Дәріс№8. Жануарлар дүниесі. Негізгі сұрақтары


Өзін – өзі тексеру сұрақтары



бет3/3
Дата20.09.2023
өлшемі138,72 Kb.
#109170
1   2   3
Байланысты:
лек физ геог

Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

    1. Қазақстанда таралған өсімдік түрлері

    2. Қазақстан өсімдік жамылғысының таралу заңдылығы

    3. Қазақстан өсімдіктер классификациясы

    4. Жазық аймақтарының өсімдік жамылғысы

    5. Тайлы аймақтарының өсімдік ерекшеліктері

Дәріс№.10. Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуы.


Негізгі сұрақтары:

  1. Қазақстанның физико-географиялық аудандары

  2. Аудандар ерекшеліктерінің сипаты

  3. Қазақстан территориясын физико-географиялық ауданға бөлген Л.С. Берг туралы



Физикалық-географиялық аудандастыру ландшафтарды жүйелеудегі
әдістердің бірі, ландшафтардан неғұрлым жоғары дәрежедегі ірілендірілген аумақтық жүйелерге өтуге саяды (ландшафтық аймақ, физикалық- географиялық елдер, секторлар, белдеулер және т.б.)
Шығыс Еуропа жазығы - Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың казақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңкыстаумен шектеседі. Республика аумағындағыЖалпы Сырт кыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.
Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстарынан қалыптаскан. Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстары жапқан. Шығыс Еуропа платформасының қазақстандық бөлігі ұзақ уакыт су астында жатып, біртіндеп көтерілу нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Каспий маңындағы бөлігі майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда әр түрлі жастағы шөгінді жыныстардың өте қалың кабаты таралған. Ұзақ геологиялық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдікжамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басукезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері калыптасқан. Бұл аймақтың географиялық орнының, жер бедерінің ерекшеліктері, ауа массаларының алмасуы жағдайының ұқсастықтары жалпы солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі құрғақ континентті климаттың қалыптасуына себепші болған.
Жалпы Сырт - Оңтүстік Орал мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан кең жазық қырат. Қыраттың жер бедерін Жайық өзеніне оң жақтан келіп құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошьжәне т.б. өзендердің арналарымен тілімделген. Қыраттың қазақстандық бөлігі негізінен бірімен-бірі жалғасып жатқан жалдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150 м) оңтүстікке қарай (60-70 м) еңіс тартып, аласара береді.
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейінкөтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор,Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай аласарады (100-150 м).
Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан. Ойпаттың солтүстік жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат - жекелеген жондар мен өзен бойларында қақ, сорлар, құмды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий трансгрессияларының құм аралас сазды шөгінділерінен тұзілген. Ойпаттың оңтүстік беті – теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырасады, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы Жайық өзені мен оған құятын шағын салалар Деркөл, Көшім, Үлкенөзен және Кішіөзен, Шежін бірінші және екінші Шежін, Шідерті, Жымпиты, қалдығайты жәнө т.б. ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қарасуларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалкар, Балықты, Аралсор, Бесоба сиякты көлдер де бар.
Каспий маңы ойпаты бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған. XIX ғасырдың 70-жылдарының өзінде Доссор мен Мақат мұнай кеніштері орналасқан Тентек соры су астында жаткан. Қайдақ, Комсомол шығанақтары судан XIX ғасырдың 30- жылдары ғана босаған. Теңіз табаны судан біртіндеп босап, құрғап ойпатқа айналған. Жер асты сулары тұщыланған. Ойпаттың қазіргі жер бедерінің пішіні, топырағы мен өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Алайда ойпаттың климатының құрғақтығы өсімдіктер дүниесінің дамуына кері әсерін тигізуде.
Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде 60 мың км² жерді алып жаткан құмды аймақ (Қарақұм) бар. Бұл өлкенің жастығына қарамай, жел жер бетін құрғатып, өсімдігі сирек кездесетін шөлге айналдырған. Ондағы құм төбелерді бар төбешіктері деп атайды.Және төбешіктер ұйырғы болады.
Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы - мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы казбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т.б.) өндіріледі.
Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -15°С, оңтүстігінде -8°С. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура -40°С-ка дейін төмендейді. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады. Жазы ыстық, капырык, шілденің орташа температурасы 22°-24°С. Аңызак желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.
Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері -Жайық, Ойыл, Жем. Жайық өзені Орал тауының оңтүстік беткейінен басталып, Каспий маңы ойпатына ағып шыққан соң, кең арналы өзенге айналады. Ені 300-500 м шамасында. Көктемде су тасыған кезде ондаған км-ге жайылып, кең жайылымдар мен ұсақ көлдер пайда болады. Өзен бойында тоғайлар, жайылмасында шабындық өседі. Өзен суын каналдар арқылы егістік пен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.
Ойыл (ұзындығы 800 км) - Жайық өзенінің бір саласы. Ол да Орал тауынан басталып, Жайыққа құйған. Кейінгі жылдары шаруашылыққа суын көбірек пайдаланудан жазда арнасы құрғап, Жайыққа жетпей қалып жүр. Негізінен, қар суымен қоректенеді. Суы егістікке, жайылымға пайдаланылады.
Жем (ұзындығы 712 м) Мұғалжар тауының батыс беткейінен бастау алады. Каспий теңізіне құяды. Соңғы жылдары ол да теңізге 50-60 км жетпей тартылып калады. Қар суымен қоректенеді.
Көлдердің ең үлкені - Каспий теңізі. Ол аумағының үлкендігіне байланысты теңіз деп аталады. Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Қазақстанға көлдің солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Негізінен өзендер суымен қоректенеді. Қыста қатады. Бағалы балыққа бай.
Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт,  Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала,Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес. Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтау созылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында. Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді Дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2 - 3 км). Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңқыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км². Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мең тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын құм (Сам, Асмантай – Матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ.
Торғай үстірті Сарыарқа (Қазақстанның қатпарлы өлкесі) мен Мұғалжар аралығында орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м. Үстірт негізінен, теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады. Олардың қалыңдығы 5000 м-ге жетеді. Қазіргі жер бедері саздақты және құмды жыныстардан құралған.
Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар теңіз көлі аралығында жатқан Арал маңы Қарақұмы биіктігі 100 м, бұйратты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі. Ішінара жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына үксайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювийлі жазығы деп атайды.
Ол кұмтасты және сазды, кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады. Қызылқұм. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға солтүстік бөлігі кіреді. Ол эолды, ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған. Жер беті құм төбелі, қыркалы боп келеді де, кең сайлармен кезектесіп отырады. Мойынқұм - Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс жатыр. Биіктігі оңтүстікте 500-600 м, орталық бөлігі - 400 м, солтүстігі - 300 м. Аллювийлі, эолды құмдардан құралған. Ал Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл Бетпақдала деп аталады. Орташа биіктігі 300 м. Көтеріңкі келген оңтүстік және шығыс бөліктерінде биіктігі 700 м, ең биік жері - Желтау жотасы 974 м-ге жетеді.
Жер бедеріне қарай оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс болып екіге бөлінеді. Оңтүстік-батыс бөлігінің беті тілімделген тегіс жазықтық. Ол құмтас, саз және құм араласқан теңіз бен континенттің палеоген шөгінділерінен құралған. Солтүстік-шығыс бөлігі қыратты келеді. Кей жерлерде мүжіліп аласарған, тау қалдықтары (Жамбыл, Байқара және т.б.) кездеседі. Бұл жер палеозой тақтатасынан, құмтас пен магма жыныстарынан, сұрғылт және қызыл граниттен тұрады. Бетпақдаланың бұл бөлігінің Сарыарқаға ұксастықтары бар. Балқаш-Алакөлқазаншұнқыры Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Алакөл көлдері тобын, Жетісу Алатауы мен солтүстік Тянь-Шань жоталарының аралығындағы құмды жазықты қамтиды.Қазаншұңқыр геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Мойынқұмға ұқсас. Бұл да неоген дәуірінің аллювийлі, эолды құмды шөгінділерінен құралған. Ол өзен аңғарлары бөліп жаткан бірнеше жалды құмды массивтерден тұрады.
Батыс сібір жазығы , Батыс Сібір ойпаты – дүние жүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі. Аумағы 3 млн. км2-ге жуық. СолтүстігіндеСолтүстік Мұзды мұхиттың Кара теңіз жағалауынан бастап, оңтүстігінде Сарыарқа мен Алтай тауларының етегіне дейінгі аралықты қамтиды. Батысында Орал тауларынан бастап, шығысында Орта Сібір қыратты тауларына дейін созылып жатыр. Жазықтың солтүстігіндегі мореналық төбелер мен қырқалар аралығында кең аңғарлар кездеседі. Олар оңтүстікте аласа жалдарға ұласады. Жазықтың абсолюттік биіктігі 50 м-ден (солт-нде) 300 м-ге дейін (оңт-нде) өзгереді. Батыс Сібір жазығына Васюган жазығы, Барабы жазығы, Есіл жазығы, Ертіс жазығы, Құлынды даласы енеді. Жазық Батыс Сібір плитасының жас эпигерциндік платформасынан қалыптасқан. Платформаны құрлықтық және теңіздік қалың шөгінділер жауып жатыр. Бұл шөгінділер ірі мұнай және газ кен орындарына бай. Оңтүстігінде (Қазақстан аумағында) жазықтың көпшілік бөлігі қалыңд. 500 – 1200 м болатын мезозой-кайнозой кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Өзен аңғарлары төрттік кезеңнің қиыршықты, малтатасты аллювий қабатынан тұрады. Батыс Сібір жазығының климаты тым континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 28°С, шілдеде 4°С-тан (Солтүстік Тундра белдемінде) 22°С-қа дейін (оңтүстігнде орманды-далалы белдемде) өзгереді. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм, оңтүстігіндегі далалық белдемде 600 мм-ге дейін жетеді. Батыс Сбір жазығында 2000-нан астам өзен бар. Олардың ірілерінде (Об, Енисей, Ертіс, т.б.) кеме қатынайды. Көлдер де көп. Өзенаралық ірі аңғарларында Чаны, Үбі (Ресейде),Сілетітеңіз, Теке, Шағалалытеңіз, Қызылқақ, Қалибек көлдері (Қазақстанда) орналасқан. Олардың көбінің суы ащы. Жазықтың солт-ндегі тундралық және орманды тундралық белдемде шыршалы-қылқанды орман өседі. Оңтүстігіндегі қара және қызыл қоңыр топырақты орманды-далалы және далалық белдемінің көпшілік бөлігі егін танаптары үшін жыртылған.

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа,Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді. Сарыарқа – «Қазақтың ұсақ шоқысы» (Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы). Батыстан шығысқа дейін ұзындығы 1200 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 950 км. Батыс жағы біршама тегістеу, Ұлытаудың таулы жерлері (1133 м) және Көкшетау үстірті (947 м, Көкше тауы) ерекшеленеді. Шығыс жағы 1403 метрге (Қарқаралы таулары), 1469 метрге (Шыңғыстау жотасы) және 1566 метрге (Ақсораң тауы) биіктеп, шоқылы жер бедерімен айрықшаланады.


Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген.
Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді. Көкшетау, Атбасар өңірінде, Есіл өзенінің бойында қара топыракқа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан. Ол жерлерде егіндік өсіріледі. Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқ-шоқ қарағай, биші қайың ормандары өседі. Дала зонасының оңтүстігін ала Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау,Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт зонаға кіреді. Бұл зонаның климаты қуаң, қошқыл қызыл коңыр топырақ жамылғысында жусанды, бетегелі, көделі, боз өсімдіктер жамылғысы таралған. Өзен бойында, тау баурайларында шабындық шалғындар, терек, қайың, карағай, арша, тал өседі. Шөлейт зона мал жайылымына колайлы. Шөл зонасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезказған маңын, Солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Мұндағы шөлдің қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері - тобылғы, қараған, боз, бетеге, ақселеу бұйырғын, қара жусан, көкпек өседі. Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Қарағайлы ормандарда бұғы, елік кездессе, дала мен шөлейт жерлерді ақбөкен, қасқыр, түлкі мекендейді. Көлдерінде құстар көп.
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан түрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда даламен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайышошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді.
Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөлне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемелекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы,Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің Алтай аймағы).
Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына үзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.
Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Моңғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоник. козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір,алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма,Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, КішіҮлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, Бұлғын т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.
Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Жайсан, Түранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км²-ден асады. Көлдердін ең үлкені - Жайсан(ауданы 5510км²), Марқакөл (ауданы455км²). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан.
Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км². Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сакталған.
Мұзтау - Алтай тау жүйесінің Ресей және Қазақстан жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу, т.б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады. Мұзтауды қазақтар Ақсүмбі, Ақтайқы деп атаса алтайлықтар Үч сумер деп атады. Алтайдың Мұзтаудан кейінгі екінші биік шыңы - Бесбоғда теңіз деңгейінен 4374м биіктікте, Қытай мен Моңғолия шекарасында орналасқан. Үшінші биік шыңы теңіз деңгейінен 4362м биіктіктегі Мөнххайрхан тауы.
Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Жайсан қазаншүңқырына караған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бүқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі кар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарагай, бал қарагай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмүрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.
Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бүғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бүлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау қүр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі.
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.
Рахман қайнары - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.
Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.
Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті -Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шіліктіқазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың даҚазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.
Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі -Мүзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақжотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жар-тасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар.
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана. Ең биік нүктесі - Тастау (2992 м). Онда мұздықтар жоқ.
Сауыр-Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой жыныстарынан (кристалды тақтатастан, құмтастан, әктастан және саздан) түзілген. Сауырда атпа жыныстар кең тараған. Олар порфиржәне порфириттер түрінде кездеседі. Tapбағатайда порфириттер шөгінді жыныстармен кезектесіп отырады. Ал оның оңтүстік беткейінде әктас көп ұшырасады. Сауырдағы жоқ граниттерТарбағатайдың суайрығында салыстырмалы түрде жиі кездеседі.
Сауыр-Тарбағатай - қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин катпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Жайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан олОңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.
Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базарөзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейіндеағатын Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балкашкөліне жетеді.Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдын таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.
Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шаньшыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы. Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай, Алтай мен Тянь-Шаньның аралық ауданын кұрайды. Оны қоңыр аю, бүғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкіжәне т.б. аңдар мекендейді. Тау жануарлары да, дала, шөлейт аңдары да кездеседі. Шөлейтті далада суыр, аламан мекендейді. Бұл жерде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгенжолақты қарашүбар жылан, ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі және т.б. ұшырасады. 
Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы — Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа карай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауының басталар жерінен шығысқа карай солтүстік және оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Боротола өзенінің аңғарларымен шектелген. оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. солтүстік Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналаскан аласа келген Қоңыртау, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың негізгі жотамен қиылыскан жерінде Жетісу ауылының ең биік шыңы — Бесбақан (4464 м) орналасқан. солтүстік Жетісу Алатауы жер бедерінің ерекшелігі — тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Тау беткейлері бірінен-бірі жоғары орналасқан үш деңтейлі (1500-1900 м, 20003400 м, 3500-4300 м) баспалдақ құрайды. Төменгі сатыдағы таулар (Дауылбай, Алатай, Кеттібай, Бөрілі, т.б.) экзогендік проңестер әсерінен көп мүжілген қалдық таулар. Олар өзара кең өзен аңғарларымен бөлінген. Мұнан жоғары екінші деңтейде Қайранкөл, Желдіқарағай, Бұлантау, Жабықтау, Күнгейжота, т.б. жатыр. Ал жоғары баспалдаққа Тастау, Басқантау, Сарқантау, Көкжотатау, т.б. жатады. Соңты екі баспалдак таулар бедерінің қалынтасуьщда эрозиялық әрекеттердің басымдыг байқалады. Сондықтан, өзе аңтарлары тар, кей жерлері шат қалды келген. Жетісу ауылының баспал дақты құрылымы тау төбесіні ұзақ уақыт бойы мүжіліп тегістеліп тауүсті жазықтарын айналуы нәтижесінде пайд болған. Оңтүстік Жетісу Алатауы Тоқсанба Бежінтау, Тышқантау, Мұзта жоталарынан тұрады. Қоты қайың жотасы негізгі жотань батыс жалғасы болын есептеле Оның оңтүстігінде Алтынемел және Қоянтау жоталары жаты Қатынтау мен Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі. Жетісу ауылы жер бедері күрделі. Оның кол жазыққа айналған тау ете аридтік климаттық жағдай қалыптасқан адырлы-төбе пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кеш айкындала түседі. Беткей шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. Ал 3500 м-ден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120,3 км3, ірілері: Берг мұздығы (ұзындығы 8 км), Жамбыл мұздығы (5,5 км). Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, оқтас, мөрмөр жыныстарынан құралған. Таудың биік көтеріңкі жерлеріңде палеозой граниттері кездеседі. Орта палеозойда пайда болған теңіз шөгінділері, таскөмір мен пермеде түзілген жанартаулық эффузивтер бар. Тау етегінде тауаралық жазықтарда кайнозой шөгінділері кең тараған. Олар палеоген мен неогеннің құмтасынан, саздақтарынан және қойтас, малтастардан түзілген. Төменгі палеозой шөгінділерінде полиметалл (Текелі, Көксу кеніштері), жанартаулық эффузивтерінде мыс және сирек металдар бар. Жетісу Алатауының тектоникалық құрылымы да күрделі. Қатпарлы тау болып герцин орогенезінде көтерілген, мезозой мен кайнозойда әсіресе, палеогенде Бұл өңір тегістеліп, гогатформалық жазыққа айналған. Альпілік тау құрылуында Жетісу Алатауының өзегі қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы блоктарға бөлшектеніп, опырықты (грабен) және горстық құрылымдар пайда болып, жаңғырған биік тау жоталары түзіледі. Мұнда неотектоникалық процестер өлі жалғасуда, 4-5 баллдық жер сілкінулері жиі болып тұрады. Тектоникалық жарықшақтар бойымен терең жер асты қойнауынан емдік қасиеттері бар ыстық бұлақтар — арасан сулары (Қорғас, Жаркент Арасан, Қапал, Керімағаш, т.б.) шығады.
Тау етегіндегі қуаң континенттік климат (мұнда қаңтар айының орташа жұмсақсы 1214°С) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай климатпен алмасады. Биік тау жоталарыңда климат едәуір қатаң (қаңтардағы орташа жұмсақ —19°С). Жауыншашынның жылдық түсімі де тау етегінен (400 мм) жоғары карай артады (800 мм). Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ (1000 мм шамасында). Мұндағы Ебі мен Сайқын желдері 60-70м/с жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, өте қолайсыз ауа райын туғызады. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Өзендерінің жоғарғы және орта ағысы қатты. ірі өзендері солтүстік-батысы мен солтүстігінде (Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, т.б.). Оңтүстігінде өзен атырабы сирек. Мұндағы басты өзен - Үсек (Өсек). 500-600 мден 1200-1400 м-ге дейінгі тау іші жазықтарында шөлейт белдем қалыптасқан. Одан жоғары, 2000 м-ге дейін құрғақ далалық, әр түрлі шөптер және дэнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. солтүстік Жетісу ауылының орта биіктік белдеуі (2400 м-ге дейін) шалғынды орман, оңтүстік Ж. ауылы ның орта биіктік белдеуі далалық ландшафтпен сипатталады. Орманда Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі. Мұнан жоғары (3200-3500 м) биік таулы белдеу орналасқан. солтүстік биік таулы белдеуі шалғынды-субальпілік ландшафтармен сипатталады. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.
Тянь-Шань (қыт. тянь – аспан, шань – тау), Тәңіртау – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Қлеаңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері –Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады.
Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен,Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік:Теріскей Алатауы (5218 м), Қле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тянь-Шаньға Ферғана, Талас Алатауы мен одан таралатын өгем, Піскем, Шатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тянь-Шань жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тянь-Шаньды бір-бірінен бөледі. Орталық (Ішкі) Тянь-Шаньға солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыста Көкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі – 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тянь-Шань Алай, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тянь-Шань ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытаужоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тянь-Шань етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Тұрфан ойысы орналасқан. Тянь-Шань Орал-Моңғолгеосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужаралымда қатпарланған.
Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тянь-Шань тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозойшөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділерінемұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.
Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 25С, орта өңірде 15 – 17С, биік тау басында 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 4С (оңтүстікте), –6 – 8С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км², мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км², ұзындығы 60 км-дей).
Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-ШаньдағыЕренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.
Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлеріндесексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тянь-Шань сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.
Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауының ұлттық паркі кұрылды


Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясының физ – географиялық аудандастыру

  2. Қазақстан территориясын физикалық – географиялық аудандастыруға үлес қосұан ғалымдар

  3. Физикалық – географиялық аудандастыру заңдылығы

  4. Аудандар ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет