккөздерінде б.з.д. III ғасырдың аяғынан бастап пайда болады. Олардың жері шығыста ғүндардың жерлерімен іргелес болды, батыста Ферғанамен, Солтүстік-батыста қаңлымен шектесті. Үйсіндердің орталығы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет