Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы



бет66/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер :
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство

Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.
1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды. 
Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.
1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.
«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.
Мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру.
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет